ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2305
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы | Ақылды аң. (3-тоқсан, 6-тарау). 89-сабақ |
Дағды | Айтылым, тыңдалым |
Оқыту мақсаттары | 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау 4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау |
Лексикалық минимум | Үйір, басшы, жалғыз, із қалдыру, қоректену | ||||
Алдыңғы білім | Ұсыныс білдіремін | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||
Сабақтың барысы | |||||
С.кезеңі | Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері | уақыты | Қар.қат | Оқыту ресурстары | |
Кіріспе | Мұғалім сабақтың кіріспе бөлімінде тақтаға қасқырдың суретін іліп, оқушыларды ол туралы ой картасын толтыруға шақырады. Оқушылар 1- сыныптан бергі жинақтаған бар біліміне сүйеніп қасқыр туралы сөз қозғайды. Мұғалім «Қасқыр туралы фильм көргендерің бар ма?» – деп сұрау арқылы балалардың ойлау өрісін, ізденісін кеңейте алады. Тіптен қасқырдың түр-сипатын айтқызудың өзі оқушының тілін дамытады. | 5 мин | Мұғалім-сынып | | |
Негізгі бөлім | «Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген тапсырма. Келесі кезекте оқушыларға оқулықтың нақты бетін ашуды ұсынып, оларға жаңа сөздер таныстырылады. Оқулықтағы суреттерге қарап әр сөздің мағынасы түсіндіріледі. Мәселен, «із» туралы түсіндіргенде, оны пысықтау үшін оқушыларға таныс жануарлар мен құстардың ізін көрсетіп, ажыратқызуға болады. Немесе өздерінің (табан іздерін) ізін ақ қағазға түсіртіп, детектив ойынын ойнатуға болады. | 7 мин | Топпен | | |
«Жаттығайық» айдарының тапсырмасы. Оқулықта ұсынылған келесі тапсырма оқушылардың үйренген жаңа сөздерін қолдана білуге, пайдаға жарата білуге бағытталған. Мұғалім оқулықта берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін әлі де болса жаттығудың кемдігін сезінсе, өз тарапынан үлестірме материал жасау арқылы немесе қосымша мысалдар ұсыну арқылы балалардың білімін жетілдіреді. | 5 мин | Мұғалім-сынып | | ||
«Көрсетейік және айтайық» айдары арқылы оқушылардың суретке зер салуы сұралады. Оқушылар қасқырлардың неге үйірімен жүретіні туралы ойланады. Суретке қарап, көшті бастайтын басшының қайсысы екенін болжайды. Суретке қатысты сұрақтарды қою арқылы мұғалім оқушыларды жетелеп отырады. Талқылау барысында оқушылардың сөздік қорының жеткіліксіздігі байқалуы мүмкін. Мұндай кезде мұғалім тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа сөздердің мағынасы қосымша түсіндіріледі. | 3 мин | Мұғалім-сынып | Сұрақтар |
| Оқулық бойынша келесі тапсырма «Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілген. Бұл тапсырма оқушылардың осы тапсырмаға дейін болжап сөз еткен ойларын нақтылап, түсіндіреді. Оқушылар осы тапсырмаға дейін атқарған ауқымды жұмыстарының нәтижесінде тыңдалым мәтінін оңай түсініп отырады. Тыңдалым мәтіні соңынан берілген сұрақтарға жауап беру үшін тыңдалым мәтінін қайталап тыңдатқан жөн. Осы тапсырма аясында «4.1.4.1*тыңдағанмәтінбойыншаоқиғаныңсебеп-салдарлықбайланысын(кейіпкерлер,оқиға)және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау» оқу мақсаты жүзеге асады. Мәтінді тыңда және жүргізіп оқы. Өз болжамыңды тексер. Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды.Жорыққа шыққан кезде ең алдында кәрі, ауру қасқырлар жүреді. Қалғанқасқырларалғашықпайды.Осылайшакәріқасқырлартоптанқалыпқоймайды. Олардан кейін ең мықты қасқырлар жүреді. Қалған қасқырларортада болады.Ал қатардың соңында тағы бір топ күшті қасқырларжүреді.Еңсоңындатоптыңбасшысыжалғызболады.Олтоптыбақылап жүреді. Қасқырлар да табиғатқа пайдалы. Олар, көбінесе, әлсіз,ауруаңдарды ұстайды. | | | Аудиодиск |
