Файл: Кні 15. 11 Сыныбы 6 Пн малімі Шукиртаева Динара.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ:

Күні: 15.11

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Шукиртаева Динара

Тарау


Абайды оқы,таңырқа!

Тақырыбы:


«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. «Бес асыл іс»шыңы

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу

мақсаты


6.2.1.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақ мақсаттары


Барлығы: көркем мәтіннің тақырыбын,идеясын біледі.

Басым бөлігі: өлеңге теориялық талдау жасайды.

Кейбірі: өлеңнің идеясы негізінде өз пікірлерін білдіріп,көзқарастарын қорғайды.

Тілдік мақсат


Өлеңнің мазмұны мен идеясына талдау жасайды.

Оқу процесіндегі

әдіс-тәсілдер:


«Миға шабуыл» әдісі

«Қарама-қайшы элементтері» әдісі

«Ыстық микрафон» әдісі

«ПОПС» формуласы

Алдыңғы оқу


«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Ресурстар


АКТ,оқулық,слайд.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазу )


Басталуы


Оқушылармен сәлемдесу.
Білім.
«Миға шабуыл»әдісіарқылы сұрақтарға жауап береді:

  • Ұлы ақынның туғанына биыл неше жыл болды?

  • *Абай күнін енді қай күні атап өтеміз?

  • *Абай ескерткіші Алматы қаласында қай жылы қойылды және ескерткіштің авторы кім?

  • *Ғылым деген не?

  • *Абай өзі ғалым болмаса да неге ғылым-білім үйренуге шақырды?

  • *Неліктен ақынғылыммен айналысқан жан адам деген атқа лайық деп есептеді?



Дескриптор:

*сұрақтарды түсінеді;

*Толық әрі нақты жауап береді;

ҚБ

«Мадақтау»әдісі:оқушылардың жауабын қорытып, бағалаймын.



Ортасы

Талдау.

1-тапсырма:
«Қарама-қайшы элементтер» әдісі: бес асыл іс пен бесдұшпанды кестеге толтырады.



Бес асыл іс

Бес дұшпан
































Дескриптор:

  • Өлеңді түсініп оқиды.

  • Мазмұнын меңгерді.

  • -Кестеніретіне сай толтырады.


2-тапсырма:
«Ыстық микрафон»әдісі арқылы ой бөлісу:
Шеңбер бойымен отырып,«өсек,өтірік,мақтаншақ,

еріншіктік,бекер мал шашпақтық»туралы мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Адамдар неге өсек айтады?

-Өтірік айтқан адамды кездестірдің бе?

-Мақтаншақ адам қандай болады?

-Еріншек адамға не әпереді?

-Ата-анасының ақшасын босқа шашу бала үшін дұрыс нәрсе ме?


Дескриптор:


  • Өлең мазмұнын түсінеді;

  • Өлеңнің басты идеясына сүйене отырып, көзқарастарын білдіреді.

ҚБ

«Қайсысы дұрыс...»әдісі арқылы мұғалім өз тарапынан бағалайды.
3-тапсырма: «Сұрақтар- жауап» әдісі:





Сұрақ

Жауап

1

Неге ғылым таппай мақтанба дейді?




2

Бес дұшпаннан неге қашық болу керек?




3

Өзің өмірде бір асыл іс істедің бе?




4

Мейірімділік пен қатыгездік туралы не айтасың?














Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап бере алады?

  • Кестені толтыра алады.

Аяқталуы



«ПОПС»формуласы

1Өлеңнен алған әсеріңді төмендегі үлгі бойынша тұжырымдап кері байланыс жасайық:

1.Менің ойымша........................................................

2.Мен оны былайша дәлелдеймін..................................

3.Мынадай мысалдар келтіремін..........................................

4.Қорытынды ойым.......................................................................
Дискриптор:

*Өлеңнің тақырыбын анықтайды.

*Идеясын ашады.

*Бүгінгі күндегі ғаламдық проблемалармен сабақтастырады.

Үйге тапсырма: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

Қосымша ақпарат

Нәфрәтлі –жиіркенішті деген сөз.

Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі деген сөз.

Рақым –қайрымды, мейрімді,ізгі ниетті.



Қорытынды бағамдау


Сәтті жақтары


Сәтсіз жақтары