Файл: Пн батп таырыбы Логарифмні салалы олданысы Орындаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 111
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.5.Математика есептерін шығаруды үйретудің жалпы әдістері.
1.Синтетикалық әдіс. Берілген есепті шығарудың қажетті шарттарының бірі — сол есепке келтірілетін көмекші есептерді шығара білу. Мұндай көмекші есептерді шығару іскерліктері қалыптасқан жағдайда, бар мәселе негізгі есептің шарттарын қанағаттандыратын касиеттердің жынтығын табуга тірслсді.
Есеп шығарғанда көбінесе синтетикалық әдіс жетекші орын алады.
Синтетикалық әдістің мәні мынадай: негізгі есепттің кейбір мәліметтерін пайдаланып көмекші шамаларды анықтайды, яғни көмекші қарапайым есептердің бірінші сериясын шығарады. Одан соң осы есептің шешуін, негізгі есептсрдің мәліметтерімен қоса пайдалана отырып, көмекші есептердің екінші сериясын шығарады. Сөйтіп, негізгі есептегі ізделетін шаманы тапқанша, осы процесті жалғастыра береді.
2.Аналитикалық әдіс. Есепті аналиіика.лық әдіспен шығару. «Есепте қойылған мәселеге жауап беру үшін нені білу керек?» деген сұрақтан басталады. Бұл сұрақка толық жауап беру үшін есептің мәліметтерін айқындап, оның ізделетін шамамен байланысын анықтау керек.
3. Салу есептеріндегі аналитикалық әдіс. Геометриялық салу
есептерін шығару барысында аналнтикалық әдістің ролі арта
түседі. Тек қарапайым салу есептерін алдын ала талдаусыз шығаруға болады. Ал күрделі салу есептерш шығарғанда талдау арқылы салудың жоспары жасалып. жолы көрсетіледі.
4. Алгебралық талдау. Алгебралық талдау деп алгебралық әдіс-
тәсілдердің жиынтығын түсінеді. Ал есеп шығарғанда есеп
мәліметтері (берілген шамалар) мен ізделетін (белгісіз) шамалардың арасында байланыс орнатылады. Бұл үшін ізделетін шаманы (белгілеп, берілген мәліметтерді пайдалана отырып, оларға кажетті амалдарды қолданылады. Сөйтіп, аралық шамаларды өрнектейді. Мұның өзі теңдеулерді немесе теңдеулер жүйесін құруға әкеледі.
5. Есеп шығарудың арнаулы әдістері. Біз бұған дейін есеп
шығарудың неғұрлым жалпы әдістерін қарастырдық. Бұл әдістермен катар, есеп шығарғанла арнаулы әлістеп жиі қолданылады. Олар: сарқа сынау, жинақтау, модельдеу және ізделетін шаманың жуық мәндерін табу әдісі.
ІІ тарау. Математика мұғалімдерінің пәнін оқытудағы әрекетіне талдау
Мұғалімдердің математика сабағынада қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында сұрақтан тұратын сауалнама өткіздік.
Кестеде берілген технологиялар мен әдістердің қайсысын тиімді деп ойлайсың?
| тиімді | Тиімсіз | қолданбаймын |
Дамыта оқыту | 12 | — | |
Деңгейлеп саралап оқыту(Ж.Қараев) | 8 | 2 | 2 |
АКТ | 9 | — | 3 |
Репродуктивтік әдіс | 9 | 3 | — |
Эвристикалық әдіс | 10 | — | 2 |
Сыни тұрғыдан ойлау | 12 | — | — |
Көрнекілік әдісі | 12 | | |
Тәжірибелік | 8 | | 4 |
Ойын әдісі | 12 | | |
Мәселелік әдісі | 10 | | 2 |
Сауалнама 12 мұғалім арасында өткізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы, көрнекілік әдісі, ойын әдісі, эвристикалық әдіс деген әдістерді 100% тиімді деп есептейді.
