Файл: Атмосфералы ысымды лшеу дістерін логикалы сратар арылы тсінеді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | 7.3А Қысым | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Байгужина Э.К. | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 7А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Ауа қабаттарын ажыратады, атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі Көптеген оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін логикалық сұрақтар арқылы түсінеді. Кейбір оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерісін есептер шығару арқылы көз жеткізеді. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
0-4мин 5-8мин 9-11мин 12-125мин 26-35мин 36-39мин 40-43мин 43-45мин | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал тудыру. «Шаттық шеңбер» Оқушылар бір біріне физикалық тілектер айтады. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ- жауап әдісі
Тақырыпты ашу сұрақтары:
Олай болса оқушылар бүгін біз осы ауа қабатының жер бетіндегі заттарға түсіретін қысымы туралы яғни басқаша Атмосфералық қысым туралы әңгімелесетін боламыз. Дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қоямыз. Жаңа сабақ «Атмосфералық қысым» тақырыбын сұрақтар арқылы түсіндіру. Түсіну сұрақтары
Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз). Бекіту тапсырмалары «Кім жүйрік» әдісі Оқушылар есепті өздері таңдап алады. А-деңгейі: 1.Шахтаның тереңдігін анықта,егер барометрдің көрсетуі102 927 Па болса,ал жерден жоғары 103965 Па. 2.Гидростатикалық қысымның формуласын пайдаланып, биіктігі 1 мм түтіктегі сынап бетіне түсіретін атмосфералық қысымның 133 Па болатынын дәлелдеңдер. Сынаптың тығыздығы 13600 кг/м3. 3. Қалыпты жағдайдағы Берлин мұнарасының шыңындағы барометрдің көрсеткіші 727мм.сын.бағ.-на тең болса, онда оның биіктігі қандай? В-деңгейі: 1.Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм.сын.бағанынан,ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм.сын.бағ. тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай? 2.Кітабыңызға түсірілген атмосфералық қысым күшін анықтаңыз. 3. Останкино теле мұнарасының биіктігі 540м.Етегіндегі атмосфералық қысым қалыпты болғандағы оның шыңындағы барометрдің көрсеткіші қандай болады? Білімді жинақтау мақсатында «Түйіндеу» әдісін қолдандым. 1.Ауаның жер бетіне түсірген салмағы не деп аталады? А) салмақ В) қысым С) атмосфералық қысым 2.Атмосфералық қысымды алғаш рет өлшеген физик? А) 1643ж Эванджелина Торричелли В) 1643ж Эванджелиста Торричелли С) 1647ж Эванджелиста Торричелли 3.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? А) барометр В) термометр С) компос 4. 1мм.сын.бағ. нешеге тең? А) 133,3 Па немесе 1,33 гПа В) 13,3 Па немесе 1,33гПа С) 133,3 Па немесе 13,3гПа 5. «Анероид» сөзінің мағынасы? А) ауырлық В) ылғалсыз С) жеңіл Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым Үй тапсырмасы: 1. Атмосфералық қысымның техникада қолданылуы 2. Атмосфералық қысымның медицинада қолданылуы 3. Атмосфералық қысымның тірі табиғаттағы қолданылуы | Оқушылар барлығы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды. Оқушылардың назарын шоғырландыру. Оқушылар тілектері Оқушыллар сұрақтарға жауап береді Оқушылар жетелеуші сұрақтарға жауап береді Оқушылар бүгінгі күн ретін және тақырыпты дәптерге жазады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады, мұғалімді мұқият тыңдап, тақырыпты түсінеді. Оқушылар жылдамдыққа байланысты еептер шығарады. Бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі | Дескриптор: - Паскаль заның біледі -Қатынас ыдыстарды түсінеді -Сұрақтарға дұрыс жауап береді Жалпы балл-4 Бағалау: ауызша Дескриптор: -Қысымның формуласын біледі -Есептер шығаруда қолдана алады -Берілгенін жазады -ХБЖ жүйесіне келтіреді -Мәнін табады Жалпы бал-3 Дескриптор: -Қалыпты атмосфералық қысымды біледі -Өлшем бірліктерді біледі -Құралдарды біледі Жалпы бал-3 | |