Файл: Кні 06. 03. 2022 жыл Таырыбы Анамірді нры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 06.03.2022 жыл

Тақырыбы: «Ана-өмірдің нұры » 8 Наурыз - Халықаралықәйелдеркүні
Мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Барысы:

1-Жүргізуші:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


2-Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.


«Вальс» биімен басталады
Қыздарды таныстыру

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық!


1-Жүргізуші:

Бар ынтамен оқиды өзі өлеңді

Сарғалдақтай құлпырған Назымымыз

Қылығына қызығамыз баршамыз

Өлең оқып, би билеп, берер бізге,

Бар өнерін көрсетеді қазір бізге.
2-Жүргізуші:_Дианадай'>2-Жүргізуші:

Дианадай ару да бар құлпырған

Қызыменен ата-атасы жарқыраған

Әдептілік тал бойына жарасқан

Ақылы бар өзінің жұрттан асқан
1-Жүргізуші:

Айданадай жандары гүл қызымыз

Өлең оқып, би билейді бұл қызымыз

Кіші пейілдік тал бойына жарасқан

Қошаметпен жұрттың бәрі қолпаштаған
2-Жүргізуші:

Анасының үміт еткен гүл қызы ,

Аспандағы жарқырағын жұлдызы,

Айгерімдей қызымыз бар жарқыраған.

Екі беті бал-бұл жанып күлімдеген.
1-Жүргізуші:

Мәнерімен Айзада өлең оқиды

Айтқан сөзді көкейге тез тоқиды

Есептер шыңарңанды жақсы көрер

Көпшілікке өнерінде көрсетеді
2-Жүргізуші:

Жансая сен керімсің,

Сыныптың сен гүлісің.

Сабағыңды жақсы оқып,

Сыныпта сен үлгісің.


1-Жүргізуші:

Ақбота біздің ақылды

Мінезі ашық салмақты

Талпынып алға қарай қадам басса,

Елінің үміт артар азаматы!
2-Жүргізуші:

Мақпал апай біздің апай біліп қой ,
Ұстаздардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой
Мерекелеріңіз құтты болсын! – құттықтау сөз біздің сынып жетекшіміз Мақпал апайға беріледі.




Мұғалім: Сіздерді Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін

1-Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.


2-Жүргізуші: Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.


1-Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік


Сайыс шарттары:
1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыр
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы

5. «Ауыз тию» дәмді ас
2-Жүргізуші:
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –


Әділқазылар:

1.Директор-Болатова Шынар

2.Сынып жетекшісі-Оманова Мақпал

1-Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

1. «Қызғалдақтар тобы»

Қазақтың біз қара көзді қыздары.

Құлпырған «4-ші А сыныптың» қызғалдағы

Арулар сайысына келіп тұрмыз

Қарсылас топ сіздермен жарысқалы.

-Ендігі таныстыру кезегін Бәйшешек тобына берейік

2.«Бәйшешектер тобы»

Бәйшешектей бұршақ атқан

Арулар гүлдей жайнаймыз

Сәнді көктем нұрымен,

Ойын ойнап, би билеп

Сайыста қарап қалмаймыз

Бұлбұл құстай сайраймыз


2-Жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің


Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.


Мақалдарды жалғастырыңдар.
Қызғалдақ тобына:
1. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі_________. /далада/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
4. Гүл өссе ,_______ көркі. /жердің/

Қыз өссе......... көркі/елдің/
5.Қыз ауыр ма?

_______ ауыр ма?/тұз/
6. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
Бәйшешек тобына:

1) .......... көріп қызын ал /шешесін немесе анасын/

2)Қыздың қылығы......... /түзде/

3)Әке асқар тау, Ана жағадасындағы ағып жатқан ........ /бұлақ/
4).......қарап ұл өсер, /Әкеге/

...........қарап қыз өсер /анаға/
5)Қызы бар үйде ....... жатпас /қыл/

6)Ақылды қыз......... жүгінер /Білімге/

Ақылсыз қыз ...... ілігер /сөзге/
1-Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Ана шырақ» өлеңін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші: Келесі сайыс түрі «әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу» деп аталады.

(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға-арналған:

1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?

3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
Қыздарға арналған:

1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

3.Ата-аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

1-Жүргізуші:


Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек
«Анашым қартаймашы» орындайтын 4 а сынып оқушылары
1-Оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

2-Оқушы:

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

3-Оқушы:

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
2-Жүргізуші:5-кезең Ауыз тию -деп аталады ортада жайылған дастарқаннан яғни біздің сүйікта ата-аналарымыздың қолынан дәм татып бағасын беріңіздер.
1-Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Номинациялар:

1.Биязы ана

2. Мейірімді ана

3. Парасатты ана
2-Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
4-оқушы: Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
5-оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Аманғали Сыпабеков «Мама» әнін хормен айту арқылы қорыту