ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Агротехнологиялық» институты

«Тамақ өнімдерін қайта өңдеу өндірістерінің

технологиялары» жоғары мектебі

БИЗНЕС-ЖОСПАР

6В07203 - «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы

Тақырыбы: «Сиыр сүтінен жасалған ірімшік»

Орындаған: ПБ-41 топ студенті:

Халиярова Г.Е

Тексерген: доцент м.а., PhD

доктор Жұмаева А.Қ

Орал 2023

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Жобаның тұжырымдамасы (резюме).................................................................4

2. Өнімнің сипаттамасы...........................................................................................6

3. Нарықтағы және негізгі бәсекелестікті талдау..................................................7

4. Маркетингтік жоспар..........................................................................................8

5. SWOT талдау.......................................................................................................9

6. Технологиялық жоспар.....................................................................................10

7. Қаржылық жоспар.............................................................................................13

8. Қорытынды........................................................................................................15

9. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................16

Кіріспе

  1. Жобаның тұжырымдамасы

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде өнімдердің үлкен ассортименті бар, бірақ әр өнім табиғи емес. Тауарлардың өте үлкен пайызында бояғыштар, қоспалар және канцерогендер бар. Сондықтан соңғы уақытта халықтың бір бөлігі не жейтінін бақылап, сапалы және табиғи өнімдерді таңдайды. Осы себепті бүгінде табиғи өнім өндіретін бизнес өте өзекті болып табылады. Олардың бірі-ірімшік өндірісі. Бұл жобаның тұжырымдамасы ауылдық округтен шағын үй жағдайында ірімшік жасауды ұйымдастыру болып табылады. Үй жағдайында жасаудың басымдығы, өнімге тек қана таза сүтті және табиғи шикізатты пайдалану, жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспаларды пайдаланбау болып табылады, ол өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.

Ірімшік жасауды үй жағдайында жасау жоспар бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәнібек ауданында орналасатын болады.

Жалпы алаңы 40 шаршы метр орын-жайда орналасатын болады.Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере отырып қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.


Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты инвестициялық шығындар тізбесіне тиісті жабдықтарды қосу жолымен шығарылатын өнімнің түр-түрін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету ұсынылады.

Жобаның мақсаты – Жәнібек ауданынан шағын үй жағдайындағы ірімшік өндіретін цехты жоспарлау;

Жобаның міндеттері:

1. Шығарылатын өнім туралы толық зерттеу;

2. Жобаны қаржыландыру;

3. Цехтың орналасу орнын таңдау, керек құрал-жабдықтар тізімін жасау;

4. Жобаны қамтитын барлық шығындар мен кірістерді айқындау;

5. Өндірістік, технологиялық, маркетингтік және т.б жоспарлар құру;

Кесте-1. Жобаның түйіндемесі

Аты-жөні



Халиярова Гүлназ Ербулатқызы

Азаматтығы


Қазақстан Республикасы

Мекенжайы


БҚО, Орал қаласы, Жәнібек ауданы, Байтұрсынов 61

жеке куәліктің №


ххххххххх

Туған күні және туған жері



20.11.2002

ЖСН


ххххххххх

Мамандығы


Тағам қауіпсіздігі

Мүгедектіктің болуы


жоқ

Байланыс деректері




+7 705 592 4493


Қарыздың нысаналы мақсаты:


Халыққа сапалы өнім ұсыну мақсатында

Валюта:


теңге

Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:


5 000 000


Оның ішінде қарыз/гранттық қаражат, мың теңге:


-


Оның ішінде меншікті қаражат, мың теңге:


-


Адрес: БҚО, Орал қаласы, Жәнібек ауданы, Байтұрсынов 61.

Кесте-2. Жобаның құны


Атауы__Сомасы,_теңге__кредиттік/гранттық_қаражат'>Атауы

Сомасы, теңге

кредиттік/гранттық қаражат

Меншікті қаражат

Сомасы, теңге

%

Сомасы, теңге

%

Күрделі қаржы шығыны

650 000

5 000 000




-

Шикізатты сатып алу мен айналым қаржысы

1 000 000

5 000 000




-

Негізгі құралдарды сатып алу

1 851 000

5 000 000




-

Барлығы

3 501 000

5 000 000









Кесте-3. Қарыз алудың мақсатын толтырыңыз


Атауы

Құны/тг

Жабдық







Пастеризатор - 740 000




Сеператор - 51 000




Сүзбе жасауға арналған ванна – 780 000




Тележка – 280 000




Жиһаз-150 000




Қосымша- 500 000

Керекті шикізатты алу

1 000 000

Қорытынды:

3 501 000


2. Өнімнің сипаттамасы
Біздің республикамызда 130 - дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді, көптеген жылдар бойы өзінің өмір сүру моделі қалыптасты, Қазақстан жүріп өткен жолдың бір бөлігі – бұл өмір сүрудің барлық салаларына-тілге, өмір салтына, мәдениетке, өнерге, оның ішінде аспаздық салаға енетін, оны мекендейтін халықтардың мәдени және этникалық өзара іс-қимылының бірегей тарихы.

