Файл: Пн малімі Изимов х т оу ісіні мегерушісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

11 А сынып

06.11.2019ж

Пән мұғалімі: Изимов Х Т

Оқу ісінің меңгерушісі


Сабақ тақырыбы:

Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру

Жалпы мақсат пен міндеттері

Оқушыларды компьютерлік  графика  ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды  пайдалану барысында жүйелілікке  тәрбиелеу

Оқу нәтижесі:

Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

-Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді


Сілтеме

11 сынып оқулығы,қосымша әдебиеттер

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

АКТ – ны пайдалану

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге арналған сергіту жаттығулары), ДК, дәптер, оқулық,

Ұ йымдастыру

Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

Компьюьерлік вирустар түрлерін білесіңдер?

Вирусқа қарсы программаларды ата?

Вирустан сақтану шаралары қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:



Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады

1. Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 
2. Векторлық графиканың ерекшеліктері: 
Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және 
тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. 
3. Фрактальдық графиканың ерекшеліктері: 
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз . 
4. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі: 
Растрық графиканың артықшылығы: оның кез келген бөлігін өзгертуге, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға болады.Кемшілігі: Үлкейткенде оның көрінісі дөрекіленіп, керісінше кішірейткенде оның сапаасы нашарлап кетеді. 
5. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі: 
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. 

Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графика негізін кез келген жоғарғы білікті маман білуі керек. 
Компьютерлер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар.
Түс ерекшелігіне қарай: қара-ақ және түрлі-түсті болып ажыратылады.
Қолдану бағыты:
1)Инженерлік графика;
2)Web-графика;
3)Ғылыми графика
4)Iскерлік графика 
5)Конструкторлық графика
6)Иллюстрациялык көрнектi графика 
7)Көркем және жарнамалық графика (Художественная графика) т.б
Компьютерлік графика:
1)Растрлық графика.
2)Векторлық графика.
3)Фрактальдық графика болып бөлінеді.
Растрлық графика.
Дисплей экранында жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған. 
Растрлық кескіндер мозаика тәріздес
Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал.Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.
Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады
Векторлық:
Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т.б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Құндылығы:
Сапаны жоғалтпайды. Шексіз үлкейтуге болады.
Айырмашылықтары:
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте. 
Векторлық графикада - сызық. 
Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні
Фрактальды графика:
Математикалық есептеулерде негізделген. Кескіндердің негізгі элементі - математикалық формула. Фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді, ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар. 

Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады.
Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық. 
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б .
Компьютерлік гафиканың пайдасы:
1)Графикалық примитивтерді (сызық,төртбұрыш т.б) салу.
2)Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3)Сурет салу, бояу.
4)Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5)Көркем хабарлама дайындау.
6)Сақтау. Редакциялау. 

Сабақты бекіту сұрақтары

Расторлық графика дегеніміз не?

Векторлық графика дегеніміз не


Оқушы әрекеті

Сұрақтарға жауап береді

Үй тапсырмасы Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру тақырыбын оқу. Өз бетінше ғаламтордан қосымша мәлімет іздеу


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.