Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 431

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Практикалық тапсырма

Оқулықтағы 120 беттегі 5-суреттегі Өзің орында тапсырмаларын орындауға беремін.

С онымен бірге мына суреттерді копьютерде салып қойып, оқушыларға салуға ұсынамын.

Үлгерген оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. Құю құралын қолдану. Редакторда тәжірибелік жұмыс.
Сабақ мақсаты: а) Paint графикалық редакторының құралдарымен оқушыларды таныстыру.
Б) Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндңрмелі баяндау сабағы

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторы құралдары. Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу.

Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік. Кане кім айтады?

  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?


Жаңа сабақ Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. Құю құралын қолдану. Сабақ соңында тақырыпты бекітуге практикалық жұмыс орындалады.


  1. Қисық сызықты салу реті.

Сызық батырмасын шерту

Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдау.

Түзу сызықтты салу әрекеттерін орындау керек.

Маустың сол жақ батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанына басыңдар да, оны иіліс жаққа апарыңдар.


Осы әрекеттерді екінші иіліс үшін де қайталаңдар.

Егер қисық көңілдегідей иілмесе, онда екінші иілісті аяқтамай тұрып, оны жоюға болады. Ол үшін маустың екі батырмасын қатар басу керек.


  1. Көпбұрышттарды салу.

Көпбұрыш батырмасында мауспен шерту

Көпбұрыш типін таңдау.

Бірінші сызықты салу

Екінші сызықты салу және т.с.с.


  1. Құю құралын пайдалану.

Құю батырмасында маусты шерту

Түс палитрасынан түс таңдау

Бояғыларың келетін тұйық контурдың ішінде мауспен шертіңдер


  1. Бүріккіш құралын пайдалану

Бүріккіш батырмасын мауспен шертіңдер

Түс палитрасында түс таңдаңдар

Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар

Бояуды қажетті жерге бүркіңдер.


  1. Қылқаламмен сурет салу

Қылқаламды шертіп, пішінін, түсін, өлшемін таңдап қылқаламмен сурет сала беруге болады.

  1. Өшіргіш құралын пайдалану

Өшіргіш құралын басып, оның өлшемін таңдап, өшіретін сызықтың үстінде маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, жүргізсе сызық өшеді.

Жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтар.

  1. Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?

  2. Көпбұрыштарды салу құралын пайдалану реті қандай?

  3. Құю құралын пайдалану реті қандай?

  4. Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?

  5. Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?

  6. Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?


Тақырыпты бекітуге практикалық жұмыс. Аталған құралдарды қолданып мына суретті салып шығу. Сурет мұғалімнің компьютерінің мониторында бейнеленіп тұрады. Жұмыстың мазмұны оқушыларға үлестіріледі.


  1. Тік төртбұрыш, эллипс, сызық құралдарын қолданып, үй сал.

  2. Заливка құралымен үйді боя.

  3. Горизонт сыз. (экранды көлденеңінен екіге бөл.)

  4. Суреттің жоғары бөлігі - аспанды көгілдір түспен, ал төменгі бөлігі – шөпті жасыл түспен боя.

  5. Жоғары сол жақтағы бұрышқа күннің суретін сал.

  6. Бүріккіш көмегімен бұлттарды ақ түспен сал.



Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



Топ :













Күні:














Тақырыбы: Редактор командалары. Болдырмау командасы. Суретті сақтау. Мәтіні бар суреттер салу. Редакторда тәжірибелік жұмыс.
Сабақ мақсаты: а) Графиктік редактормен жұмыс жасауға үйрету. Болдырмау командаларын пайдалануды үйрету. Суретті сақтауға үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.
Б) Отменить командасын пайдалану, Сохранить командасын пайдалануды, суретке мәтін кірістіруді меңгерту.
В) Оқушыларға редактормен жұмыс жасағанда жұмыстың тез әрі оңай жолын іздеуге, қолайлы тәсілдерді қолдана білуге, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі – баяндау сабағы.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты практикалық жұмыс орындату.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. Құю құралын қолдану. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.

  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?

  8. Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?

  9. Көпбұрыштарды салу құралын пайдалану реті қандай?

  10. Құю құралын пайдалану реті қандай?

  11. Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?

  12. Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?

  13. Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?


Жаңа сабақ Редактор командалары. Болдырмау командасы. Суретті сақтау. Мәтіні бар суреттер салу. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Болдырмау командасы.

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмай жатса, оған бола қиналып қажеті жоқ. Соңғы үш әрекетті әрқашан да болдырмауға болады. Ол үшін Правка-Отменить командасын пайдаланыңдар.Ал Правка-Отменить командасын орындау соңғы әрекетті орындатпайды. Ал оның алдындағы әрекетті болдырмау үшін осы команданы тағы да бір рет қайталау қажет.
Қайталау командасы.

Егер сендер бір әрекетті қателесіп болдырмай алып тастаған болсаңдар, немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны
Правка-Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады.Оны да үш рет қайталауға болады.

Суретті қалай сақтауға болады.

Салған суреттерді келесіде қолдану үшін оны дискідегі файлда ат беріп сақтау керек.

Графиктік редакторда құжатты бірінші рет сақтағанда Файл-Сохранить как.. командасын қолданады. Сонда экранда Сохранение терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын басады. Қайталап сақтағанда Файл-Сохранить командасын орындайды. Бұл кезде сурет сол алғашық атымен сол файлда сақталады.
Мәтіні бар суреттерді салу.

Салған суреттеріңе мәтін қосуға болады. Ол үшін:

  1. Надпись құралын таңдаңдар.

  2. Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар.Сонда жақтау ішінде кірістіру меңзері пайда болады.

  3. Пернетақтадан қажет мәтінді енгізіңдер.

  4. Егер шрифт өлшемін өзгерту керек болса, немесе оларды курсив, қарайтылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал-саймандар тақтасы қолданылады.

  5. Мәтінді енгізіп, өзгертіп болғасын мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.

Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда Вид-Панель атрибутов текста командасын орындау арқылы құрал-саймандар тақтасын шығаруға болады.
Суреттерді қалай ашады.

Дискідегі сақтаулы суретті ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орнластырып, оны екі рет шертіңдер.

Егер сендер редактормен жұмыс барысында жаңадан құжат жасау керек болса, Файл-Создать командасын орындаңдар.

Практикалық жұмыс.

Берілген суретті салып, Ауыл планы деген атпен сақтап қой.


Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзіндіерді көбейту. Үзіндіні жою. Редакторда тәжірибелік жұмыс.


Сабақ мақсаты: а) Үзінділерді белгілеуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету. Үзіндіні жоюға, көшіруге, жылдытуға және көбейтуге үйрету.
Б) Сурет салу кезінде үзінділермен орындалатын әрекеттерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушлырадың эстетикалық талғамдарын дамыту, әсемдікті, әдемілікті бейнелеуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикум элменттері бар түсіндірмелі көрнекілікті

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс тапсыру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА?

Үй тапсырмасы Редактор командалары. Болдырмау командасы. Суретті сақтау. Мәтіні бар суреттер салу. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

    1. Соңғы әрекетті болдырмау командасы қандай?

    2. Соңғы қанша әрекетті болдырмауға болады?

    3. Соңғы әрекетті қайталау командасы қандай?

    4. Соңғы қанша әрекетті қайталауға болады?

    5. Суретті алғаш сақтағанда қандай команда орындалады?

    6. Paint файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?

    7. Суретті екінші және одан кейін сақтағанда қандай команеда орындалады?

    8. Суретке мәтін кіргізу үшін қандай құрал қолданылады?

    9. Шрифт құралдар тақтасы жоқ жоқ болса, оны қалай шығаруға болады?

    10. Суретке мәтін кіргізу ретін айтып шығыңдар.

Жаңа сабақ Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзіндіерді көбейту. Үзіндіні жою. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Үзінді дегеніміз - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Суреттің бір бөлігін белгілеу үшін құралдар тақтасындағы ерікті аймақты белгілеу және тікбұрышты аймақты белгілеу құралдары қолданылады. Бірінші құралмен (Выделение произвольной области) ерікті түрдегі үзіндіні белгілеп алады. Екінші құралмен (Выделение) тікбұрышты үзіндіні белгілейді.

Үзінділермен мынадай операциялар орындауға болады.

  1. Алмасу буферіне қиып алу.

  2. Алмасу буферіне көшіру.

  3. Басқа жерге апару.

  4. Басқа жерге көшіру.

  5. Сурет бойынша «көбейту».

  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.

  7. Масштабын өзгерту, қисайту.

  8. Төңкеру және бұру.

  9. Түсін өзгерту.

  10. Жою.


Үзіндіні көшіру мен жылжыту.

(Орындалатын әрекеттер реті компьютерде демонстрацияланады.)