Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2329

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын. (2-тоқсан, 3-тарау). 47-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 *Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер,

инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Лексикалық минимум

Құжат, баспа, қолжазба, мақтаныш, ұлы, ақын, жазушы

Алдыңғы білім

Ата, бата беріңіз!

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту

ресурстары




Кіріспе

Мұғалім бұл сабақты ойынмен бастауына болады. Ол үшін екі түрлі қоржын немесе екі түрлі кішкене сандықты әкеліп, оның әдемісіне жағымды, өңсіздеуіне жағымсыз қасиетті білдіретін сөздерді бөліп салуды мұғалім оқушыларына тапсырады. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушыларын жаңа тақырыпты оңай қабылдауға дайындайды. Берілген сөздер қатарында оқушылардың бұрыннан білетін сөздері мен осы тақырып аясында қамтылатын сөздер таңдалып алынуы тиіс.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық




Жоғарыда ұсынылған тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын Абай атаның суретіне аударады. Ол туралы мәлімет беруге тұрарлық бірнеше суретті алуға болады. Бұл суреттер оқушылардың барлығына бірдей көрінетін, тақтаның жаңа ақпаратты қамту бөлігіне орнатылуы тиіс. Оқушылар сурет мазмұнына орай өз түйгендері бойынша және мұғалімнің жетелеуімен Абай атаны жағымды сөздерімен сипаттайтын болады.

5 мин










Алғашқы тапсырмаға ұластырыла жаңа сөздермен таныстыру жұмысын мұғалім жүргізетін болады.

(Ұ) (Ө) Жаңа сөздерге: Құжат, баспа, қолжазба, мақтаныш, ұлы, ақын, жазушы сөздері ұсынылған. Жаңа сөзді таныстыру үшін мұғалім 6 қадамдық жұмыс жүргізеді.

  1. Мұғалім атаған сөздің мағынасын сыныптан сұрайды (болса, суретін көрсетеді). Оқушылар арасынан білетіндер табылып жатса, өз нұсқаларын айтады. Ал, егер, еш адам табылмаса, мұғалім аудармасыз сөз мағынасын таныстырады.

  2. Мұғалім сөздің дұрыс айтылуына назар аударып, оның топта, жұпта, жеке қайталанып айтылуын қамтамасыз етеді.

  3. Оқушылар сөзді дұрыс айта алатын дәрежеге жеткен кезде оның жазылу үлгісін тақтаға жазып көрсетеді.

5 мин







Негізгі бөлім

(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы Ұлы Абайды сипаттап айтады. Интербелсенді тақтадан Ұлы Абайдың суретін көрсетеді.

«Ойланайық» рубрикасы бойынша жұмыс жүргізу. Суретке қара. Бұл ата кім?

Ата қандай адам деп ойлайсыңдар?

Сипаттаманы үлгі бойынша әр оқушы жалғастырып айтады.



5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық








«Т) «Оқиық» рубрикасы

«Бiрiн-бiрi oқыту» cтрaтегияcы бoйыншa мәтiндi iштей oқиды. Берілген мәтінді оқи отыра мұғалім оқушыларға ақынның өмірімен таныстырады. Әр тoп өз тoбындa тaлдaйды.

1-тoп. Мәтiн бoйыншa берілген cұрaқтарға жауап береді. 2-тoп. Мәтiнге клacтер құрacтырып, қoрғaйды.

  1. тoп. Мәтiн бoйыншa cөздiк жұмыc жүргiзедi, мағынасын түсіндіреді. 4-тoп. Мәтiннен ақынның асыл қасиеттерін тaуып oқып, oйын

дәлелдейдi.

Дескриптор:

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді тауып, сөйлеу барысында қолданады.

  • Өз oйлaрын дәлелдейдi.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Т) «Оқиық және жауап берейік» айдарында мұғалім мәтін мазмұнын түсінгенін білу үшін сыныпты бірнеше топқа бөліп, мәтін бойынша бір- біріне сұрақтар қойғызу арқылы тексереді. Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын іздейді. Топтың бір мүшесі сұрақ қояды, келесі топ мәтіннен жауабын тауып айтады немесе оқиды.

а) Оқыған мәтіннен «қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

ә) Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

8 мин

Топпен жұмыс

Оқулық

«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын жетілдіруге арналған. Мұғалім оқушылар назарын Абайдың портретіне аударып, ақын туралы ақпарат береді. «Қазақтың ұлы ақыны» тақырыбындағы көрмемен таныстырады. Содан кейін өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беруі керек. Өлеңді тыңдап болған соң, оқушыларға тобымен бірлесіп оқып, талқылауға тапсырма беріледі. Оқушылар өлеңнен не түсінгендерін айтулары тиіс. Оқыған материалдың мағынасын үлгі бойынша талқылап, түсіндіріп жазады. Мұғалім оқушыларға өлең ішінде берілген сөздердің мағынасын түсінуге

көмектеседі.

