Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 140

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Қазақстанның ежелгі заман тарихы» пәнінен емтихан сұрақтарының жауаптары.

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша археологиялық деректерді анықтаңыз және суреттеңіз.

Археология дегеніміз-тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты бір саласы. Археологтар зерттеуінің нәтижесінде ашылған алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңгірлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалр, қорғандар, қыстаулар, бұлар археологиялық ескерткіштерге, ал зерттеу нәтижесінде табылған тас құралдар,ыдысаяқтар, қыш құмыралар, тас балталар бұлар археологиялық деректерге жатады.

Мысалы, Хасан Алпысбаев Оңтүстік Қазақстандағы Жамбыл оюлысында ерте палеолитке жататын Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақтарын ашты. Бұл тұрақтардан 5000 жуық тас құралдар, кескіш, тескіш, тас балта, қырғыш тағы басқа тас құралдардың түрлері кездеседі. Бұл археологиялық зерттеудің нәтижесінде табылған бұйымдарға, яғни археологиялық деректерге сүйене отырып археологтар және тарихшылыр алғашқы адамның Қазақстан жерінде бұдан неше мың жыл бұрын пайда болғандығын және қай кезеңде өмір сүргендігін анықтайды.

  1. Ежелгі палеолиттік тұрақтарды сипаттап беріңіз.

Ежелгі Палеолиттік тұрақтарының ерте паеолиттің ашелль кезеңіне жататын Жамбыл облысындағы Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан Бөріқазған, Тәңірқазған. Бұл тұрақтарды Хасан Алпысбаев 1950-1960 жылдары зерттеді. Зерртеудің нәтижесінде 5000 жуық тас құралдарды тапты.

Ежелгі палеолиттің орта кезеңіне жататын Шоқан Уәлиханов атындағы тұрақ - палеолит дәуiрiнiң ескерткiшi. Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы Арыстанды өзенінiң оң жағалауында орналасқан.

1958 ж. Қаратау палеолит отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1959–62 ж. қазба жұмыстарын жүргiзген. 1983–84 ж. археолог Ж.Таймағанбетов қазба жұмыстарын жалғастырған. 2001–02 ж. Қазақстан – Ресей бiрiккен археологиялық экспедиция (жетекшілері А.П.Деревянко, Таймағанбетов), 2003–05 ж. Қазақстанның тас ғасырын зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедиция (жетекшісі Таймағанбетов) кең көлемде қазба жұмыстарын жүргiзiп, тың мағлұматтар алған. Ескерткiштiң басқа археологиялық нысандардан ерекшелiгi – мұнда 6 мәдени қабат аршылған. Әрбiр мәдени қабат палеолит дәуiрiнде адамдар тұрақты бiрнеше рет мекендегенiн көрсетедi. Қабаттар сары топырақ арқылы бөлiнген. Мәдени қатпарлардың 10 метрге дейiнгi қалыңдығы он мыңдаған жылдар бойы бұл жер алғашқы адамдардың өмiр сүруiне өте қолайлы мекен болғандығын айғақтайды. Тас құралдары шақпақ және халцедоннан дайындалған. Қазба барысында бiрнеше мың тас бұйымдары (дөңгелек өзектас, тас жаңқа, үшкiртас, екi жағынан өңделген шапқы құрал, қырғыш, жонғыш-қырғыш, кескiш, т.б.) аршып алынған.


  1. Қола дәуірінің негізгі кезеңдерін ашып беріңіз.

Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қалдырған ең үлкен мәдениеті-Андронов мәдениеті. Андронов мәдениеті Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан табылған. Андронов мәдениетіне ұқсас ескерткіштер Орта Азия ,Қазақстан, Сібір жерлерінен табылған. Андронов мәдениетінің таралу аймағына және өзіндік белгілеріне қарай қола дәуірі үш кезеңге бөлінеді:

  • Ерте қола кезеңі-б.з.б.ХVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті.

  • Орта қола кезеңі-б.з.б.XV-XII ғасырдағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері

  • Соңғы кезеңі-б.з.б.ХІ-VIII ғасырлардағы Алексеев, Замарев, Сарығара, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

  1. Сақтардың үш тобы айтылатын ежелгі деректерге анықтама беріңіз.

Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар:

хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер);

парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар).Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген.

  1. Ғұндардың құрылымына нақты тоқталып өтіңіз.

Ғұндардың басшысын тәңірқұты деп атаған. Ғұндар патриархтық-рулық құрылыстың кезінде тәңірқұтты ру ақсақалдары сайлайтын болса, Мөде әлеуметтік дамудың талабына сай мұндай сайлау жүйесін жойып, өзін тәңірқұт деп жариялаған. Тәңірқұт енді мұрагерлікке көшеді. Ғұн тәңірқұты өлсе, оның орнына ініс не үлкен ұлы билікке өз қолына алатын.

Үстем тап өкілдерінің баю көздерінің бірі соғыстан қолға түскен байлық болса, екінші көзі қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырып, оларға мал бақызып, егін айдататын. Сөйтіп Мөде тәңірқұты мемлекетің құлдық жүйесін құрды.

