Файл: Пні Дниежзі тарихы Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні

Дүниежүзі тарихы


Мұғалімнің аты-жөні

Рахимжанова Меруерт Камзеевна


Сабақ тақырыбы

60 параграф. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы.


Оқу мақсаты

10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру;




Іс-әрекет реті

Ресурстар


Білу түсіну

Бұл сабақта не білеміз?

  • мұражайлардың тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтаудағы рөлі;

  • мұражайлар типологиясы және мұражайлар үлгілерінің ерекшеліктері туралы білеміз.

Маңызды ақпарат
4- слайд

5- слайд

6- слайд


7- слайд
8- слайд
9- слайд

10- слайд
11- слайд

12- слайд


13- слайд
14- слайд

15- слайд



Әлемнің постиндустриалды дәуірге енуі, жаһандану, ХХІ ғасырдың бас кезіндегі технологиялық, әлеуметтік және мәдени қайта құрулар қоғамның тарих-мәдени мұраға деген көзқарасын өзгертті.

Мұраны сақтауға қамқорлық жасайтын басты әлеуметтік-мәдени институттардың бірі мұражайлар болып табылады.

Көптеген елдерде мұражайлар табиғат, тарихи және мәдени екскерткіштерін айқындау, зерделеу, сақтау мен танымалдылығын арттырудың орталықтарына айналады.
Мұражайлар тарих ғылымы үшін ақпараттың маңызды дереккөздері болып табылады.

Бұл тұрғыда мұражай экспозициялары мен мұрағаттық құжаттардың тақырыптық көрме-презентатция материалдары пайдаланушыларға ұсына отырып, ақпараттық жұмыстың белсенді нысандары ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұражай – тарихи-ғылыми мұраларды, дерек ретінде ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мәдени және табиғи заттарды коллекциялау дәстүрі ежелгі грек мәдениетінің өзінде-ақ пайда болған еді. Антикалық храмдар мен мұражайларда (грек.museion сөзінен – музалар храмы) жеке сыйлықтар мен соғыс олжалар құрады. Өзге мемлекеттердің тұрмыс, мәдени заттарды мұражайға келушілерде басқа өркенеиттерге деген қызығушылығын туындатты.
Мұражайлар типологиясы

Әлеуметтік функциясына қарай мұражайлардың үш тобы бар:

1.академиялық (ғылыми-зерттеушілік);

2.оқу (университеттік);

3.ағартушылық.
Жойылып кеткен табиғи нысандарды қосқанда (мысалы палеонтологиялық мұражайларда) табиғаттың бүкіл саналуандылығын көрсететін, коллекциялар сақтайтын және жәдігерлерді көрсететін жаратылыстану-ғылыми мұражайлары екі үлкен – биологиялық және геологиялық топқа бөлінеді
Көркемсурет мұражайларында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің кескіндеме, мүсін және басқа түрлерінің коллекцияларын жинақтап көрсетеді. Бұл үлгідегі мұражайларға заманауи және өзекті өнердің көркемсурет галереялары, ірі көркемсурет мұражайлары (Эрмитаж, Лувр және т.б.) қосылады, бұлар әдетте, көркемсурет және тарихи мұражайлар үлгісін біріктіреді.
Этнографиялық мұражайларында этникалық қауымдастықтардың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениет пен тұрмыс заттары (тұрмыстық, халықтың кәсіптік қолөнер бұйымдары, этникалық киім, музыкалық халық аспаптары және т.б.) жинақталған.
Тарихи мұражайларда тарихи құжаттар,ескерткіштер, материалдық және рухани мәдени заттар ел назарына ұсынылады.Тарихи мұражайлардың ішінен археологиялық мұражайлар, сондай-ақ әскери тарихи мұражайлар ажыратылады.
Аса көрнекті тарихи оқиғалары немесе тарих, ғылым, мәдениет қайраткерлеріне арналған есте қалдыру мемориалдық мұражайлары бар. Бұл мұражайларда айтулы оқиға немесе ұлы адамдар өмір сүрген уақыттың шығармашылық жағдайын, қоғамдық-тарихи,мәдени-көркемдік жағдаятын көрсететін материалдар мен құжаттар ұсынылады.
Салалық мұражайларда белгілі бір саланың (медицина, көлік, байланыс, машина жасау және т.б.) дамуы туралы әңгімелейтін жәдігерлер жинақталған.
Өлкетану (кешенді) мұражайлары - жекелеген қалаларда немесе облыстарды құрылады және осы қала немесе облыс халқының тұрмысы мен тарихын, мәдениетін, табиғатын зерттеу мүмкіндігін береді.


Тапсырмалар



1-тапсырма

Мұражай дегеніміз не?
Жауабы:

Мұражай – тарихи-ғылыми мұраларды, дерек ретінде ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
2-тапсырма

Мұражайлар типологиясын жіктеңіз.
Жауабы:

Әлеуметтік функциясына қарай мұражайлардың үш тобы бар:

1.академиялық (ғылыми-зерттеушілік);

2.оқу (университеттік);

3.ағартушылық.
3-тапсырма

Қандай мұражайлар тобына жатады?
Жауабы:

Көркемсурет мұражайы

Тарихи мұражай


Қорытынды:

әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндік.

Оқушылар! Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.