ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 14.11.2019
Просмотров: 496
Скачиваний: 1
«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы туралы
Бірінші жалпықазақ съезінің қарарларында осы кезден-ақ мемлекеттік құрылыстың ұлттық түрін құру жолдары қарастырыла бастағаны белгілі. Мысалы: съезд қаулыларында »осы күнгі тұрақты өскер орнына халық милициясы құрылсын» деп ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде де отырықшылардыкі секілді тоқтаусыз солостной земство ашылсын» деп Земскілік басқару жүйесінің қазақ шындығына бейімделген түрік ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық айрықша сот» құруды жақтап шықты.
Съездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселесі бойынша қабылдаған шешімдері қазақ демократиялық интеллигенциясының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Мәселен, съезд оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ол әйел теңдігіне байланысты «әйеддер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі өзінде болсын, қалыңмал жоғалсын деп көрсетіп қаулы қабылдады
Сондай-ақ съезд халықты бірнеше тізім жасап өзді-өзімен таласып кетуден сақтандырып, ондай болған жағдайда қазақ жұрты өзіне сыбағалы депутаттық орнын өзге жұртқа беріп қоятындығын ескертіп «бір облыста бір списоктен артық болмасын, ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын» деді
Жалпықазақ съезі «Шоран Исламда» қазақ өкілдері болсын, бірақ оның ағзалары әр халықтың санына қарай анықталсын, соған байланысты қазақ өкілдерінің санын кобейту жағы тез арада шешілсін деп көрсетіп, «Шоран исламға» мүшелікке 8 адамды сайлайды.
Сонымен бірге съезд Жетісудағы қайғылы оқиғаларға байланысты, оларға шек қоюды сұрап әскери және Ішкі істер министрлеріне жеделхат жолдады. Осы облыстағы «ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға Алаш баласы жәрдем беруін» өтінді.
Бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдады: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шоран исламға» сайланған қазақ окілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная парламентная республикаға құрылмақ.
Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді
Қазақ съезі партияның жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады».
Қаулы тұжырымдамасы: Біріншіден,
құрылатын партия
парламенттік
негізде, демократиялық
принциптерді басшылыққа алған, қазақ
елінің ұлттық мүддесін қорғауды мақсат
тұтқан саяси партия болуға тиіс.
Екіншіден, партияның бағдарламасының
жобасын «Шоран исламға» сайланған қазақ
өкілдері жасап, оны облыстық қазақ
комитеттерінің талқысына ұсынады.
Талқыдан өткен жоба Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған қазақ депутаттарының қарауына түсіп, бекітіледі. Үшіншіден, қазақ саяси партиясының бағдарламасы дайын болғанша Құрылтай жиналысына депутатыққа сайлауға түсетін кандидаттар бірінші жалпықазақ съезінің қаулыларын өздеріне міндет деп түсінулері қажет.
Енді партияның бағдарламасы жөнінде, «Шоран исламдағы» сайланған қазақ өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі «Қазақ» басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. «Қазақ» басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: «Алаштың дұшмандары «Алаш» партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, «Қазаққа» да «Алаш» партиясының жобасы басылып шықса екен(44). Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар «өз алдына «Үш жүз» атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу(45). «Қазақ» газеті 1917 12-ноябрь №28.
Міне, осындай жағдайдан соң «Қазақтың» 21-қараша күнгі санында «Алаш» партиясының бағдарламасы шығады(46). М.Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында «Алаш» партиясы бағдарламасының өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті:
«Сол жылғы (1917ж) күзгі айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялылары, бастығы Бөкейханұлы мен Байтұрсынұлы «Алаш» партиясын жасауға ұйғарып, программ жобасын (проект программасы) жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойынша қалды, еш уақытта «Алаш» партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған жоқ, оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.
Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса «Алаш» бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?
«Алаш» партиясы өз бағдараламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын қалайтындығын білдірді.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа енгізген болатын Соңғы жылдарға дейін «Қазақ» газетінің қолға түспеуіне байланысты, тарихшылар негізінен осы Мартыненко аудармасын пайдаланып, сол бойынша тұжырымдыр жасап келді. Белгілі бір саяси мақсатты көздеген бұл аудармада «Алаш» бағдарламасында аса маңызды принциптік ойларды саналы түрде бұрмалаушылық орын алған еді. Мәселен, біріншіден, ұсынылып, отырған текстің жоба екендігі ескерілмейді, демек, оқырман оны қабылданған бағдарлама есебінде қабылдауы керек еді, екіншіден аудармада жоба тарауларының аты аталмай, құжаттық саяси-әлеуметтік бағыты әдейі солғын көрсетілді.
