Файл: Пн батп таырыбы Логарифмні салалы олданысы Орындаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 110
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
-
70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең) -
Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50) -
Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13) -
86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98) -
Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2) -
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) -
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады) -
Адамның он саусағында неше саусақ бар?50 -
Бір бірімен жарысқан,
Төрт аю бір арыстан.
Екі қоймен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді. 8
-
3 мен 4 арасында қандай таңба қойғанда 3-тен артық,4 тен кем сан шығады. Үтір.
3 сайыс «Қызықты есептер»
Қосудың мысалында әртүрлі фигуралар түрлі цифрлар алмастырады.Квадрат қай цифрді алмастырады. 6+6+99=111
4-сайыс Сандық ребустар барлық топқа № 3 ребус 5-сайыс «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.
Бір-бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
Үтір айырып тұрады, Осы санның кім біледі Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)
Екі шеткі нүкте көрігі Ұзындығы және бар Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
Керек ол бізге ауадай Айтыңдаршы бұл қандай сан Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)
Құралған фигура бар қарапайым. Салу үшін сен оны сызғыш ізде, Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)
Көңілге армандаған қана бермейді. Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін, Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)
Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек) Осыменен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренерміз аман болсақ! 6 -сайыс «Адасқан әріптер» Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.
Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз) 7сайыс Сәйкесін тап.
Тренинг Қорытынды рефлексия Әділқазылар алқасы бағалайды. Қорытынды. Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде математикалық сауаттылыққа қатысты белгілі қайшылықтан туындаған проблемалық сұрақзерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға ықпал еткен еді. Қайшылықтың мәні: -Математика пәнінен оқушылардың білім сапасы төмен болғаны; -Математика пәнінің өмірдегі маңыздылығы, қажеттілігі; -PISA, TIMSS халықаралық зерттеулердің нәтижелерінің төмендігі Техникалық мамандықтар қажет болғандықтан жаратылыстану -математикалық бағытқа көңіл бөлінеді; Сонымен ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде төмендегідей ұсыныстар туындады: Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануымыз қажет.Оларды дұрыс таңдап, жүйелі түрде қолану керек. Әдіс-тәсілдердің тиімділігінің арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім деңгейлері жоғарылайды.оқушылар олимпиадаларда жүлделі орындарға ие бола алады. Оқушылардың математикалық сауаттылығы PISA шеңберіндегі тестілеу деңгейлеріне жетеді. XXI ғасырдың көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде математиканы оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. — Москва: Просвещение, 1985. — 208 с. 2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. — М: Педаг. Общество, 1998. — 640 с. 3. М.Жұмабаев. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б. 4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, — Алматы, 1996. 5. Оконь В. Введение в общую дидактику. — Москва: Высшая наука, 1990. 6. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж. 7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік құрал – 2000ж 8. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж. 9. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4 10. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж 11. Интернет жүйесі |