«Дамыта оқыту» технологиясын 100 % тиімсіз деп санамайды ,сабақ барысында қолданады, өйткені бастауыш сыныптардың математика оқулықтары дамыта оқыту негізінде құрылған.
Репродуктивтік әдісті 25 % тиімсіз деп санайды.
Мектептің материалды базасына байланысты АКТ-ны 25% қолданбайды.
Сауалнамасының нәтижесі бойынша барлық көрсетілген технологиялар мен әдістердің ішінде ең тиімді –«Дамыта оқыту», эвристикалық әдіс, «Сыни тұрғыдан ойлау», көрнекілік әдісі, ойын әдісі және мәселелік әдісі болып шықты .
Қорыта келгенде, атаған технологиялар мен әдістер қазіргі кезде ең актуалды , тиімді деп айтуға болады. Бірақ мұғалімдер бұл технологиялар мен әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолданбайды, тек қана элементтерін немесе оларды сирек қолданады
Әріптестеріміздің тәжірибесіне келсек. Кенбаева Ақмарал Нұржанқызы 8 сыныпта сабақ береді. Ол математика сабағында АКТ-ны, «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін, көрнекілік , ойын әдістерін үнемі қолданып жүр. 3 жылда оның оқушыларының математика пәнінен деген үлгерімінің сапасы 68%.
Ал Жумабике Исмағылқызы 7 сыныпта математика сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды кеңінен қолданады. Сонда оның сыныбында үлгермейтін деген оқушы мүлдем жоқ. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес математикалық білімдерін меңгереді. Оқушылардың математика пәнінен деген үлгерімінің сапасы 74%
Слушаш Жексенбайқызы 6 сыныпта математика сабағында ойын әдісін, көрнекілік әдісін және «Сын тұрғыдан ойлау» технологиясының әдістерін қолданады. 5 сыныпта үлгерімінің сапасы 72%. Жазира –«Дамыта оқыту»технологиясын, эвристикалық әдістерді қолданып, оқушылардың білім сапасын 80 % жеткізді.
2.1. Математика сабағында оқушыларды ынталандыру әдісінен тәжірибелік – эксперименттік жұмыс нәтижесі
Тақырыбы: «Зерделі маттематиктер»
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар, шарлар, ойынға қажет әртүрлі заттар.
Ойынның барысы:
-
Топтардың сәлемдесуі. -
Кім тапқыр логикалық есептер -
«Қызықты есептер» олимпиада есептері -
Сандық ребустар -
«Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу -
Адасқан әріптер -
Сәйкесін тап! -
Қорытынды
Жас болсақ та қиындықтан қашпаймыз,
Сұрақтарды бірден шешіп тоқтаймыз.
Деп отырған болсаңыздар ендеше,
Сайысымызды бастаймыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қызықты есептер» деп аталатын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.
-
____________________ -
____________________ -
____________________
Әділқазы ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл.
-
1-сайыс Топтардың сәлемдесуі. Сөзжұмбақ арқылы топтың атын анықтайды.
-
Шеңбер
ш | е | ң | б | е | р |
1,1 | 2,05 | 11 | 5,9а | 3,7434 | 2,79 |
| | | | | |
-
Дәреже
Д | ә | р | е | ж | е |
1,1 | 2,05 | 11 | 5,9а | 3,7434 | 2,79 |
| | | | | |
-
Бөлшек
Б
ө
л
ш
е
к
1,1
2,05
11
5,9а
3,7434
2,79
-
Теңдеу
т | е | ң | д | е | у |
1,1 | 2,05 | 11 | 5,9а | 3,7434 | 2,79 |
| | | | | |
2 - сайыс «Кім тапқыр» дұрыс жауапқа 5 ұпай.
-
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық) -
Түйе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі.
Төрт өозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. 15
-
Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы) -
Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек) -
Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ) -
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек) -
Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6) -
Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5) -
Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг) -
Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,