Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2324

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Алматы мен Нұр-Сұлтан. (3-тоқсан, 5-тарау). 73-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум

Алдыңғы сабақты қайталау

Алдыңғы білім

Айналаны салыстыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан Алматыдағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы зәулім ғимараттардың, көрікті жерлердің суретін көрсетеді. (Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ, Метро, «Бәйтерек» монументі, «Думан» ойын-сауық орталығы, Конгресс холл т.б.) Оқушылар қай ғимараттың қай қалада орналасқандығын айтады. Бұл тапсырманы орындау үшін «Адасқан ғимараттар» ойынын ойнайды. Оқушылар ойынның шарты бойынша жылдам екі қалаға тән ғимараттарды орналастыруы керек. Ойынды оқушыларды топқа бөліп жүргізуге болады. Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатысты суреттер





Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада суретпен жұмыс арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйенеді. Тапсырма ауызша орындалады, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

  1. Алматы қаласы қандай аймақта орналасқан?

  2. Алматыда жаз қандай болады? Жаңбыр жиі жауа ма?

  3. Алматының жазы қыдыруға қолайлы ма? Ашық күндер көп пе әлде бұлтты күндер көп пе?

  4. Алматыда қыс қандай болады? Жылы ма әлде салқын ба? Қар қалың жауа ма, әлде жұқа жауа ма?

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жеке жұмыс


Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатысты суреттер

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Алматы туралы мәтінді оқып танысады, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мәтінді толықтырады. Топта оқушылар бір-біріне Алматы туралы айтып береді. Сондай-ақ білім деңгейі жоғары, қазақ тілінде еркін сөйлейтін оқушыларға «Алматы қаласы туралы не білесің?» – деп, тілдесімді өрбітуге болады.

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

5мин

Жеке жұмыс

Оқулық

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар Алматы туралы мәтінді басшылыққа ала отырып, Астана туралы мәтін

құрастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ Астана туралы өз мәтіндерін оқиды. Тапсырма жазбаша орындалады.

Оқушыларға мәтін құрастыру үшін уақыт беріледі және Астана қаласына қатысты тірек сөздерді беруге болады.

Мысалы: ауа райы суық, қар қалың, жел, Есіл өзені, биік ғимараттар, зәулім үйлер, ойын-сауық орталықтары т.б. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

15 мин

Топтық жұмыс

А3 парағы, түрлі түсті маркерлер








Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға оқулықтағы «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындатады. Оқушыларға аталған тапсырманы орындату үшін Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар екі қаланың табиғатын, өзгешеліктерін салыстырады. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмалар бойынша білімдерін тиянақтауға, есте қалған білімді санада бекітуге бағытталады. Сондай-ақ Венн диаграммасын толтыру арқылы оқушылар ортада өзін еркін сезінеді, қызығушылығы артады, жауапкершілікті сезінеді.

Мұғалім оқушыларды түрлі түсті фишкалар тарату арқылы бағалайды.

Жасыл фишка – «өте жақсы» Қызыл фишка «жақсы»

Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»

«Жазайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып, бірнеше сөйлем құрап жазады.

Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде Астана, Нұр-Сұлтан қалалары туралы фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.

Рефлексия: «Білім вагоны»



10 мин





Венн диаграммасы, түрлі түсті маркерлер
Түрлі түсті фишкалар Рефлексия:

«Білім вагоны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Дескрипторы

  • Табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді меңгереді.

  • Екі қаланы салыстырып айта алады және жаза біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (3-тоқсан, 5-тарау). 74-сабақ

Дағды

Айтылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

4.5.1.1 Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану

4.5.2.1 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік/ жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Қайталау

Алдыңғы білім

Алматы мен Нұр-Сұлтан

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін ескертіп айтады. Яғни өтілген тақырыптар бойынша шолу жасалынып, оқушылар ауызша және жазбаша жұмыс жүргізеді. Оқушыларға тыңдалым мәтіні беріледі. Оқушылар мәтінді тыңдап болған соң, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды. Күн райы

болжамы туралы айтылған мәтінді толықтырады. Мұғалім оқушыларға мәтінді мұқият тыңдау керек екенін ескертеді. «Күн райы болжамы туралы тыңдағынымды түсінемін» айдарында тапсырма жеке

орындалады.

