Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2269

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Оқушылар келесі кезекте «Сөйлесейік» айдарымен берілген оқулықтың 1-тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп, топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды

ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.

7 мин

Топтық жұмыс




Негізгі бөлім

Оқулықта ұсынылған «Көрсетейік және айтайық» (2- тапсырма) айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден

қояды.

6 мин

Мұғалім мен сынып

Оқулықтағы сөйлесім үлгісі

Ары қарай оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасқаны туралы талқылайды. Осы тұста жаңа сөздер үйретіледі. Оқушылар

дүниетану сабағында алған білімдерін қолданады.

3 мин

Мұғалім- сынып

Бағыт көрсетілген плакат не

сурет

«Ойнайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Кемінде 5 қаланың қай аймақта орналасқанын білу міндеті алға қойылады. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушылардан қалалар атауы жазылмай берілген картаны

белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық. Карта қалалары көрсетілмеген картаның сұлбасы

«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті сөздерді қояды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді. 4.3.1.1мәтіндііштейтүсініпжәнеқажеттіақпараттытауып/шолып/белгіқойыпоқу

мақсаты жүзеге асады.

7 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Сынып

Оқулық

Оқулықтың келесі тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогке түседі. Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады. 4.2.3.1 белгілі бір тақырыптасұхбаттасубарысындашағынмәліметті(4-5сөйлем) баяндау,керібайланысорнату,сөйлеустилінсақтау,дауысырғағын

келтіріпсөйлеуоқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин

Топттық жұмыс (4 оқушы)

Оқулық








Сабақты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысы ауызша

орындалады. Бұл тапсырма тілдік қабілеті төмен оқушылар үшін ұсынылады.

2 мин

Жеке ж. Жұптық

жұмыс

Оқулық

Қор. Бөлім

Оқушыларға үйдің суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім өзен суретін алып: «Өзен қай жақта орналасқан?» деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақыт ішінде

оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс алады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Үйдің суреті

Бағалау

Бағалау критерийлері

Дескрипторы

  1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты

тауып/шолып/белгі қойып оқу.

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау,

дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  • Мәтін мазмұнын оқып түсінеді.

  • Мәтінді қажет сөздермен толықтырады.

  • Оқыған мәтіні бойынша рөлдік ойынға қатысады.

  • Жаңа сөздерді қолданып сөйлейді.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Бурабайдағы демалыс. (1-тоқсан, 1-тарау)

2-сабақ

Дағды

Тілдік бағдар және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің

мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

Лексикалық минимум

Аудан, орталық, алыс

Алдыңғы білім

Қазақстан қалалары

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы




С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Ойнайық!» тапсырмасы алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындату барысында «Кім білгір?» әдісін қолдануға болады. Қағаз қиындысына 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылып, оқушылар санға сәйкес сұраққа жауап береді.

  1. Сен қайда тұрасың?

  2. Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?

  3. Кемені қай қалада жасайды?

  4. Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?

  5. Қай аймақта түйені көп өсіреді?

  6. «Медеу» мұзайдыны қай аймақта орналасқан?

  7. Атырау қаласы қайда орналасқан?

  8. Жеміс-жидек қай аймақта жақсы өседі?

  9. Фарида қайда тұрады?

Сұрақты бір оқушы жұбына қояды, екінші оқушы сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа барынша жылдам әрі қатесіз жауап берілуі керек. 4.5.1.2 көптік/тәуелдік

/септік/жіктікжалғаулысөздердіауызша/жазбашатілдеқолдану

оқу мақсаты жүзеге асады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын бақылап отырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!»,

«Өтежақсы!»,«Тамаша!»,«Жақсы!», «Талпын»,«Жауабыңды

толықтыр!»т.б.(Мұғалімнің қалауы бойынша)

2 мин

Мұғалім-сынып

Бурабай тауының суреті
Оқулық
Сөйлемнің шаблонда- ры қима қағаздар








«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -да/-де, - та/-те жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып,

«Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.

Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.

3 мин

Топтық жұмыс



Жалғаулар жазылған үлестірмелі кестелер

Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға Бурабайдың суретін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қойылады: Бұл қай жер? Бұл жер туралы не білесіңдер? Сендер Бурабайда болдыңдар ма? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.

Қосымша мәлімет:

Бурабай Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы – таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар

Бурабайға демалу үшін барады.

2 мин

Жеке

Бурабай көлінің, таулардың, орманның, демалыс орындары- ның суреттері

Оқулықта ұсынылған «Жаттығайық» айдары бойынша диалогтегі сөздерге «Қайда?» сұрағын қойып, тиісті жалғауды жалғайды. Мұғалім оқушылардың «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруі мен тиісті жалғаулардың дұрыс жалғануын бақылайды, оқушылардың қателерін өздеріне түзеттіреді. 4.5.1.2

көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді

ауызша/жазбашатілдеқолдануоқу мақсаты игертіледі.

3 мин

Мұғалім-сынып



Оқулық





-да
-де

Қайда? Нұр-Сұлтан Атырау

Шымкент Оңтүстік Шығыс Орал Өскемен

Өлке



-та
-те








«Сөйлесейік!» айдары бойынша оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, рөлдік ойынға қатысады және Еркін ағаймен танысады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің алдыңғы алған білімдерін қолданады. Оқушылар Еркін ағайдың арбасына отырып, өздерін таныстырады:

Мысалы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсіз бе, аға! Сізге қонаққа келдік.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тапсырма ауызша орындалады және оқушылардың –д/-де/-та/-те септік жалғауларын қолданып сөйлеу білігін қалыптастырады.

8 мин

Мұғалім-сынып



Сурет, оқулық

«Тыңдайық және оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтінде оқушылар өздерін қалай таныстырды? Тапсырма оқушылардың сабақ барысында алған ақпаратын өздері білетін мәліметтермен салыстыра отырып, қорытындыға келуге бағытталған. Мұғалім әр тапсырманы орындауда саралауды ескеруі қажет. Ол үшін өзін ерекше таныстырған оқушыларды ескеріп, қосымша сұрақтар немесе бағыттау сұрақтарын беруіне болады. Оқушылардың жауаптары сынып немесе мұғалімнің мадақтауы

арқылы бағаланады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып




«Тыңдайық және жауап берейік» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады. 4.1.2.1бейтаныссөздерменсөзтіркестерібармәтінніңмағынасынмәнмәтінгеқатыстыанықтаптүсінуоқу

мақсаты игертіледі.

7 мин

Жеке ж.
Сынып

Оқулық

Сыныптың білім деңгейіне қарай оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Оқушыларға тірек сөздер беріледі, оқушылар тірек

сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.

Тірек сөздер: Қош келдіңдер!, сұлу жер, қонақтар, атарба,

қыдырту.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Тірек сөздер жазылған үлестірмелі қағаздар

Қорытынды бөлім

Оқушылар тақтадағы кері байланыс парағына стикерлер жапсырады. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде

қалыптасқаны бағаланады.

5 мин

Сынып-мұғалім


Кері

байланыс парағы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін