Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 1499
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Сыныбы : | | | | |
| Күні: | | | | |
-
Жалпы; -
ДК - де жұмыс істеу алдындағы; -
Жұмыс кезіндегі; -
Апатты жағдайдағы; -
Жұмыс аяқталғандағы:
-
Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады. -
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды. -
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. -
ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. -
Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады. -
ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. -
Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды. -
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
-
Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек. -
Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек. -
Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
-
ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см. -
Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ. -
Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады. -
Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс. -
Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек
-
ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек. -
Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек. -
Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек. -
Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады. -
Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
-
Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек. -
Жұмыс орнын ретке келтіру керек. -
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
-
Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек. -
Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек. -
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек. -
Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
-
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек. -
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек. -
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек. -
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
-
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек. -
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
-
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек. -
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек. -
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
-
Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары. -
сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау. -
Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.
-
Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру. -
Басты кезекпен екі жаққа бұру. -
Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту. -
Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
| Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары: | Қажеттігі: |
| Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары | Жарақатты таңу үшін |
| Қан тоқтатуға қажет буу таспасы | Қан тоқтату үшін |
| Жабысқақ пластырь | Жарақат таңу, бекіту үшін |
| Дәе (3 дана) | Жарақатты таңып байлау үшін |
| Пакеттегі мақта (3 дана) | Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін |
| Йод | Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу |
| Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка) | Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін |
| Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі | Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу |
| Мүсәтір спирті | Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін |
| Кордиамин | Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық) |
| Резеңке қолғап (1 жұп) | Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін. |
Сабақ аяқталды Сау болыңыздар.
| Сыныбы : | | | | |
| Күні: | | | | |