Тыңдалым мәтіні:

Мәтінді тыңда. Бос орынға тиісті сөзді қой.

Ертең Семейде күн ашық болады. Сынап бағанасы күндіз +18- ді көрсетеді, түнде сәл суық болады. Ауа температурасы +4-ті көрсетеді, жаңбыр жаумайды.

Өскеменде күн бұлтты, сынап бағанасы +15. Солтүстіктен аздаған жел соғады. Жаңбыр жаумайды. Түнде +13 градус жылы болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Тыңдалым мәтіні

Негізгі бөлім

«Күн райына байланысты сөздерді білемін» тапсырмасын орындауда оқушылар ауа райына қатысты сөздерді қайталайды. Әр топқа термометрдің суреттері таратылады. Сол термометрдің жанына ауа райына қатысты сөздерді жазу арқылы оқушылар өтілген сөздерді қайталайды. Саралау тапсырмасы ретінде оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға сөз тіркестерін, білім деңгейі жоғары оқушыларға сөйлемдер құруға тапсырма беруге болады. Тапсырма топта орындалады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин

Жеке жұмыс


Термометрдің суреті

жапсырылған қағаз, түрлі түсті маркерлер

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар берілген сөздерге қарама-




қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында




қолдану мақсатын жүзеге асырады.




«Күн райын сипаттай аламын» айдары оқушылардың айтылым

10 мин

Жеке жұмыс

Тірек сөздер

дағдысын, есіне сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушылар топта апта




күндерін өзара бөліп алып, сол аптадағы әр күндегі күн райын сипаттап




айтады. Оқушыларға жеңілірек болу үшін мұғалімнің тірек сөздерді




ұсынуына болады. Сондай-ақ оқушыларға шылауларды қайталату




мақсатында әр топқа шылаулар таратып беріп, сөйлемдер құрастыруға




тапсырма беруге болады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі




арқылы бағалайды.




Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген тірек сөздер




мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру мақсатын жүзеге




асырады.




«Сөздің мағынасын күшейтіп айта аламын және жаза аламын» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жай сөйлемдер беріледі. Оқушылар күшейткіш сөздерді қосып, сөйлемдерді сәл өзгертіп айтады. Тапсырма тақтада жазбаша орындалады.

5 мин

Топтық жұмыс

А3 парағы, түрлі түсті маркерлер




«Қыс мезгіліне қатысты сөздерді білемін және жаза аламын» тапсырмасы оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Мұғалім оқушыларға анаграмма құрастыруға, оны қатесіз, ойланып құрастыруға тапсырма береді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ қыс мезгіліне қатысты сөздерден анаграммалар құрастырады. Топтар бір-бірімен анаграммаларын алмастырады. Оқушылар бір-бірінің анаграммаларын тауып, түрлі түсті қарындаштармен бояйды. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң анаграммаларын тақтаға іледі. Бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

10 минут




Анаграмма құрастыруға арналған

қағаздар, түрлі түсті маркерлер мен

қарындаштар, сызғыш








Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға «Қыс» мезгіліне қатысты суреттер беріледі. Оқушылар суретке қарап, қыс туралы мәтін құрастырып жазады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылардың суретке қарап жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, қиялы дамиды.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар көптік/тәуелдік/септік/жіктік/ жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады. Мұғалім оқушыларды түрлі түсті

смайликтер арқылы бағалайды.

5 мин




Түрлі түсті смайликтер

Рефлексия:

«Білім вагоны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері


  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

  3. Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану.

  4. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік/ жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Табиғат құбылыстарына қатысты сөздік минимумды игереді.

  • Табиғат құбылыстарын сипаттап айта алады және жаза алады.

  • Кейбір қосымшаларды шылаумен шатастырмайды.

  • Сөздерге қосымшаны дұрыс таңдап жалғайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?