Файл: Малімні атыжні Шапиева Г.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Шапиева Г.Ш.

Пән/Сынып:

Құқық, 10 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІҮ- тоқсан, 3апта, 3 -сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

14-тарау Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауының негіздері

Оқу мақсаты:

10.4.1.3 - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийлері

  • Сот талқылауына байланысты мәселелерді қарастырады;

  • Сот талқылауы кезеңдеріне тоқалады;

  • Сот тергеуіне, сот жарыссөздеріне және үкім қаулыларына қатысты мәселелерді қарастырады.



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сабақтын тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру







слайд 1-2

15минут


Жаңа сабақ

Басты сот талқылауы - қылмыстық процесс сатысы, ол тергеу іс-әрекетінен және істі тыңдауға жіберуден кейін жүреді. Сот талқылауы қылмыстық істі бірінші инстанциядағы сот отырысында қарастыру дегенді білдіреді. Сот талқылауының нәтижесі бойынша ғана сотталушы кінәлі деп танылып, қылмыстық жазаға тартылуы немесе кінәсіз деп танылып, ақталуы мүмкін. Тұлғаның кінәлі деп танылғаны және оған жазалаушараларының тағайындалғаны туралы немесе кінәсізді ақтау туралы сот шешімі үкімде айтылады.



Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі нормаларында басты сот талқылауына дайындық нақты тәртіппен белгіленген.

Сотқа қылмыстық іс түсерде сот төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья сот ісін жүргізуді қабылдау туралы мәселені шешеді.

  1. Басты сот талқылауын жалпы немесе қысқаша тәртіпте тағайындайды.

  2. Алдын ала тыңдау өткізеді. Аса ауыр қылмыстық істер бойынша алдын ала тыңдау міндетті түрде өткізіледі. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау мына жағдайларда өткізіледі:

істі сотқа жіберу, істі прокурорға жіберу,

істі қысқарту, істі тоқтата тұру, қылмыстық істерді біріктіру және бөлу, сондай-ақ тараптардың өтініш хаттарын қарау туралы шешім қабылдау қажет болғанда.

Судья сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты бірқатар жайттарды анықтайды.



Басты сот талқылауының жалпы шарттарын қарастырайық.

  1. Сот талқылауында іс бойынша барлық дәлелдемелер тікелей зерттелуге жатады. Сот сотталушының, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруге, хаттамалармен өзге де құжаттарды жария етуге, дәлелдемелерді зерттеу бойынша басқа да сот әрекеттерін жүргізуге тиіс.

  2. Істі тек бір ғана судья қарауы тиіс.

  3. Басты сот талқылауы міндетті түрде сотталушының қатысуымен өтеді.

Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. Сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны күштеп әкелуге құқылы.

4. Сотталушының қорғаушысы басты сот талқылауына осы кодексінде көзделген жағдайларда, сотталушының, олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ өзге адамдардың шақыруы бойынша сотталушының тапсырымы немесе келісімі бойынша қатысады.

5. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуға міндетті.

6. Басты сот талқылауы жәбірленушінің немесе оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

Тергеу әрекетінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету. Сот тергеуінің аяқталуы.

Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқтал-ғаннан кейін:

  1. тараптарға олардың сот жарыссөзінің, ал сот үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді;

  2. тараптардан олар сот тергеуін толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетінін сұрайды.

Сот тергеуін толықтыру туралы өтініш берілген жағдайда, сот бұл өтінішті талқылайды және шешім қабылдайды. Өтініш туралы шешім қабылдап, тиісті әрекетті орындаған соң, төрағалық етуші сот тергеуін аяқталды деп жариялайды.

Сот жарыссөзі сот талқылауының кезеңін білдіреді, іске қатысушы тараптар іс бойынша сот тергеуі нәтижелеріне негізделген өз ұстанымдарын ауызша баяндайды. Бірінші болып айыптаушы, ал соңынан сотталушылар немесе олардың қорғаушылары сөз сөйлейді. Сөз сөйлеушілердің сот тергеуінде зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға немесе рұқсат етілмейтін дәлелдемелер келтіруге құқығы жоқ.

Сот жарыссөзі аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Сотталушының соңғы сөзінде ешқандай сұрақ қоюға жолберілмейді. Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Төрағалық етуші, егер сотталушының сөзі қаралған іске қатысы жоқ мән-жайлар туралы болса, оны тоқтатуға құқылы. Сотталушының соңғы сөзін тыңдап болған соң, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкім шығарады. Сот үкімі заңды және негізді болуы тиіс. Үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып шығарылса, заңды болып танылады.

Сот үкімі айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкін.



Не меңгеретінін білу үшін
Жаңа тақырыпты меңгеру




слайд 3 -18


1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

Сонымен соттың істі қарауы қылмыстық істібірінші инстанциядағы сот отырысында қараудегенді білдіреді. Тек қана соттың істі қарауынәтижесінде сотталушы қылмыс жасаушыайыпкер деп танылады, оған қылмыстық жазатағайындалады немесе кінәсіз деп табылып,ақталады.








Презентация № 19 бет