ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 47
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-
экономикалык, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен
қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
(айнымалы) ; шығыстық;
-
статикалық (тұрақты) немесе динамикалық -
алғашқы (кірістік), туынды (аралық.) немесе -
басқарушы және мәлімет беруші; -
объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік(анықтық),
бағалылык; маңыздылық(актуалдык), айкындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өндеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін корғап, иісті белгілер калдырып кетеді.
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.
Жарғанат караңғыда ұшканда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.
Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай
хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.
Ақпарат беру мен өндеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің
қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.
Ақпаратты өндеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.
Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты колдана отырып, ақпарат беріп,
оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.
Баска сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өндейді және кабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т. б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:
-
Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, жарық, жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;
-
Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.
Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Акпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өндеу құралдарыньң болуын
ескереді.
Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл акпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы — бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.
Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.
Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.
Кім ақпарат хабарласа сол акпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты к,абылдап алса, онда ол акпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б. Ал ақпарат тасуьпл: сынып тактасы, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискет, сурет, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындагы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
-
Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б. -
Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады. -
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері: арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Тапсырмалар:
Жұмыс дәптеріндегі 1.1.1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? -
Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады? -
Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды? -
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір -
Адам ақпаратты қалай сақтайды? -
Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі? -
Қандай процестерді ақпаратттық процесс деп атайды? -
Қатынас тілі дегеніміз не? -
Қандай тілдерді білесіңдер? -
Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
Үй тапсырма: 3-бет. 1.1 тақырынты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.1.7, 8, 9 тапсырмаларды орындау
№3 сабақ
Сыныбы: Күні: Мүғалімі: Тексерген_____________
Сабақтың тақырыбы:Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. АSСІІ коды
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және
сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің
көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау
жүйесімен, АSСІІ кодтарымен таныстыру;
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамыту шылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
-
Оқушыларды ұйымдастыру -
Үйге берілген тапсырманы тексеру -
Жаңа тақырыпты түсіндіру -
Тапсырмаларды орындау -
Сабақты бекіту -
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? -
Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады? -
Байланыс тілі деп нені айтады? -
Қандай тілдерді білесіңдер? -
Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды? -
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын снгналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен түратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
АSСП коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты коды.
Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты, баламалы.
Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен копьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2-суретте келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін
• Мәтіннің әр символының кодон АSСІІ кестесінен табу керек. Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолды4
номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру керек.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Кодтау мен кері кодтау деген не? -
Бит, байт деген не? -
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды? -
Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау
№4 сабақ
Сыныбы: Күні: Мүғалімі: Тексерген_____________
Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау
Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты
жеткізудің, өңдеудің техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік:Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы
бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабардың ақпаратық көлемін
есептеуге үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабакта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері Сабактың өту барысы:
-
Оқушыларды ұйымдастыру . -
Үйге берілген тапсырманы тексеру . -
Жаңа тақырыпты түсіндіру. -
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту. -
Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Кодтау мен кері кодтау деген не? -
Бит, байт деген не? -
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды? -
АSСІІ коды дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
Жаңа түсініктер:
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.