| «Сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың үйренген сөздерін қолданып сөйлеуіне мүмкіндік береді. Оқушылар меңгерген барлық сөздерін белсенді қолдана білуіне мұғалім жетекшілік етеді. «4.2.5.1 *шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау» атты оқу мақсаты орындалады. | | | |
| Балалардың орындауына берілген оқулықтың соңғы «Ойланайық» айдарының тапсырмасы да оқушының айтылым дағдысын қалыптастыруға арналып құрастырылған. Балалар осы тапсырманы орындау барысында өзгелермен немесе өзге топтармен білім жарыстыруына болады. Тапсырманың дұрыс жауабы мынадай: Тігінен:
| | | |
Қор. бөлім | Сабақты қорытындалау барысында оқушылардан осы сабақта не туралы оқығанын, жалпы сабақтан не үйенгенін мұғалім сұрап қорытады. Оқушылар өз ұсыныстарын айтып, алған әсерлерімен бөліседі. | 3 мин | Сынып- мұғалім | | ||
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор. | ||||||
Бағалау критерийлері
| Дескрипторлары
| |||||
Рефлексия | ||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? | | |||||
Бүгін оқушылар нені үйренді? | | |||||
Оқыту ортасы қандай болды? | | |||||
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? | | |||||
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | | |||||
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не? Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым? |
Сабақтың тақырыбы | Ағаш отырғызу. (3-тоқсан, 6-тарау). 90-сабақ |
Дағды | Айтылым, оқылым |
Оқыту мақсаттары | 4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау |
Жаңа сөздер | Емен, қайың, терек, тоғай, тамыр, аялау |
Алдыңғы білім | Ақылды аң |
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||
Сабақтың барысы | |||||
С.кезеңі | Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері | уақыты | Қар.қат | Оқыту ресурстары | |
Кіріспе | Мұғалім оқушылардың сабаққа назарын аударып, тақырыппен танысуы үшін тақтаға үлкейтіп жазылған сөздерді іліп қояды. Оқушыларға осы сөздерді оқып, сабақ тақырыбын анықтау туралы нұсқау береді. Мәселен, балаларға таныс сөздердің ішінен өсіру,суқұю,егусөздерін жазуды сұрайды. Оқушылар тарапынан гүл өсіру, өсімдік туралы немесе ағаш туралы дегендей жауаптар күтіледі. Оқушылар тақырыпты болжап айтқаннан кейін, мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлап, сабақты бастайды. | 5 мин | Мұғалім-сынып | | |
Негізгі бөлім | Бұл сабақта оқушыларға оқылым ретінде мақаладан үзінді ұсынылады. Оқушылар әдетте оқитын мәтіндерінің жанрын ажырата білу үшін мақала мәтіні арнайы алынған. Балаларға лексикалық тақырыпқа орай сұрақтар қоя отырып мәтіннің жанры туралы да қосалқы мәлімет өте жеңіл, тіпті жанама беріледі. Өте үстіртін оқушылар мақаланың қайда жарияланатыны туралы түсінік алуы мақсат етіледі. Тақырыпты одан әрі өрбіту үшін, оқушылардың сөздік қорын мейлінше кеңейту үшін «Араларыңызда кім ағаш егіп көрді?» деген сауалды тастап, талқылатуға болады. Тәжірибесі бар балалар қол көтеріп, тәжірибелері туралы қысқаша баяндайды. «4.2.3.1*белгілібіртақырыптасұхбаттасубарысындашағынмәліметті(4-5сөйлем)баяндау,керібайланысорнату,сөйлеустилінсақтау,дауысырғағынкелтіріпсөйлеу»оқу мақсатын жүзеге асырады. | 7 мин | топпен | | |
