ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 14.11.2019
Просмотров: 498
Скачиваний: 1
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі «негізгі құқық» деп аталады. Жоба бөлімінің бірінші сөйлемінде былай делінген: «Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Кеңес конституциясынды жалпы демократиялық құқықтар мен бостандықтардың орнына таптық қағида баянды етілді, ол бойынша еңбекшілерге есептелмеген адамдар барлық құқықтары мен бостандықтарынан айрылды. Тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен «Алаш» партиясы қайраткерлерінің айтқаны дұрыс болып шықты(55). 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында былай делінген:
«1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өз жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Үшінші бөлімнің «негізгі құқықтар» деп аталуы тегін емес. Оған талдау жасаудың көрсетіп отырғандай, онда адамның қазір демократиялық елдердің конституцияларында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарының негізгі идеялары келтірілген. «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының осы бөлімінің теңдесі жоқ маңызы да мәні осында.
Төртінші бөлім «Дін ісі» деп аталады. Орыс тілінде келтірілген тексте аса маңызды мынадай бір қағида аударылмаған: «Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы. Дін біткенге тең құқық. Аударма авторына алашордашылардың басқа діндерді қабылдамайтынын, тек исламды насихаттайтынын дәлелдеу керек болған.
IV бөлімінің қорытынды бөлігінде былай делінген: «Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болуы, жесір дауы сотта қаралуы».
«Алаш» партиясының дінге көзқарасын жинақты құрастырушы «өлтіре» сынға алған. Аудармаға түсіндірмеде дінді мемлекеттен бөлу мәселесінде Алашорда бағдарламасы тіпті буржузиялық реформаның талаптарына да жете алмады деп көрсетілген. Бағдарламада шіркеуді мемлекеттен бөлу танылады және сонымен бірге неке қиюды, тууды, өлуді, ажырасуды тіркеу сияқты мемлекеттік міндеттер атқару молдаларда қалдырылған дейді( 56).
Бесінші бөлім «Билік һәм сот» деп аталады «Алаштың» негізін салушылар билердің терең халықтық тамырларын, билер сотының жалпы игі ықпалы мен маңызын біліп, оларды жаңа жағдайларда пайдаланғысы келді. Кеңес өкіметі бастапқыда билер соттарын таныды, ол халық соттары деп аталды.
Қазіргі Қазақстанда билер соты идеясы қайтадан өз жақтастарын тауып отыр. Кейбір жерлерде ол қазірдің өзінде, әрине, жаңа тарихи жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылуда.
Белімде сот жүйесінің негізгі қағидалары берілген:
1. Сот ісін жүргізу жергілікті халық тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан билер мен судьялар бұл тілді білуге тиіс. Халқы аралас тұратын сот таргеуі мен сот шешімі сол жерде көпшілік болып табылатын тілде жүргізілуге тиіс.
2. Судъялар мен билерге ешкімнің тиісуіне болмайды.
-
Сот әділдігі мен сот алдындағы барлық адамдар тең.
Билер мен судьялар құдайдан кейінгі ең құдіретті адамдар болғандықтан, жұрттың бәрі олардың шешімін орындауға тиіс. Алашордашылар қабылдаған осынау ежелгі қағиданың мағынасы қандай терең десеңізші. Сот шешімі дереу орындамауга тиіс!
Алашорданың негізін қалаушылар мынадай демократиялық идея ұсынады: күрделі емес істерді билер, судьялар жеке-дара қарауға тиіс, ал күрделі істерді, дұрысырақ айтқанда, қатаң жаза қолдану қаупі төнетін қылмысты присяжныйлар соты қарауға тиіс.Нақ осы идея Қазақстанда қазір, 80 жылдан соң іске асырылып отыр(57).
VIбөлім «Ел қорғау» деп аталады. Әскер уақытша үкімет тұсындағыға қарағанда басқа негіздерде ұйымдастырылуға тиіс. Әскери міндеттілерді жергілікті жерлерде оқыту және қызмет еткізуді енгізу ұсынылды. Әскери бөлімдер әскер түрлері бойынша бөлінуге тиіс. Қазақтар қызметті атты милиция түрінде атқаруға тиіс болды. Мұнда әкімшілік- аумақтық құрылыс негізіне алынған әскери қызмет өтеу реті де ескеріледі.
Алаш партиясы бағдарламасының жобасында
VII»салық»
бөлімінде: «Салық-малауқат,
табысқа қарай: байға-байша, кедейге
-кедейше ғаділ жолмен тартылу»,-
делінген.
Бағдарлама жобасының осы тармағына
жинақты құрастырушы
Н.Мартыненко
жазған түсініктеме қызықты. Ол былай
деп жазған: «Это была попытка заигрывания
с беднотой аула, это была удочка, на
которую хотели поймать трудящихся.
Последние же убедились, кого Алаш -Орда
действительно считет мироедами и кого
-товарищами. Для нее товарищами были
колчаковцы, дутовские офицеры, свои
собственные муллы и баи». Бүкіл «өлтіре»
сынаудың бәрі міне осы: бет
алды, еш
дәлелсіз айыптау және бір құбылысты
екіншісімен
алмастыру. Шынына
келгенде, бағдарлама жобасының
аталған
қағидасы өте ізгілікті және
демократиялық жоба болатын. Бұл
қағиданың
бастау көзін Ж.Ақбаевтан табамыз, ал ол
кезде
болашақтағы белгілі заңгер
әлі С-Петербург университеті
заң
факультетінің студенті болатын.
