Файл: Аутизмі бар баланы мектепте оуын йымдастыру, олара психологиялыпедагогикалы олдау крсету.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 131
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аутизмі бар баланың мектепте оқуын ұйымдастыру, оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.Бала мектеп жасына жеткенде мектеп мекемесін таңдау мәселесі туындайды. Батыс елдерінде аутизмі бар балаларды оқытуға арналаған арнайы мектептер бар. Қазақстанда эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балаларға арналған білім беру ұйымдарының ашылуы мүмкін, бірақ мұндай арнайы мектептерді ашудың қажеттілігі екіұшты. Аутизмі бар балалардың негізгі проблемасы қарым-қатынастың бұзылуында болса, олармен жүргізілетін түзету жұмысының мақсаты – әлеуметтік бейімдеу, аутисттерді олар үшін керемет жағдай жасалған күннің өзінде арнайы балабақшада немесе мектепте бір жерге жинап бөлектеу – қарама-қайшы келеді. Сондықтан аутизмі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейтін процестердің ең тиімді жолы – инклюзивті білім беру болып табылады. Мектеп өміріне аутизмі бар балаларды біріктіруде бірнеше шарттар орындалуы қажет. Оларға жататындар:
Балаға өз уақытында қосымша жеке көмек те көрсетілуі керек – ол оқу дағдыларының тәртіптеріне сәйкес қарастырылуы қажет. Алғашқы уақытта психолог пен арнайы педагог баламен бірге отырып, оған мектеп тәртібін игеруге, қиындықтарды жеңуге, кедергілердің алдын-алуға көмектеседі. Аутизмі бар балаларға жеке психологиялық көмекті мүмкіндігінше үнемі көрсеткен жөн. Мұндай балалардың көпшілігі өзін бағдарлауда және қоршаған орта жайлы білуде арнайы сабақтарды қажет етеді, басқа адамдар туралы түсінігінде, коммуникативті және бірлесу дағдыларын меңгеруді, тұрмыстық икемсіздікті және әлеуметтік ақаулықты жеңуді талап етеді.
2. А.К.Ерсарина «Аутизмі бар балаларды мектепте оқыту» мұғалімдерге арналған практикалық басшылық - Алматы, 2011.
-
Баланы мектепке даярлау.
-
Мейірімді қарым-қатынас және эмоционалдық қолдау.
-
Мектеп өміріне ойластырылған және нақты ұйымдастырылған жағдайлар.
-
Баланың әлеуметтік, эмоционалдық және тұлғалық дамуына бағытталған жеке психологиялық жұмыс.
Балаға өз уақытында қосымша жеке көмек те көрсетілуі керек – ол оқу дағдыларының тәртіптеріне сәйкес қарастырылуы қажет. Алғашқы уақытта психолог пен арнайы педагог баламен бірге отырып, оған мектеп тәртібін игеруге, қиындықтарды жеңуге, кедергілердің алдын-алуға көмектеседі. Аутизмі бар балаларға жеке психологиялық көмекті мүмкіндігінше үнемі көрсеткен жөн. Мұндай балалардың көпшілігі өзін бағдарлауда және қоршаған орта жайлы білуде арнайы сабақтарды қажет етеді, басқа адамдар туралы түсінігінде, коммуникативті және бірлесу дағдыларын меңгеруді, тұрмыстық икемсіздікті және әлеуметтік ақаулықты жеңуді талап етеді.
-
Мұғалімнің кәсіби қолдауы.
-
Кәсіби маманның аутизмі бар балалар жайында кеңес беруі; -
Аутизмі бар балалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету; -
Психологиялық (психотерапиялық) қолдау.
-
Отбасының қолдауы және ата-аналардың мамандармен, мұғаліммен байланысының үйлесімділігі.
-
Құрдастарының баланы ерекше сыныптасы ретінде қабылдауы және түсінуі.
2. А.К.Ерсарина «Аутизмі бар балаларды мектепте оқыту» мұғалімдерге арналған практикалық басшылық - Алматы, 2011.
-
Баймұханова М.Е. Аутист балаларға психологиялық көмек көрсету.- Алматы, 2011.