Файл: Жеіл атлетика секциясына балаларды іріктеуді дістемелік ерекшеліктері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 158
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.
«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.
«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.
«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.
Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.
Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.
Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.
Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.
Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.
Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.
Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.
1. Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
2. Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
3. Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.
Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш... деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.
Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.
Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.
Денсаулық қағидалары:
«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.
2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
3. Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт - сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
4. Ішкен, жеген сайын және де ертеңді - кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
5. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
6. Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
7. Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
8. Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
9. Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
10. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
11. Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
12. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
13. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы - ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты - жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты - жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».
Дене шынықтырудың пайдасы.
Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.
Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.
Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:
1. Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
2. Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
3. Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
4. Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
5. Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
6. Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
7. Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
8. Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
9. Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
10. Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.
Ой еңбегі және дене шынықтыру.
Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.
Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:
1. Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
2. Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
3. Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
4. Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
5. Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.