Файл: Бекітемін Мектеп директорыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:__________

Мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Байдрахманова
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі

«№109 орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар





Күні, айы:

26.01.2023 ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: №109

Мұғалімнің аты-жөні:

Ә.Нұржанова

Сынып: 6 А

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару.

Сабақ мақсаты:

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру

1) Сәлемдесу;

2) Оқушыларды түгелдеу;

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

4) Топқа бөлу.

Оқушылар сәлемдеседі,кезекші мәлімдеме береді,түстер арқылы топқа бөлінеді






Сабақтың ортасы



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№876(2)

Апалы-сіңлілі үш қыз 12 кәмпитті бөлгенде ең кішісіне ең үлкен апасына қарағанда 3 есе артық, ортаңғы сіңлісіне 2 есе артық кәмпит келді. Қыздардың әрқайсысында қанша кәмпит бар?

Жауабы: Апасында 2, ортаңғы сіңлісінде 4, кіші сіңлісінде 6 кәмпит

ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу:

Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығару үшін алдымен есептің шарты бойынша теңдеу құрастыру керек.

Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығаруға мысалдар қарастырайық:

1-мысал. Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158км. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы мен ең үлкен найзағайдың ұзындығын табыыңдар.

Шешуі: ең қысқа найзағайдың ұзындығын х км деп белгілейік. Сонда ең ұзын найзағайдың ұзындығы (х+140)км болады.

Есептің шарты бойынша олардың қосындысының мәні 158км. Демек, х+(х+140)=158 теңдеуін құрастырамыз. Оны шығару үшін теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз: 2х+140=158 немесе 2х=18, x=9. Олай болса, ең қысқа найзағайдың ұзындығы 9км, ең ұзын найзағайдың ұзындығы 149км.

Жауабы: 9км, 149км.

ІV. Сыныппен жұмыс. Топтық жұмыс.

№877

АВ кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісінің ұзындығынан 2 см артық. Егер АВ кесіндісінің ұзындығын 3 есе арттырса, онда нәтижесі тең болады. АВ және CD кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар.

Шешуі: АВ=10cм x+12=3x

CD=3x 2x=12

A x+2+10 B x=6cм

C 3x D 3х=3·6=18см

АВ=18см, CD=18см

№878

Бірінші сөреде екіншіге қарағанда 3 есе артық кітап бар. Егер бірінші сөреден 8 кітап алып, екіншісіне 32 кітап қосса, сөрелердегі кітаптар саны тең болады. Әр сөреде қанша кітап бар?

Шешуі: І ІІ

3x – 8 = x + 32

2x = 40

x = 20 (ІІ) 3x = 3·20 = 60 (І)

№880

Бір сан екіншісінен 4,5 есе артық. Егер үлкен саннан 54-ті азайтып, кішісіне 72-ні қосса, нәтижелер бірдей болады. Берілген сандарды табыңдар.

Шешуі: I II

4,5х – 54 = x + 72

3,5x = 126

x = 36 (II) 4,5x = 4,5·36 = 162 (I)

Жұптық жұмыс.

№881

Велосипедшінің жылдамдығы 10км/сағ. Ол жылдамдығын 20%-ға арттырып, межеге 4 сағ ерте келді. Велосипедші қандай жол жүрген?

Шешуі: Vb= 10км/сағ

V-сын 20%арт. Vb=102=12км/сағ

t = 4 сағ S=Vb·t=12·4=48км

№882

Кітап сөрелерінің бірінші қатарында екіншіге қарағанда 3 есе артық кітап, екі қатарда барлығы 72 кітап бар№ бірінші қатардағы кітаптар саны неге тең?

Шешуі: І ІІ

3x + x = 72

4x = 72

x = 18 (II) 3x = 3·18 = 54кітап (І)

№883

Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық, екі қорапта барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған?

Шешуі: І ІІ

2х + x = 48

3x = 48

x = 16 (II) 2x = 2·16 = 32 (I)

Жеке жұмыс.

№884

Ауладағы тауық пен балапанның жалпы саны 20. Егер тауық саны балапан санынан 4 есе кем болса, онда аулада қанша балапан жүр?

Шешуі: тауық балапан

х + 4х = 20

5х = 20

x = 4(тауық) 4x = 4·4 = 16(балапан)

№885

Ауладағы үйрек пен балапанның жалпы саны 16. Егер үйрек саны балапан санынанн 3 есе кем болса, онда аулада қанша балапан бар?

Шешуі: үйрек балапан

x + 3x = 16

4x = 16

x = 4(үйрек) 3x = 3·4 = 12(балапан)


Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығару үшін алдымен есептің шарты бойынша теңдеу құрастырып алады,теңдеудің түбірін табады,тексереді




Ауызша мадақтау арқылы бағалау

Жұлдызша арқылы бағалау

Смайлик арқылы бағалау






V. Сергіту сәті.

1) Әкесінің жасы 34 жаста, ал баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болатынын тап.

Шешуі: Айталық, әкесі баласынан екі есе үлкен болу үшін x жыл өтсін. Онда мына теңдеу аламыз:

34 + x = 2⋅(11 + x)

34 + x = 2⋅11 + 2⋅x

34 + x = 22 + 2⋅x

x = 12

Жауабы: әкесі баласынан 12 жылдан кейінекі есе үлкен болады.

2) Сөмкеде кәмпиттер бар. Әр балаға 6 кәмпиттен таратып берсе, 2 кәмпит жетпей қалады, 5 кәмпиттен таратса, сөмкеде 16 кәмпит қалып қояды. Сөмкеде неше кәмпит бар?

Шешуі: Айталық, x - сөмкеде жатқан кәмпиттер саны болсын. Онда мына теңдеу пайда болады:

(x + 2) : 6 = (x – 16) : 5

(x + 2) ⋅ 5 = (x – 16) ⋅ 6

5 ⋅ x + 5 ⋅ 2 = 6 ⋅ x – 96

x = 106

Жауабы: сөмкеде 106 кәмпит бар.

Оқушылар тапсырманы орындайды,шарт құрады,теңдеуді шешеді





Bilimland сайты

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма: §30. №879

Рефлексия мен кері байланыс: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?