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдарымен қатар, сүт өнімдері де ерекше орын алады. Сүт өнімдері адам денсаулығы үшін құнарлы, табиғи өнімдердің бірі болып саналады. Соның ішінде, ірімшік күнделікті рационда әр адамда тәбет түрінде де, тағамға қосымша ретінде де бар.

Сүт өндірісімен айналысатын мамандардың айтуы бойынша, ірімшік өндірісі Қазақстанда тек 5 % ды ғана құрайды, қалғаны импорт болып табылады. Бұл дегеніміз ірімшік өндірісі біздің елімізде әлі даму үстінде. Соған байланысты бұл істі әрі қарай жылжыту ерекше дамуға әкеледі деп айтуға болады.

Арнайы сүзбеден жасалған ірімшікті тұтыну асқазан ішек жолының жұмыс жасауына және сүйектердің нығаюына жақсы көмектеседі. Дәрумендер мен минералдарға бай ірімшікті күнделікті 30 гр жеу адамға пайдалы болып келеді.

Қазіргі уақытта ірімшікті тек үйде ғана емес, мейрамхана кафелерден ірімшік тәрелкесі деп аталатын түрде де тұтынып жатқанын көреміз. Сүзбеден жасалған бұл ірімшік түрін мейрамханаларға ұсыну таптырмас өнім болып саналады. Жәнібек ауданында халықтың бірқалыпты күнде өсуіне байланысты, үй жағдайында жасалған ірімшік өнімін дүкен, балабақша, мейрамханаларға ұсына аламыз.


3. Нарықтағы және негізгі бәсекелестікті талдау

Нарық пен бәсекелестікті талдау

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Жәнібек ауданы бойынша ірімшікті үй жағдайында жасап сатуға жіберетін кішігірім цех жоқ. Бар болған жағдайда үйден тек ірімшіктің стандартты түрін жасап, 1-2 данасын ғана тұтынушыға сатады. Есесіне халықтың табиғи өнімнен жасалған ірімшік өніміне сұранысы көп болып табылады. Ал, оларға арналған шикізат ауыл маңындағы шаруашылықтан алынатын болады. Аудан ішінен ірімшік зауытын орналастырудың үлкен артықшылығы-жақын жерде сапалы шикізат (сүт) сатып алуға болатын сүт фермалары болуы мүмкін, ал ол балғын болады және оны жеткізуге қосымша шығындар қажет болмайды.

Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ)

Ірімшік өнімдерін сату – бір алып қарағанда тиімді бизнес болып табылады. Өйткені, тағам өнімдері ішіндегі көп тұтынылатын өнімдердің бірі болып осы ірімшік өнімі болып табылады.

Кішігірім ірімшік жасайтын өндірістер үлкен зауыттармен бәсекеге түсе алмайды, бірақ стандартты, құрамы таза түрлерін жасау арқылы жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді

(кесте 5).
Кесте-4. БСҰ кестесі


Тауардың немесе қызметтің атауы

+ бәсекелесіңізден сіздің артықшылығыңыз қандай?

+ Неге?

Ірімшік өнімі

1. Ең жоғарғы сапалы өнімдер шығарылады

2. Балғын күйде болады

3. Сапалы технологиялар қолданылады

Тұтынушыларға өнім өте қолайлы әрі тиімді бағада ұсынылатын болады.


4. Маркетингтік жоспар

Жобаланған шағын ірімшік цехының басты мақсаты – ірімшік өнімдерін шығара отырып, нарыққа енгізу және одан әрі кеңейту болып табылады.

Ірімшік жасаудың басты стратегиясы жоғары сапалы және тиімді бағалы өнімдер ұсынудың, сондай-ақ өнім түрлерін кеңейтудің кешенді стратегиясы болуы керек (кесте 6).

Кесте-5. Маркетинг (4P)


Product (өнім)

Дұрыс таңдалған және сапалы ірімшік өнімдері. Сапасы үшін жауап беріледі. Өнім сапалы болуы үшін, өзіндік ерекше иісі мен дәмін жоғалтпас үшін құрал-жабдықтарын жыл сайын тексерістен өткізіп, дұрыс әрі сапалы шикізаттар таңдалынып отырады.

