ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2295
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы | Құстар мен жәндіктер. (3-тоқсан, 6-тарау). 98-сабақ | ||||
Дағды | Тыңдалым мен оқылым | ||||
Оқыту мақсаттары | 4.1.4.1 Тындаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау 4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру | ||||
Лексикалық минимум | бозторғай, немқұрайды, шөлден, тарғыл, арамшөп | ||||
Алдыңғы білім | Каспий теңізі | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||
Сабақтың барысы | |||||
С.кезеңі | Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері | уақыты | Қар.қат | Оқыту ресурс- тары | |
Кіріспе | Мұғалім сабақты бастамас бұрын өзінің үйден алып келген ойыншық жәндіктер мен құстарды ұстап тұрып, сабақ тақырыбын хабарлайды. Осы сабақ көлемінде таныс болатын құс не жәндік атауларын оқушыларға үйретіп, қайталап айтқызып, жаңа сабақтың тақырыбына оқушыларды енгізеді. Егер мұғалім үшін ойыншықтарды табу қиынға соғып жатса, олардың суретін, қолдан жасаған макетін сабаққа алып келуіне болады. Оқушылар үшін заттарды көзбен көрсету, ұстап көрсету қызықтырақ және тиімдірек болады. | 3 мин | Мұғалім-сынып | |
| «Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген суреттерге қарай отырып жәндіктер мен құстардың пайдасы мен зияны туралы өз білгендері бойынша әңгімелеп береді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы түйсігіне ерік береді. Әр топ өз беттерінше баяндайды. Жауап беруде мұғалімнің жетекші сұрақтарын басшылыққа алады. Оқушылар өзара пікір не мәлімет алмасып, бірінің білімін бірі толықтыратын болады. (4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауысырғағынкелтіріпсөйлеуоқумақсатықосымшажүзеге асады). | 3 мин | Топтық жұмыс | Оқулық |
Негізгі бөлім | «Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар өлеңмен ұсынылған жұмбақты оқып, жоғарыда берілген суреттердің ішінен таңдау жасау арқылы өз жауаптарын айтады. Бұл тапсырма да оқушыны алдағы оқылым тапсырмасын оңай орындауына апаратын басқыш болып табылады. | 5 мин | Жеке | Оқулық |
| «Сен, білесің бе?» айдарында оқушыларға дүниетанымдарын кеңейту мақсатында тың деректер ұсынылады. «Бозторғайлар тек Антарктидада ғана кездеспейді. Олар жәндіктермен және өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бозторғай тыныштықты сүйетін құс» деген мәліметтер оқушы білімін молайта түседі. | 5 мин | Мұғалім - сынып | Оқулық |
«Тыңдайық және оқиық» айдарында оқушыларға жұппен жұмыс ұсынылады. Екі көрші жұп болып Ажәне Ә оқушыларына бөлініп, мәтіндерін біріне-бірі оқиды. А оқушы өз мәтінін оқыған сәтте Ә оқушы өзіне бөлінген мәтінін толықтырады. Ал В оқушы оқыған сәтте, А оқушы өз мәтінін толықтырады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өзінің мәтінінен өзге мәтінді ақ парақпен жауып отырады. Тек өзіне ғана тиесілі мәтінмен ғана жұмыс істейді. Осы тапсырма бойынша ұсынылған А оқушысының мәтінінде бар мәлімет В оқушысының мәтінінде болмайды, керісінше В оқушысының мәтініндегі ақпарат А оқушысында әдейі берілмейді. Мұғалім оқушыларды смайликтер ұсыну арқылы бағалайды. | 3 мин | Мұғалім-сынып | Оқулық Аудио- диск | |
«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
| 7 мин | Жеке ж. Жұпт. ж. Сынып | Оқулық | |
«Есте сақтайық!» айдарында топтау сан есімнің жазылуы мен айтылуына және қолданысына ерекше мән беру көзделеді. Мысалы: Бозторғайлар екеуден немесе алтаудан жұмыртқа салады. Бозторғайлар екі-екіден немесе алты-алтыдан жұмыртқа салады. | 7 мин | жұптық Жұпт.ж. Сынып | Оқулық | |
«Көрсетейік және айтайық» айдарында суретке қарап, құстар мен жәндіктер нешеуден топтасқан екенін түсіндіріп айтады. Үлгі ретінде : «Қоқиқаздар екі-екіден тұр. Аққулар үнемі екеуден жүреді» сөйлемдері көрсетіледі. Оқушылар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды. | 3 мин | Жеке жұмыс (4 оқушы) | Бағдар- шам суреттері |
Қор. бөлім | Сабақ соңы «Екі жұлдыз – бір тілек» бойынша бағаланып, қорытындыланады. Мұнда алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз. | 4 мин | Сынып- мұғалім | | |
Қосымша ақпарат | |||||
Бағалау критерийлері
үшін?) құрастыру және оған жауап беру | Дескриптор
анықтайды.
