Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 1506
Скачиваний: 1
, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.
ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радиның пайда болуы ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-білуге мүмкіндік тудырды.
Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы «біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді» деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады.
Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым-қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы арқылы түсіндіріледі.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.
Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.
Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.
М
Қабылдаушы
Ортасы
Көзі
ысал:
Қонақ есікке келіп қоңырау соғып тұр.
Үй иесі
Қонақ
Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.
Қоян
Аңшы
Екі достың телефонмен сөйлесуі
Дос
Дос
(Оқушылардың көмегімен тақтаға схема сызылады)
Ал адам ақпаратпен не ітей алады, деген сұраққа жауап берелік.
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады. Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, түрлі таспалар, дискілер т.б. қолданылады.Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз. Бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидар көргенде, кітап оқығанда т.б. Кітап оқығанда сен қабылдаушы, ал автор жолдаушы болады. Сонымен ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуге пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі т.ь. жатады.Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпарат өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.Мысалы, есепті шешу барысында сендер:Есептің шартын оқисыңдар – ақпарат аласыңдар.Есепті шешесіңдер – ақпаратты өңдейсіңдер.Нәтижесін оқытушыға көрсетесіңдер – оған ақпарат бересіңдер.Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс. Ақпарат өңдеу (қиын жағдайдан шығу кезінде)кезінде адам жаңа ақпараттар ойлап табуы мүмкін.Сонымен адам ақпаратты сақтайды, өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.Тапсырма:Сені ойыңша берілген ақпараттық процестердің қөайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле. Әр процесте ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу әр түрлі мөлшерде болады. Мұның ішінде басым түсетінін белгілеу керек. Жауап әр түрлі болуы мүмкін.
| Процессс | Жеткізу | Сақтау | Өңдеу |
| 1.Кітап оқу | + | | |
| 2.Күнделікке баға қою | | | + |
| 3. Математикадан есеп шығару | | | + |
| 4. Есікке қоңырау соғу. | + | | |
| 5. Компьютерде ойнау | + | | + |
| 6. Диктант жазу | + | | + |
| 7. Тақпақ жаттау | | + | |
| 8. Суретке түсу. | + | + | |
| 9. Балмұздақ сатып алу. | + | | + |
Адам ақпарат үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та сондай қажет.Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адам ең көп ақпаратты көру мен есту арқылы алады (90 пайыз). Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөледі.Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.Жазба мәтін, ауызекі сөз әртүрлі таңбалардан тұрады. Дыбыстық таңбалар – фонемдер. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Қатынас тілдері – табиғи және жасанды болып бөлінеді.Табиғи қатынас тіліне орыс, қазақ, ағылшын т.б. тілдер жатады.Жасанды қатынас тіліне математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.Әр тілдің өз алфавиті, яғни символдар жиыны болады. Бұл осы тілдің таңбалары.Тапсырма:
| Бейнелі | Ақпарат | Таңбалық | |
| Тіл | |||
| Табиғи | Жасанды | ||
| | Сынып журналындағы бағалар | | + |
| + | Айвазовскийдң «Девятий вал» суреті | | |
| | Радиодан диктордың хабарлары | + | |
| + | Компьютер ойыны | | |
| | Градусник көрсетуі | | + |
| + | Ауру адамның түрі | | |
| + | Сағат тілінің көрсетуі | | + |
| + | Сабақтан шығу қоңырауы | | |
| | Жол белгілері | | + |
| | Ерте кездегі тайпа тіліндегі мәтін | + | |
| + | Теледидардағы хоккей ойыны | | |
| | Бағдаршам сигналы | | + |
| + | Жайсыз орындық | | |
| + | Фотосуреттер | | |
| | Көбейту кестесі | | + |
| | Кітап | + | |
| + | Жұмсақ орындық | | |
| | Математикалық формула | | + |
| + | Күлкі | | |
| | Ноталар | | + |
| + | Жұлдызды аспан | | |
Бекіту сұрақтары:
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? -
Сендер ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар. -
Адам ақпаратты қайда сақтайды? -
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер. -
Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі? -
Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.? -
Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат? -
Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады? -
Табиғи қатынас тілге не жатады? -
Жасанды қатынас тілге не жатады?
| Сыныбы : | | | | |
| Күні: | | | | |
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? -
Сендер ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар. -
Адам ақпаратты қайда сақтайды? -
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер. -
Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі? -
Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.? -
Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат? -
Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады? -
Табиғи қатынас тілге не жатады? -
Жасанды қатынас тілге не жатады?