Price (баға)

Баға принцип бойынша құрылады. Өнімге қойылатын баға барлық шығындарды жабу керек. Маркетингтің мақсаттары мен стратегиясына сүйене отырып, сондай-ақ сұраныстың икемділігін ескере отырып, бағаны белгілеу күтілетін сұраныс пен бәсекелестердің мінез-құлқын ескере отырып, "шығындар + пайда" әдісімен жүзеге асырылады. Осыған сәйкес ірімшік өнімдеріне қоятын бағамыз 3500 тг аралығында болады. Бұл кг бойынша есептелгендегі бағасы.

Place (тарату)

Үй жағдайында дайындалып шығатын ірімшік өнімдерін дүкендер, кафелер мен мейрамханаларға, мектептер мен балабақшаларғы таратамыз.

Қалай таратуды жоспарлап отырсыз?

Сатудың басында өнімге, мысалы, 15% жеңілдік жасаймыз, сонымен қатар сатып алуға қосымша сыйлық ұсынамыз. Егер жеке тұлғалардың жеке іске асырылуы болмаса, онда мұндай идеяны дүкендерге ұсынуға болады. Сонымен, сатып алушылар өнімнің жаңа түріне қызығушылық танытады.

Promotion

(алға жылжыту)

Өнімді тұтынушыларға реклама жасау. Интернет программалары арқылы реклама жасаймыз: «Инстаграм , Whats’aap желілерімен жаңа піскен нан өнімдерінің шыққандығын тұтынушыларға хабардар етіп отырамыз. Жұма күндері тегін бауырсақ таратылады. Ал инстаграммдағы парақша арқылы нан өнімдерінің ассортиментін көріп отырасыздар.


5. SWOT талдау

Кесте-6. SWOT талдау


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

-Жоғары білікті мамандар тобы;

-Пікірлер мен ұсыныстар кітабы арқылы клиенттердің келесі байланысын үнемі бақылау, кемшіліктерді жедел жою;

-Айтарлықтай бәсекелестіктің болмауы;

-Сапалы қызмет көрсету;

-Шағын инвестициялар

-Табиғи өнімдер

-Өнімнің бағасы орташа бағадан жоғары;

-Сапалы шикізат (сүт)өндірудің өзіндік базасы жоқ

-Бастапқы уақытта клиенттердің тұрақсыздығы.

МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІПТЕР

-Өңірден тыс өткізуді ұйымдастыру;

-Интернет-дүкенді ұйымдастыру

-Өнім ассортиментін ұлғайту

-Ірі сауда желілерімен шарттар жасасу


-Жұмысшылардың жетіспеушілігі

-Жоғары сапалы шикізаттың (сүттің)болмауы

-Шикізат бағасының өсуі

Кімге сатуды жоспарлап отырсыз?

Негізгі сатып алушылар болады:

• Мектептер;

• Балабақшалар;

• Дүкендер;

• Кафелер және мейрамханалар.

6. Технологиялық жоспар

Ғимараттар мен құрылыстар
Ірімшік өнімдерін өндіру кезінде бизнес жүргізу үшін қолайлы бөлме табу керек. Мұндай бөлмеге бірқатар талаптар қойылады.

Өнім дайындау үшін бөлменің ауданы: 25-30 ш.м.

Болжалды наубайхананы тұрғын емес үй-жайға орналастыру жоспарлануда. Өндірістік үдерістің ерекшеліктеріне байланысты үй-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады.

Ірімшік цехының орналасуы технологиялық процестің реттілігіне сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімнің қарама-қарсы ағындарының мүмкіндігін болдырмайды.

Өнім шығаратын жерде желдету жүйесі қарастырылған және СЭС талаптарына сәйкес келетін болады.

Үй-жай мен жабдыққа қойылатын техникалық талаптар ҚР Үкіметі қаулысының 3-тармағында 496 нөмірімен жазылған.
Жабдық және инвентарь (техника)
Құрал-жабдық таңдауда шетелдік брендтерді қарастыруды ұсынамыз.
Сүтті, кілегейді, шырынды және басқа да тамақ өнімдерін пастерлеуге/термиялық өңдеуге арналған аппарат. Пастерлеу процесі дегеніміз өнімнің температурасын технологиялық талаптармен анықталған мәнге дейін жеткізу және оны осы температурада біраз уақыт ұстап тұру, сонымен қатар өнімді сақтау температурасына дейін салқындату. (кесте 7).