| ||||
Рефлексия | |||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? | | ||||
Бүгін оқушылар нені үйренді? | | ||||
Оқыту ортасы қандай болды? | | ||||
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? | | ||||
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | | ||||
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не? Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым? |
-
Сабақтың тақырыбы
Табиғат қорғаушылары. (3-тоқсан, 6-тарау). 99-сабақ
Дағды
оқылым мен жазылым
Оқыту мақсаттары
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен ? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.4.3.1 Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)\қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
Лексикалық минимум
Дымқыл, жәшік, «Қандай? Не? Не істеу керек?»
Алдыңғы білім
Құстар мен жәндіктер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ре- сурстары
-
Кіріспе
Ал күнделік жазудың не екенін білеміз бе? Ал, кәне, айтыңдаршы, кім күнделік жаза біледі? Сендердің араларыңда күнделік жазып жүргендерің бар ма? Осылай мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятады. Тақырыпқа жетелеп алып келеді. Мұғалім уақыт тауып жатса, бірнеше күнделік үлгісін сабаққа әкеліп, онда не жазуға болатынын көрсетуіне болады. Мәселен, бір күнделікте күн сайынғы әрекет тіркеліп отырса, ал енді біреулерінде тек елеулі сәттер ғана жазылған болуы мүмкін. Кейбір оқушы өз сезімін суретпен салатын тұстар да кездеседі. Нақты назар аудартпай, жай танысу мақсатымен ұсынып, сабақ соңында осы күнделіктерге қайта оралып, оқыған мәтіндегі мәліметтерін қоса қорытып,
қандай күнделік түрлері болатынын талқылатып, қорытуға әбден болады.
5-7 мин
Мұғалім-сынып
Күнделік дәптер
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар алдымен суреттерге асықпай зер салып қарайды және сурет астында берілген сөздерді оқиды, айтады, жаттығады, мәнін түсінеді. Сонымен қатар «Бұл не?» ойыны арқылы осы сөздер кіріккен басқа да таныс атаулар бойынша сөздік қорды жаңғырту
бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.
3 мин
Топтық жұмыс
Суреттер
Негізгі бөлім
«Оқиық» айдарында оқушылар мәтінді оқып, танысады. Жалпы не түсінгендерін ортаға салады. Егер сынып оқушыларының қабілеттері
нашар болса, алдымен «Таныс сөздерді атап беріңіздер» деген тапсырма арқылы негізгі тапсырмаға ойысуға болады.
7 мин
Жұптық
Оқулық
«Оқиық және жауап берейік»
Бұл тапсырма бойынша мұғалім оқушылардың оқыған мәтінді қаншалықты түсіне алғандығын бағамдайды. Демек, оқушылар оқулық
тапсырмасы бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.
5 мин
Жұптық
Оқулық
«Жазайық» айдарының тапсырмасы бойынша оқушылар постерге
«Табиғаттықорғайық!»тақырыбында жарнама жазуды қолға алады. Жарнама жазу үлгісін мұғалім түсіндіріп, үлгі ұсынады.
Мыс: Құрметті достар!
Баршаңызды «Табиғатты қорғайық!» атты акцияға қатысуға шақырамын. Кәне, бәріміз бірге:-
ағаш бұталарын кесейік; -
өзенді қоқыстан тазалайық; -
жануарларға қамқор болайық, т.б. жалғастырып, толықтырады. Жазылым жұмысының өте нәтижелі, мәнді болуы үшін мұғалім оқушылардың жазылым жұмысын былайша ұйымдастыра алады. Алдымен оқушылар өздерінің не жазатындарын жоспарлайды. Одан соң алғашқы нұсқасын жазады. Одан әрі жұбымен талқылап, қатесін анықтайды, кейін оны түзетеді және жетілдіреді. Мұғалімнің уақыт белгілеуімен таза параққа ең соңғы нұсқаны көшіріп жазады. 4.4.2.1 оқыған\аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу.
4.4.3.1 сөйлемдегі бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі тиісті тыныс белгілерін қолдану осы тапсырма
аясында оқушыларға игертіледі.
12 мин
Мұғалім-сынып
Сынып
Оқулық
Қорытынды бөлім
Оқушыларға карточка үлестіріледі. Мұғалім «Бүгінгі жаңа сөздерді жаз?»
– деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақытын қалдырып, оқушылармен өткен сабақ туралы кері байланыс орнатады.
Мұғалім сабақты «3-2-1» әдісі арқылы қорытады: Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 нәрсе; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
5 мин
Сынып-мұғалім
-