Бағдарлама жобасының VIII
бөлімі
жұмысшылар мәселесіне арналған. Таптық
принципті
ұстанатын большевиктер
жұмысшыларды жетекші тап ретінде
қоғамдағы
өзге күштерден жоғары қойса, Алаш
қайраткерлері
оларға «жұмысшылар
закон панасында болады» деп тек
құқықтық
қисын тұрғысынан баға береді және бұл
мәселе бойынша меньшевиктер позициясын
жақтайтынын мәлімдейді(59).
Бағдарламаның IX бөлімі «Ғылым-білім үйрету» деп аталады. Онда: білім барша жұрттың игілігі болуға тиіс, деген эте маңызды қағида бар. Бұл демократиялық әрі ізгілікті сағида еді. Кеңес өкіметі қанаушы элементтердің білім алу құқығын шектеді. Бірінші РКФСР Конституциясында (1918 ж) былай деп жазылған: «Еңбекшілердің білімге шын мәнінде қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылар толық, жан-жақты және тегін білім беруді өзіне мақсат етіп қояды(60).
Алаш партиясының бағдарламасы бойынша жалпы білім беру барша жұртқа: қазақтарға да, орыстарға да, жұмысшылар мен шаруаларға да, кәсіпкерлерге және т.б. да таратылатын. Мектеп автономиясы, оқу үрдісіне үкіметтің араласпауы ұсынылды. Бұл идеялар қазіргі уақытта да құнын жойған жоқ.
Қорытынды X бөлім «Жер мәселесі» деп аталған. Бұл бөлімнің орыс тіліне аудармасы әдейі бұрмаланып жасалған. «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін». Бұл сөйлем былай деп аударылған: При выработке земельного закона в учредительном собрании в основу должно ложиться наделение землею в первую очередь «туземцев». «Жергілікті жұрт» деген «туземцы» емес, қайта «местный население» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама жобасының қазақ тексінен де көрінеді. Мәселен, бесінші бөлімінде сөйлем: «аралас жерде соттың тергеу-тексеру һәм хүкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылады» деп жазылған. Бұл ретте әңгіме құрамы әр түрлі ұлттар тұратын жерлерде сот тергеу қайсысы көпшілік болса, сол тілде жүргізілетін жайында болып отыр. Біздің көз жеткізе дәлелдегеніміз сияқты, «Алаш» партиясының негізін салушылар интернационалистер еді. Алайда болыпевиктер оларды ұлтшылдар деп көрсеткісі келді.(61)
Бағдарламадан үзінді келтірсек: «Бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы». Осы маңызды қағидаға аудармашы мынадай мағына берген: «Всераннее отобранные у киргиз псреселенцами земли должны быть возвращены обратно». Бұл жерде де аудармашыны қазақ тілін білмейді деп ақтауға болмайды. Түп нұсқада қатысушылар үшін алынған, бірақ шаруалар қоныстанбаған жерлерді қазақтарға қайтару жайында сөз болады. Былайша айтқанда, олардың арасында ортақ еш нәрсе жоқ. Егер орыс шаруалары қоныстанып үлгерген жер қайтарып алынар болса, ұлтаралық жанжал болмай қоймайды. Демек, аудармашы «Алаш» партиясын кертеартпа ұйым ретінде көрсетуді мақсат еткен.
Бағдарламаның жобасында жерді сатуға үзілді кесілді тыйым салынған. Жердің бүкіл байлығы: үлкен ормандар, өзендер мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Алаш партиясының жер мәселесі жөніндегі бағдарламасының негізгі жайларын Кеңес өкіметінің іске асырғанын атап өткен орынды. Б9л орайда бағдарлама тексі Кеңес органдарының қалыпты құжаттарымен сәйкес келетіні қайран қалдырады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің «Семей, Ақмола, Торғай және Орал губернияларында бос жатқан участкелерді еңбекші қырғыз халқына қайтарып беру туралы» 1921 жылғы екінші ақпандағы декретінің 1-бабында былай делінген:
«1) жоғарыда аталған губернияларда бұрынғы қоныстандыру басқармасы еңбекші қырғыз халқының пайдалануынан:
а) Ресейден келген қоныстанушыларды орналастыру үшін бөліп алған, бірақ 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін олар қоныстанбаған жөне ә) дворяндарға, капиталистерге, монастырларға және сол сияқты мақсаттарға ұзақ мерзімді жалға беру үшін алған учаскелер бос жатқан деп саналады».
Алаш партиясы бағдарламасы жобасының бірқатар қағидалары Қазақ АКСР-нің кеңестік маңызды заң құжаттарында «большевиктік идея» ретінде пайдаланылды.(62) Алайда, оның қайнар көзі ретінде Алаш бағдарламасы айтылмай, керісінше ол «кертартпа құжат» ретінде «өлтіре» сыналды. Соның негізінде ғылыми, саяси әдебиетте Алаш автономиясы, Алашорда үкіметі, Алаш партиясы туралы большевиктік баға ғана үстемдік ете бастады. Сондықтан БК(б)Г Қазақ өлкелік комитетінің шешімімен кітап жойылып жіберілді. Мартыненко кітабының да тағдыры осындай болды, өйткені онда да Алашорда туралы материалдар бар еді. Сөйтіп құжаттарға жаза қолданылды. Алашорда тақырыбын зерттеуге тыйым салынды.
.