Келесі кезекте мұғалім оқушылардың назарын оқулыққа аударып, оларға жаңа сөздерді таныстырады. Жаңа сөздерді таныстыруға оқулықтағы сөздер мен суреттер арқау болады. Оқулықта жаңа сөздерді бекітуге жаттығу берілмегендігін ескеріп, мұғалім өз тарапынан жаңа сөздерді қолдануға ұмтылдыратындай тапсырма құрастыруына болады. Мұндай тапсырма ұсынылмаған жағдайда да сабақтың әдістемелік сапасына еш нұқсан келмейді, жаңа сөздердің қолданысының үлгісі алдағы оқылатын мақала ішінде көрсетіледі. | 5 мин | Мұғалім-сынып | |
| «Оқиық» айдарымен оқушыларға «Нұрғали ағаның бағы» атты оқылым мәтінін оқу тапсырылады. Оқушылардың түсінбейтін, білгісі келетін сөздері тұрғысында мұғалім үнемі қолдау көрсетіп отырады. Оқулықта берілген тапсырманың шарты бойынша мәтіннің жалпы мазмұнын ұғыну ғана көзделеді. Алайда сынып оқушыларының қабілеті жоғары болып жатса, тапсырманы тереңдету, түрлендіру мұғалімнің еркінде болып табылады. Мәселен, мәтінді бірінші рет оқығанда оның жалпы мазмұнын ғана сұраумен шектелуге болады. Ал мәтінді екінші мәрте оқуға ұсынып, ондағы таныс сөздерді теріп жазуды тапсыру оқушының бұрыннан бар білімін қайта жаңғыртуға, ол сөздердің айтылуы мен жазылуын еске түсіруіне зор ықпалын тигізеді. Мұғалім тапсырманы одан бетер күрделендіруді ойласа, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен немесе мұғалімнің қолдауымен түсініп, олармен сөйлем құрау тапсырманың пайдалылық қасиетін арттыра түсетін болады. Осы тұста мұғалім мақаланың құрылымына, яғни оның тақырып аты мен авторы болатынына және мақала соңында немесе басында оның жазылған мерзімі болатынына оқушылардың көзін жеткізе түсіндіру маңызды екенін ұмытпағаны абзал. | 3 мин | Мұғалім-сынып | Сұрақтар | |
| Оқулықта берілген «Оқиық және жауап берейік» айдарымен сұрақтар ұсынылады. Бұл тапсырма оқушының мақала мазмұнын қаншалықты меңгергенін бағамдауға көмектеседі. «4.3.4.1*мұғалімніңқолдауыменмәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталғансұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру» оқу мақсаты іске асады. | | | | |
| Оқушыларға ұсынылатын келесі тапсырма мақала бойында кездескен сандармен байланысты өрбиді. Болжалдық сан есім туралы оқушылардың білімі мен түсінігі орнығады. | | | | |
| «Жаттығайық» айдарымен ұсынған тапсырма практикалық жұмысқа арналған. Оқушылар өткен тақырыбын қайталайды. Ұсынылған сөйлемдер арасынан болжау мағынасын игерген сандарды теріп жазады. | | | | |
Қорытынды | «Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы арқылы сабақ қорытындылана түседі. Мұнда да оқушылар сан есімдерге ден қояды. Оқулықта ұсынылған мәтінді оқып, түсінгені бойынша сурет салады. Салған суретін оқушы өзгелермен салыстырады. Ал осы тапсырмаға жалғас тұрған «Ойнайық» тапсырмасы арқылы оқушылар өз қиялдарындағы бақшаларының суретін салып, ол туралы айтып беретін болады. | 3 мин | Сынып-мұғалім | | |
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор. | |||||
Бағалау критерийлері | Дескрипторы |