Файл: Жеіл атлетика секциясына балаларды іріктеуді дістемелік ерекшеліктері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 153
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2. Жеңіл атлетика секциясының іріктелу ерекшеліктері.
Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Жеңіл атлетика халықты дене шынықтыруға тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальді негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функциональдік дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады.
Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады.
Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады.
Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді.
Осы жаттығуларды дене шынықтыру дайындығысабақтарында жүйелі қолдану моральді ерік жігер қасиеттерінің дамуына септігін тигізеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады.
Жеңіл атлетикамен шүғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – жеңіл атлетикамен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану .
1.3. Балаларды іріктеудегі дене дамуының ерекшеліктері.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы.
Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Балалар | Жасы | |||||
6 | 7 | 10 | 12 | 15 | 17 | |
Ер балалар | 1200 | 1400 | 1630 | 1975 | 2600 | 3520 |
Қыз балалар | 1100 | 1200 | 1460 | 1905 | 2530 | 2760 |
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.
Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді.
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.
Жасы | 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 | 44 |
5 | 26 |
15-20 | 20 |
20-25 | 18 |
25-30 | 16 |
30-35 | 18 |
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны
Дене қасиеттері | Бір жылдағы орташа дамуы | Жалпы дамуы | ||
ұлдар | қыздар | ұлдар | қыздар | |
Жылдамдық | 3,9 | 2,9 | 15,4 | 11,5 |
Күш | 15,8 | 18,4 | 79,0 | 92,0 |
Жалпы төзімділік | 3,3 | 2,1 | 13,0 | 8,4 |
Жылдамдық төзімділігі | 4,1 | 1,0 | 16,4 | 4,0 |
Күш төзімділігі | 9,4 | 3,3 | 37,5 | 13,1 |
Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.