Файл: Пн батп таырыбы Логарифмні салалы олданысы Орындаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 112
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма қойған мақсатым:
заман талабына сай білімді , білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Ал міндеттерім:
- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.[2]
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2- 3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Әрбір оқушы деңгейлеп оқыту технологиясының мақсатында өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу пәнге қызығушылығын арттыру. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бұл негізінен адамдардың білім көкжиегін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерін басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, сұрыптау болып отыр. XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар – ертеңгі күні оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Кез келген жаңа ақпараттық технологияның мақсаты – әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.
Мектептің оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты – мұғалімнің инновацияға қатынасын және жаңа пікірлерді сауалнамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Мұнымен қатар жаңаруға көзқарас мұғалімінің жеке бас ерекшеліктеріне де байланысты болады, әсіресе жеке тұлғаның жүйке жүйесі жұмысының: үрейлену, белсенділік, білімдарлығы, өзін-өзі баға беру дәрежесі және т.б. түрлеріне тікелей байланысты. Сондықтан жаңалық енгізуде жариялылық пен нұсқау беру басты орын алады. Әрбір мұғалім бұл үрдісте өз орнын білуі керек. Егер мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін-өзі басқару, жаңа іске бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады.
Еліміздің саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді ақпараттандыру. Бүгінгі таңдағы біртұтас ақпараттық ортаны құру. Бүгінгі таңда білім саласында ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық кеңістікпен сабақтастыру болып отыр. Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелердің бірі - оқыту үрдісінде де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімділік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып отыр. Білім беруде мұғалім құзырлығы ақпараттық-технология құралдарын игерумен тығыз байланысты. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану кезінде әр ұстаз шебер әрі мазмұнды яғни нәтижеге қол жеткізетіндей қолдана білуі керек. Білім беруге жаңа ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге бүгінгі таңдағы адамзаттық ақпаратттық жетістіктерінің алуан түрінде жол таба алатын, өз бетінше ойлай білетін жаңа адамды қалыптастыруға септігін тигізеді.
Компьютерлік технологияны қолдану- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастырудың бір жолы. Бұл технология мұғалімнің өздігінен үздіксіз жетілуді, оқытудың заманауи құралдарын қолдануда педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды талап етеді.
Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды. Сондықтанда сынып оқушыларымен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді. Электрондық оқулықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту. Электронды оқулықтар уақытты ұтымды пайдаланып, үнемдейді. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негіздеген жүйе болып табылады. Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке шығармашылықпен жұмыс істегенімен пара-пар. Ал, электрондық оқулықтар білім беру үдерісін ақпараттандыру құралының бірі деп айтуға болады. Бұл жерде тек оқушы үшін ғана емес, ұстаз қауымы үшін де әдістемелік құрал болып табылады. Компьютерлерге арнайы орналастырылып оқу үрдісінде автоматтандырылған жүйе болып отыр. Бүгінгі таңда бірнеше пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен қолданысқа ие. Электронды оқулықтың тиімділігі суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік жүйесімен баурап алады. Осындай оқулықтар барлық пәндерден түбегейлі қолданылса нұр үстіне нұр болары хақ. Бүгінгі таңда ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің мәніне айналды. Электронды оқулықтардың бірден бір тиімділігі:
-Материалдардың алуан түрлілігі:
-Аудиомәтіндер, суреттер, сызбалар, жұмбақ-сызбалар, бейнематериалдар, презентациялар т.б.
-Тапсырманың бірізділікпен берілуі;
-Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі;
-Ақпаратты сұрыптай алуы;
-Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы;
- Белгілі бір өсу сатысына көтерілуі ;
- Ойының ұшқырлығы;
-Ғылыми жобалар ұсынуы.
Электронды оқулықтағы сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, шығармашылыққа жетелейді, өз бетінше ізденіп, көш озық болуына итермелейтіні анық.
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.
Ақпараттың қажетін сезіну, тиімді қолдану ең бастысы шығармашылыққа жетелеуде электронды оқулықтардың орны ерекше. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр оқушының дұрыс ой түюіне, өнегеге жол сілтеуі, ғылым жетістіктерін терең меңгертіп оқыту, білімге деген мәңгілік құштарлық та ұстаз парыздылығының кемел көрінісі болмақ. Мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты электронды оқулықтар үнемі жаңадан жаңа дүние жасауға мүмкіндік береді. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында бірқатар жұмыстар өз нәтижесін береріне сенімім мол.