ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Менің көршім
“Бір шатырдың астында тұрамыз, ә, аға, біз...
Тату көрші болайық, биік сонда-бағамыз;
Көрші тату болғанда, қажет пе екен шекара
Қабырғаны тесейік-төте болсын екі ара”-деп ақын ағаларымыз айтқандай тату тәтті көрші болу үшін міндетті түрде жақын болудың қажеті жоқ. Көршілік қатынастың жанды өзегін – өзара сыйластық, мияттастық, тілектестік, қамқорлық, бір-бірін сүйеніш көрушілік, қалтықсыз сенім мен адалдық құрайды.Отбасының қандай екенін алыстан емес,көршісінен сұра деген қазақта жақсы сөз бар.Әр бір күнін сеніменен бастап,сеніменен батыратын көрші деген жанашыр жандарғой.
Сондай-ақ, «сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла» деген бабаларымыз жаңа мекен, қоныс таңдағанда, болашақ көршілерінің қандай адамдар екендігіне немқұрайлы қарамаған. Өйткені, болашақ өмірдің көп қызығы мен шыжығы нақ сол көршілердің инабаттылықтарына, адамгершілік болмыстарына, тәлім-тәрбиесі мен рухани-мәдени өрісіне байланысты болатын қарым-қатынас сипаттарынан туындайды ғой! Ауыл-үйдің берекесін кетіретін орынсыз дау-дамайдан, жазықсыз жанды жаралайтын жалған жала, күндеуден, көрсеқызар іштарлық, қызғаныштан немесе кемсіту, көзге ілмеуден, тоң-торыс суық қабақтан жапа шекпеу үшін, өзіңнің опалы көрші бола білуің ғана емес, болашақ көршіңді таңдай, тани білудің де маңызы зор.
Жамандықты көп қуған
Бір бәлеге жолығар.
Жақсылықты көп қуған
Бақ дәулетке молығар - демекші менің неше жыл өзінің адал еңбегімен балаларға білім берген Махмуджан Расулов деген көршім бар.Ол кісінің ұлты өзбек.Талай жыл мектепке өз еңбегін сіңіріп балаларға адал еңбекпенен білім беріп,өз жақсылығын қалдырды.Еңбек еткен жалықпас,үйретуден балаға демекші ол кісі өзінің талай жылдық тәжірбиесінің арқасында талай бала білім алып түлеп шықты.Қаншама адам өз қалаған мамандығы бойынша білім алып осы кісінің ізін қуып келе жатқандарда жетерлік.Адамға ең жақсы жақсылық білгеніңді өзгеге үйретіп,білмегеніңді сұрап ,толықтырып жақсылық жасау.Ол кісінің адамгершілігі,мейірбандығы,балаға деген көзқарасы ерекше.Бар баланың бойында бір дарын бар екенін сезе білген Махмуджан ағамыз бойындағы өнерді ашпайынша тыным таппай жұмыс істейтін.Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген.Бұл кісінің жақсылығын әрдайым ауыз толтырып айтып жүруге болады.
Қорытындылай келе,қандай адам болсада,жақсылығы жетерлік көрші болғанға не жетсін.Көршіңді күндей берсең,көшіресің дегендей бар көршіні бар кезінде бағалай біліп тату болып жүру міне нағыз бақыт.
Түлкібас ауданы
Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептің
8-В оқушысы Назмина Рахманкулова