Файл: дістемелік кеес хаттамасы 3 30 желтосан 2022 жыл Траалы етуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әдістемелік кеңес хаттамасы

3
30 желтоқсан 2022 жыл
Төрағалық етуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-

А.Ж.Сакенова

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ

1.Ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өткен педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрықпен таныстыру.

2. 4-9 сыныптардағы PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысы.

3.1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша модерация жүргізуді бақылау.
ТЫҢДАЛДЫ:

СӨЙЛЕГЕНДЕР: Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.Ж.Сакенова әдістемелік кеңестің күн тәртібімен таныстырды.

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.Ж.Сакенова ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өтетін педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрықпен таныстырды. Төлек Ж, Бигажы Көпжасар педагог-модератор ұлттық біліктілік тесттің өтпеуіне байланысты келесі кезеңге ауыстырылды, Мейрам Март педагог санатына тапсырып, тиісті балл көрсеткішін ала алмады.

Шешімі: Педагогттер тест тапсыруға дайындық жұмыстары жүргізілсін. Мейрам Мартқа қажетті балл жинай алмағаны үшін біліктілк санаты берілмесін.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды. Дайындық жұмыстарды жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Шешімі: PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілсін.

Үшінші мәселе бойынша бірлестік жетекшілері 2-9 сыныптарда 1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша модерация жүргізуді бақылау жұмыстарымен таныстырды.Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылатынына тоқталды.


Шешімі:1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндерге жүргізілген модерацияны бақылау қанағаттанарлық деп есептелсін.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады:
1. Педагогттер тест тапсыруға дайындық жұмыстары жүргізілсін. Мейрам Мартқа қажетті балл жинай алмағаны үшін біліктілк санаты берілмесін.

2. PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілсін.

3.1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндерге жүргізілген модерацияны бақылау қанағаттанарлық деп есептелсін.

Сарыкөл ауылы НОМ мектепішілік олимпиаданың қорытындысымен мәлімет.

Олимпиада мақсаты:  Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау. Мектепішілік олимпиадаға  барлығы 31оқушы қатысты. Соның ішінде 3 сыныптан – 4, 4 сыныптан – 5, 5 сыныптан – 2, 6 сыныптан – 4 оқушы қатыстырылды.7-сыныптан 3 оқушы, 9 сыныптан-2 оқушы қатысты.Олимпиадаға гуманитарлық пәндер бойынша –25 оқушы, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша – 6 оқушы қатысты. Жалпы оқушы санының 36 % -ын құрайды. Әрбір пән бойынша оқушылардың мектепішілік олимпиадаға қатысу белсенділігі келесі нәтижеден көрініс тапты:3 сынып-4 оқушы, 4 сынып-5 оқушы Қазақ тілі –  9 оқушы, орыс тілі – 2 оқушы, ағылшын тілі – 2 оқушы, қазақстан тарихы – 3 оқушы, математика – 4 оқушы, биология – 2 оқушы, Әрбір пән бойынша сараптамалық талдау қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: 3-9 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша І орын алған 9 оқушы  қалалық олимпиадаға өтіп отыр. Орыс тілінен 6 сынып оқушысы Ишманов Сұңғат І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты. Қазақ тілінен тілінен 6 сынып оқушысы Карибаева Жансая І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты. Қазақстан тарихынан 7 сынып оқушысы Нұрмағанбетов Дархан І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты. Математика пәнінен 7сынып оқушысы Тәуекел Жәдігер мен 6 сынып оқушысы Далайхан Алмас І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты.

Биология пәнінен 7 сынып оқушысы Нұрхамит Бекназар І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты. 3- сынып оқушысы Нұрмағанбет Досхан І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты 4-сынып оқушысы Далайхан Күміс І дәрежелі дипломмен марапатталғандығын айтты.



І орын иеленген 5-6 сынып оқушылары аудандық пән олимпиадасына қатысып 6 оқушы қатысқаны үшін сертификат алды. Алдағы қаңтардың16-20 аралығында 7-8 сынып оқушыларын Daryn online платформасымен дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Ж.Сакенова

Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.Ж.Сакенова ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өткен педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрықпен таныстырды. (Тізімдерін көрсетіп, қай мұғалім қай санатқа ұсынылғанын және алған санаты көрсетілу керек.)

  1. Соңғы мәселе бойынша 1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша жүргізлген модерация талдауын көрсетілді. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.А.Мұхтаров жалпылама Шағын жинақталған мектептер үшін модерация ережесіне тоқталып өтті: ШЖМ үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады: - дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген; - жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген; 36 - балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; - жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылатынына тоқталды. (өзіңіздің мектебіңіз бойынша жасалған модерцияға бап болса тоқталып жазу керек)



Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады:


  1. Мектепішілік пән олимпиадасының жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өткен педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрыққа сәйкес қаңтар айынан бастап педагог қызметкерлердің жалақысына есептелсін.

  3. 1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндерге жүргізілген модерацияны бақылау қанағаттанарлық деп есептелсін.


Әдістемелік кеңес төрайымы А.А.Мұхтаров

Хатшы Х.Х.Ххххххххх