Файл: ылым лемін ашамыз облысты крмебайауыны ережесі масаты xviіi халыаралы ылыми жарыса атысушыларды іріктеу жне дарынды балаларды анытап дамыту, олара олдау крсету. ылым лемін ашамыз.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


БҚО білім басқармасы

2022 ж. «___»__________

№ ___ бұйрығына

1-қосымша

«Ғылым әлемін ашамыз»

облыстық көрме-байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: XVIІI Халықаралық ғылыми жарысқа қатысушыларды іріктеу және дарынды балаларды анықтап дамыту, оларға қолдау көрсету.

«Ғылым әлемін ашамыз» атты облыстық көрме – байқауы
2022 жылдың 24-25 ақпан күндері Орал қаласы, Қадыр Мырза Әли ш/а 18, «Оқушылар сарайында» өткізіледі.

Қатысушы

ның толық

аты - жөні

Туған күні, айы, жылы (жеке құжатының эл.варианты қоса тіркеледі)

Мектебі, сыныбы

Жобаның атауы

Секциясы

Ұлты оқыту тілі

Жетекшінің аты – жөні, жұмыс орны қызметі

Оқушының 2021 жылдағы жетістігі.
























Байқауға өтініш 2022 жылдың 17 ақпанына дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне төмендегі үлгі бойынша obtsho.bko@gmail.com поштасына жолдануы тиіс. Байланыс телефоны: 8-(7112) 30-60-58.

Қатысушылар

Көрме – байқауға аудандық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары атанған жалпы орта білім беру мектептерінің, мектептен тыс мекеме тәрбиеленушілерінің 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары командалары қатысады. Зерттеу жұмысын орындауда оқушылар саны екеуден аспауы тиіс.

Өткізу тәртібі: жобаларды қорғау 2022 жылғы 24-25 ақпан күндері өткізіледі.

Сөз сөйлеу кестесі туралы жобаларды қорғау өткізілгенге дейін 3 күн бұрын қосымша хабарланады.

Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. Барлық номинациялар бойынша әр қатысушы үшін өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерінің, модельдерінің орындалуы және болуы міндетті шарт болып табылады.
Бір қатысушы бір жобаны ұсынады.

Облыстық көрме – байқау үш кезеңде өтеді:

1 кезең – мектепішілік;

2 кезең – аудандық, қалалық;

3 кезең – облыстық.


Облыстық көрме – байқаудың өту барысы үш кезеңнен тұрады: ашылу салтанаты, ғылыми – техникалық жобаларды қорғау, қорытындылау.

Ғылыми жарыс 5 секция бойынша өткізіледі:

1 – секция: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым» (баллистика, ғарыш аппараттарының, жердің жасанды серіктерінің және автоматты планета аралық станциялардың динамикасы; зымырандарды, спутниктерді және борттық ғылыми аспаптарды құрастыру мәселелері; басқарылатын ғарыш аппараттары үшін тіршілікті қамтамасыз ету және радиациялық қорғау жүйелері; ғарыш айлақтары мен станциялары).

2 – секция: «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» (қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ғарыштық техника құралдарымен деректерді беру және өңдеу, ғарыштық жүйелерді модельдеу және басқару)

3 – секция: «Экология және ғарыштық қызмет» («Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық мәселелері; ғарыштық технологиялардың көмегімен экологиялық проблемаларды диагностикалау және болжау; жер маңындағы ғарыштық кеңістіктің экологиясы).

4 – секция: «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы» (жұлдыздарды, тұмандықты, жұлдызаралық ортаны, галактикалар мен квазарларды, экзопланетті зерттеу, сондай-ақ ғарышты зерттеуге байланысты басқа да астрофизикалық мәселелер; әлемнің құрылысы мен эволюциясы; астрофизикалық объектілерді бақылау және тіркеу жүйелері).

5 – секция: «Күн жүйесі» (жер маңындағы ғарыш кеңістігін зерттеу; күнді, ғаламшарды, планетааралық ортаны зерттеу).

Ғылыми жарыстарға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Ғылыми жарыстарға мынадай жұмыстар ұсынылады:

1) ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерін, құбылыстарын және жаңалықтарын ашатын;

2) практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетін, мектеп эксперименттерін жетілдіруде, өндірістік процестердің тимділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын;

3) әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық – құқықтық негізделген компьютерлік модельдер және жобалар;

2.Зерттелген жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні компьютерде басылуы тиіс және мынадай мазмұнда:

- титул парағы;

- мазмұны;

- абстракт (аңдатпа) қазақ немесе орыс тілдерінде (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты),сондай – ақ ағылшын тілінде;



- кіріспе;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі.

2) титулка парағында мыналар көрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;

- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

- жұмыстың атауы;

- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

- жетекшінің аты – жөні;

- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;

3) абстракт (аңдатпа) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді:

- Зеттеудің мақсаты;

- Гипотезасы;

- Кезеңдері, зеттеудің рәсімі;

- Эксперименттің әдістемесі;

- Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;

- Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;

- Нәтиженің іс жүзінде пайдаланатын саласы;

4) кіріспеде (екі беттен артық емес) зерттеу тақырыбының өзектілігін, жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;

5) жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) мына құрылымда тұруы мүмкін:

Таңдап алынған тақырып бойынша жұмысты орындау қажеттілігіне көз жеткізетін және мақсатын (міндетін) тұжырымдауға мүмкіндік беретін белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу жасау;алға қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;жұмыстың нәтижесі және оны талқылау;безендіру материалдары (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

6) пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақшада берілуі керек. Мәтінде кездесетін сілтемелер нөмірлермен реттелуі тиіс;

7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарын қамтиды;

8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:

- автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;

- мақала және журналдың аты-жөні (журналдық мақалалар үшін);

- журнал және кітаптың аты;

- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);

- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.

9) әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.

10) республикалық ғылыми жарыстың қорытынды кезеңіне (баяндамаға) 135x125 (см)2 көлемдегі стендте көрсетілетін материалдарды дайындау ұсынылады.

3. Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1) стендтің жоғарғы жағында көлденеңінен абстракты, қатысушының аты-жөні, жасы, мектебі, қаласы, облысының атауы көрсетілуі қажет;

2) стендтегі материалдар жұмыс мазмұнын айқындап, нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындылар енгізіліп, эстетикалық талғаммен рәсімделген болуы қажет;

3) мазмұнын дайындауда жоба авторының алған нәтижелерін негізге алу қажет.

Байқауға қатысатын командалар:

Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейджиктері болуы керек.

«Дарын» қосымша білім беру орталығына 2021 жылдың қырқүйек айына дейін тіркелмеген жұмыстар, 2022 жылда өтетін халықаралық кезеңіне жіберілмейтінін естеріңізге саламыз. Әр оқушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігінің көшірмесі болуы қажет.

Марапаттау. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Әр секция бойынша 3 жүлделі орын белгіленеді. Жүлдегерлер БҚО білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қазылар алқасы белгіленген критерийлерге сәйкес жеңімпаздарды анықтайды, және шешімі қайта қаралмайды.