Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 145

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».

Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.

Сақтар мен массагеттер еліне Ахаменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арақыс озенінң арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II-Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II-Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорықта массагет сақтар тайпаларына қарсы бағытталған; бұлардың жері Геродоттың ортоқарибантийлерінің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Жағырапиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербиктер, әбийлер, апасиақтар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.

Сондай-ақ тиграхауда сақтар Шашты, Таң-Шаңды және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Ескендір Зұлқарнайын замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дақ» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дақтардың (дайлардың) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б.з.б. III-ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагеттердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2).


Парсы сына жазуларының хаумаварға сақтар ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болып, грек деректемелерінде амюргий сақтар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий сактарды ежелгі Бақтрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді. Геродот былай деп жазады: «Бұл — амюргий сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.

Кир әскерінің басып кіруі

Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Тұмар еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Тұмарға жібереді. Бірақ Тұмар "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазады Рим тарихшысы Помпей Трог.

Сақ патшайымы Тұмар келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Тұмар парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Ыспарғапис жаудың соңынан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Тұмар қалың әскермен Кир жаққа аттанады.

54. Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы түсіндіріңіз.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.

Атауы


Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды.

Зерттелу тарихы


Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.

Географиясы


Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.

Жалпы сипаты


Қола дәуірінде және одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ,Қарқаралы, Aқкезең, 
Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыды.

Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер[1].

Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.Қола,ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы.Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар,әшекей бұйымдар табылған.

55.Қазақстан аумағынмекендеген сармат тайпаларытуралыанықтапберіңіз.

Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды. Олар ертеректе б.з.д. VIII—IV ғғ. савроматтар деп аталған. Савроматтар — далалық қола дәуірі тайпаларының ұрпақтары, қима мәдениеті мұрагерлері болып табылады. Б.з.д. IV ғасырдағы жазба дереккөздерінде савроматтарды сарматтар деп жиі атайды. Себебі, осы кезде савромат қоғамында қайта топтасулар жүрді. Ескі рутайпалың одақтар шығыстан келген (Қазақстан, Арал, Оралдың арғы жағы) тайпалар есебінен жаңа мәдениет қалыптастырды.Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады. Бұл ескерткіштің ерекшелігі — түркі тектес халықтарға тән қайқы қылыштың табылуы. Бұрын сарматтар дәуірінің (б.з.д. IV — б.з. II ғғ.) ескерткіштерінде тек семсер, қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі көне түркі тайпаларының дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайңы қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны Қазақстанның Батыс өңіріндегі сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туды.Сарматтар ірі саяси одаққа б.з.д. II—I ғасырларда ғана біріккен. Ғалымдар сармат тайпалар одағының языг, роксолан, аорс, алан сияқты бөлігі осы савроматтардан бөлініп шыққан деп есептейді. Олар Оңтүстік Орал, Еділ бойы мен Донның шығыс жағалауына дейінгі далалық аймақтарды мекендеген, негізінен, көшпенді тайпалардың тобын құрады.Сарматтар ірі саяси одақтар құрып, олардың батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.д. II—I ғасырларда Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырыммен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған. Б.з.б. I ғасырда Оңтүстік Кавказда Рим империясына қарсы күреске қатысты.


56.Қола дәуірінің өнеріне баға беріңіз.

Б. з. дейінгі ІІ мыңжыдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы метал бұйымдардың беріктігін күшейтеді Қоладан ұңғылы балталар мен суңгілер жасауды уйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырыңда андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан – Оңтүстук Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген.

Қола дәуірінде ыдыстар мен сәндік бұйымдарда,қару-жарақтарда,құрбандық шалатын орындар мен еңбек құралдарында олардың жасалуы мен олардың ою-өрнектер және суреттерКөлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек – жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнетелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардын тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөнгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларынның сүйектері де табылған..

57.Сақ мифологиясына мысал келтіріңіз.

Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне - күнге, оның күркіреуіне, найзағайға, жел - дауылға табынған. Осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат - самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, Евразия далалары өңірінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірі Митра «Авеста - Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатынасы болған.Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үнді-иран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді. Сақтардың әлемінің (космостық) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі - гармония, олардағы бір нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі - моделі оларға үш дүниенің - жерасты дүниесі -төменгінің, белорта дүниесі - жердің және жоғарғы дүние - аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы - сол, оң, алғы және артқы жақтары болған. Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ - скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып - сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады.ндағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында "жер айуандары" жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте - құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек, әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін: жерасты дүниесін, жер мен аспан-көкті бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын; шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзеті тұратын аңдар бейнелері қойылған. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты - батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты-тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем - дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық үғымдар.