Мысалы келтіретін болсақ: «Мемлекет қалпы» атты тараудағы «федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі» дсгсн сөйлем «федерация-союз мелких государств» есебінде аударылып, мүлдем басқа реңк алады. «Жер мәселесі» атты тараудағы «бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту» деген сейлем, Мартыненко аудармасында: «Все ранее отобранные у киргиз переселенцами земли должны быть возвращены обратно»(48)- деп ашықтан ашық бұрмалапады. Осы тараудағы сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу» деген сөйлем «киргизы должны получить земли с более плодородной почвой» деп аударылды. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бұл аударма, оқырманға «Алаш» партиясын сеператистік, «Қазақстан қазақтар үшін!» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген саяси ұйым етіп көрсетуді көздеді. Бірінші жалпықазақ съезі қаулысын және партия бағдарламасын дайындау кезінде ұлт зиялылары мемлекеттік дербестік мәселесіне өлі де болса үлкен сақтықпен қарады.
Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр болатын.
Ал «Алаш» бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.
«Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды «,- деп жазды(49).
Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен салынады(50).
Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан анық байқаған еді. «Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең» болады. «Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға- еркіншілік», заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.
Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламада жер мәселесі арнайы тарауда қаралып, негізінен бірінші жалпықазақ съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.
Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.
Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз «Алаш» партиясын «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.
Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты
бірінші тарауы
қазіргі заң ғылыми
тілімен айтқанда «Мемлекеттік құрылым»
мағынасын білдіреді.
Онда: Россия
демократическая федеративная республика
болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің
Ресей құрамында болып, федеративтік
құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі
қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі.
Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының
бағдарламасында, дәл,
қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты,
экономикалық мүддеде «ынтымағы бір»,
ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық
дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы
айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі
жариялаған федерециядан мередем айрықша
дербестікті жария еткен мемлекеттік
құрылым(51).
«Алаш» партиясының қызметіне А.Кенжиннің тарихи баға беру жөнінде» деген мақаласынан.
Өнеркәсібі дамымаған, сондықтан да индустриялық пролетариаты жоқ деуге болатын Қырғызияда (Қазақстанда-ред) ақпан революциясына дейін. Осы сөздің нақты мағынасында алғанда жекелеген саяси партиялар (кадет, социал-демократиялық, социалист-революционерлер) қатарында болған адамдарды қоспағанда, саяси партиялар болған емес. Рас, мұндай адамдардан басқа, патша өкіметінің езгісіне көзқарасы жөнінен революциялық пиғылдағы азын-аулақ зиялылар да болды.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қырғызияда зиялылардың кең топтары арасында бұрын болып көрмеген өрлеу байқалады. Съезден кейін съезд және т.б. өткізілуде.
Қырғыз халқының буржуазиялық-демократиялық топтарының өкілдері социалист -революционерлер партиясына жазылуда.
Ол кезде социал-демократтар партиясына кіретін адамдар сирек кездесетін еді.
Түрлі партиялардың Құрылтай жиналысы алдындағы үгіт науқаны қырғыз халқы басшыларының алдына қай саяси партияға қосылу керек, кімнің тұғырнамасы мен тактикасын ұстану керек деген мәселе қойды.
Зиялылардың жоғары топтары белгілі бір партиялардың бағдарламаларын саяси талаптарының еңбекші бұқараға емес, жалпы қырғыз халқына қолайлы болуы тұрғысынан сынға алып, неліктен екені белгісіз, «бірде бір партияның» бағдарламасы қырғыздардың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс жағдайларына сай емес деген қорытындыға келеді.
Бұл мәселе қырғыздардың мерзімді
баспасөзінде 1917 жылғы маусым айында
Бүкілқырғыздық І-съезді шақыру туралы
мәселенің қойылуымен бір мезгілде
көтерілген еді, ал онда, неліктен екені
белгісіз, партиялық емес съезде партия
бағдарламасының жобасын талқылау
көзделген болатын.
Шынында да, 1917
жылы шілденің 21-інен 26-сына дейін
Орынбор қаласында
өткен
Бүкілқырғыздық І-съезде
«қырғыздар үшін»
саяси партия құру
туралы мәселе талқыланды.
Съезд «қырғыздар үшін» ерекше саяси партия құру, мұның үстіне оның бағдараламасының жобасын әзірлеуді мұсылмандардың Бүкілқырғыздық Кеңесіне (Петроградта) сайланған өкілдерге тапсыру қажет деп тапты. Партия құру туралы съезде былай делінді:
«Бағдарламаның негізіне демократиялық (парламентарлық) федерациялық республика принциптері алынуға тиіс: бағдарлама әзірлеу жөнінен Бүкілресейлік Мұсылман кеңесіне мүше қырғыздар оны қырғыз облыстық азаматтық комитеттеріне сарапқа салуға жіберуге міндетті Бағдарламаны Құрылтай жиналысындағы қырғыздардан тұратын жалпы жиналыс түпкілікті бекітуге тиіс».
Бүкілресейлік Мүсылман кеңесіне тағайындалған қырғыз өкілдері дер кезінде бас қоса алмады. Сондықтан ерекше қырғыз партиясы бағдарламасының жобасы жасалмай қалды.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сол кезде Орынбордағы оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық комитеті де жоқ «Алаш» партиясының атынан бүісіл қырғыз өлкесі бойынша қырғыздардан Құрылтай Жиналысына мүшелікке кандидаттардың тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.