5 мин

Жеке ұмыс

Оқулық

Дәптер

«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыcын жетілдіреді. Мұғалім оқушыларға жұбымен орындауға бағытталған тапсырма дайындайды. Оқушылар суретке қарай жұбымен сұхбаттаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманың орындалу ретін түсіндіріледі. Оқушылар оқулықта берілген сұрақты басшылыққа ала отырып, жұптасып диалог құрастырады. Диалог құрастыру барысында жаңа сөздерді міндетті түрде қолдану қажеттілігі ескертіледі.

4 мин

Жеке жұмыс

Кесте

Оқулық




3 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн





бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың

маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз,

мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

  1. Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар,

ғаламтор) қолдана білу

Дескриптор

  • Өлең мәтінін ажыратады. Жанрлық ерекшелігін түсінеді.

  • Сөз мағынасын сөздіктің көмегімен анықтай біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   139




Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (2-тоқсан, 3-бөлім)

48-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп

сөйлеу

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.2.5.1 *Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра

отырып бағалау

Лексикалық минимум

Лексиканы меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

А. Құнанбайұлы ұлы ақын

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Бұл сабақ «Мәдени мұра» бөлімін түгелімен қайталауға арналып беріледі. Оқушылар бұл сабақта бөлімді ауызша қайталайды. Алда ұсынылатын негізгі ойын тапсырмасына дейін мұғалім оқушыларды ширатып, өткен тақырыптарды қайталату жұмыстарын, бір сөзбен айтқанда, алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды.

Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен тақырыпқа сай таныс заттарды немесе олардың суретін алып келеді. Бұл зат атауларын түрлі ойын тәсілдерін қолданып қайталатуына болады. Мысалы, ұлттық қолөнер туындысы болып табылатын кішкене кәдесыйлықтар болса, оқушылардың тақтада 1–10 арасында ұсынылған сандарды таңдап алып, сұраққа жауап беруіне байланысты ұттырып ойнатуға болады. Сыйлықтар арасында кей сандардың сыйлығы ретінде балаларға бата беруге немесе аманат беруге болады. Сұрақтардың ішінде «Тұсау кесу» жырын айтып бер деген сауалдарды да қосқан маңызды болып табылады. Егер мұғалімнің мұндай мүмкіндігі болмаса, кәдесыйлардың орнына ұлттық қолөнер заттарының суреті салынған каточкалар беруіне болады және оның артына оқушыны қанаттандыратын марапат, мақтау сөздер жазылып берілсе немесе арнайы өлең шығарылып жазылса да болады. Мұндай тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын, ықыласын арттырады. Бұл тапсырма барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің айтылым дағдысын дамытады, 4.2.3.1белгілібіртақырыптасұхбаттасубарысындашағынмәліметті(4-5сөйлем)баяндау,керібайланысорнату,сөйлеустилінсақтау,

дауысырғағынкелтіріпсөйлеу) оқу мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Мұғалім-сынып








Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға өте қызықты тапсырма орындайтындарын хабарлайды. Оқулықтың соңғы қайталау бетін ашуларын өтініп, оқушыларға оқулық бетінде жазылған ойын шартын түсіндіреді және өзі ойынды бастап үлгі көрсетеді.

Бұл ойынды топ болып немесе жұп болып ойнауға болады. Оқушылар мұғалім үлестіріп берген сұрағы бар карточкалар топтамасын кезектесіп ашу арқылы сұрақтарға жауап беріп, өзге топтармен жарысады. Сабақта мұғалім шамамен мынадай сұрақтарды карточка түрінде дайындап қояды.

Балалар қайдан келеді?

Кемел кәзекейді кімнен алды? Ата-әже қайда тұрады?

Мал қайда жайылады? Құмыра неден жасалады? Нұрәлі белдікті кімнен алды? Қолға тағатын әшекей зат не? Сандық неден жасалады?

Тұсау кесетін жіп қандай болады? Балалар тағамдарды қайда салады? Әжелер бастарына не киеді?

Атадан балаға қалатын затты не дейді? Текеметті неден жасайды?

Ескі қаланы басқаша қалай атаймыз? Текеметтің қандай пайдасы бар?

Ағаштан тұрмыстық заттарды жасайтын шебер адамды кім деп атайды? Жорықта қандай ұлттық аспап қолданылған?

Айтысатын адамды кім деп атаймыз?

Сәби дүниеге келгенде жасайтын тойды не дейміз? Жеті пернесі бар ұлттық аспап не?

Қолжазба дегеніміз не?

Үлкен аталар айтатын тілекті не дейді? Қандай ұлттық тағамды білесің?

Кішкене кезінде сәби қайда ұйықтайды?

Жүзік, білезік жасайтын адамды кім деп атайды?

30 мин

Жұпта




Қорытынды бөлім

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мұғалім үшін өте маңызды.

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға мұғалім бұталы ағаш суретін

ұсынып, оқушының өз орнын анықтауын сұрауына болады. Осылайша оқушылардың өзін-өзі бағалауы жүзеге асады.

5 мин

Сынып-мұғалім







Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

  2. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын

мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату,

Дескрипторы

  • Өз ойын жеткізе біледі.

  • Айтылым барысында орынды кідіріс жасайды.

  • Жоспар, сызбаларды қолданып