Ғұндар өздерінің құлдарын «з-лу» деп атаған. Ғұндарда ел

билеу лауазымдары сол, оң деген лауазымдармен белгіленді мәселен: сол, оң тужи уаңдар-кіші хандар; сол, оң гулилер-азық түлікке жауап беретін уәзірлер; сол, оң-ұлы қолбасшылар; сол, оң дувилер- әскер басылар; сол, оң данхулар- мал-жан есебін жүргізушілер; сол, оң гухулар-бақылаушылар; яғни тәртіп сақтаушылар. Жалпы ғұндарды әскер саны 300 мың болған.

  1. Үйсіндер шаруашылығының ерекшеліктерін ашып беріңіз.

Үйсіндер негізінен жартылай көшпелі мал шаруашылығымен және отырықшы егіншілікпен айналысқан. Үйсіндер негізінен жылқы, қой малын басым өсірген. Ол туралы Қытай жылнамаларында кездеседі. Үйсіндердің мал өсіру тәсілдері ерекше болған. Ол ерекшелік Жетісу аймағында мал шаруашылығымен егін шаруашылығын қатар жүргізудің әдіс-тәсілдерін ұштастыра білулерінде.

Үйсіндер көбінесе егіншілікпен айналысқан. Оған дәлел Кеген ауданы жеріндегі Ақтас қыстауын зерттегенде, үйсіндердің егін салумен айналысқандардың көрсететін құрал-саймандардың көптеп табылқандығы.

Үйсіндер суармалы және тәлімді егіншілікпен айналысқан. Суармалы егіншілік дегеніміз өңделген жерге арық-тоғандар тартылып, арықтардың арнасы табиғи көлбеулігіне байланысты су өздігінен ағатындай етіп жүргізіп қолмен суару. Тәлімді егіншілік суармай-ақ егін салу деген мағынаны білдіреді. Үйсіндер сарғылт-сұр топыраққа дәнді дақыл еккен кезде суғармаған-себебі үйсіндер артық ылғалдың зиян екендігін білген. Үйсіндер тары және арпа еккен.

7.Қаңлы халқы туралы Қытай деректерін сипаттап беріңіз.

8.Палеолит дәуірінде ежелгі адам еңбек құралының түрін анықтаңыз.

9. «Неолиттік төңкеріс»мәнін түсіндіріңіз.

10.Ботай мәдениетінің негізгі ескерткіштерін атап шығыңыз.

11. Қола дәуірі тұрғындарының өмірінде мал шаруашылығы мен

металлургияның дамуы қалай әсер еткенин өз бетіңізше түсіндіріңіз.

12.Тарих ғылымында андрон мәдениетінің пайда болуы туралы болжамдарды көрсетіңіз.
7)

Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген.

Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.


Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді, мақсаты - ел мен танысу, сауда байланысын жасау. Сол елдердің бірі қаңлылар. Қаңлылар туралы негізгі деректер Қытай дерекері болып табылпды. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар - б.з.5 ғасыры аралығында өмір сүрген.

Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген. Дегенмен осы екі мемлекет арасында яғни, Қытай мен Қаңлылар арасыңда соғыс болған яғни, Б. з. б 46 - 36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр. Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы, астанасы -

Битянь.

Қаңлы мемлекетінің қуатты болғандығы соншалық, олар сол кезде Хань әулеті билеген Ұлы Қытай империясын да мойындамаған. Атақты тарихшы Н.Я.Бичуриннің қытай жазбаларынан аударған дерегінде қаңлылар туралы былай делінген: «Қаңлы ханы өркөкірек, тәкаппар және елшілер алдында ешқашан бас имеген. Олар қытай елшілерін үйсіндердің, тіпті одан да төмен халықтар елшілерінің қатарына отырғызды. Хань императоры сенім артып жіберген елшілерді қаңлы ханы мен оның кеңесшілері ас-су ішіп болғаннан кейін ғана дастархан басына шақырған. Бұдан олардың Хань мемлекетін мойындамайтындарын, тіпті оларды өзімен көршілес халықтардан төмен қоятынын көреміз» делінген.

Қытай жазба деректері бойынша қаңлы елін хан билеген.

Қаңлы елі өз ішінен бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.

Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.

Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған.

Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.

Ал мәдениеті жайлы жазған деректерге келсек. Қаңлылардың қолөнер шеберлері білікті қолөнершілер болды. Олардың ыдыс-аяқтары өзгеше әсемділімен айрықша көзге түсетін. Қытайдың дереккөздеріне сәйкес, қаңлылар музыкаға, биге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген. Оларда екі жолақты және бес жолақты музыкалық аспаптар, дабыл, сыбызғы, сырнай секілді аспаптар болды. Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.

8)

... Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең осы тас дәуірі. Ал тас дәуірінің ішінде палеолит ең ұзақ кезең болып табылады.

Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң олардың табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Дегенмен, тас құралдарды жасауды үйрене отырып, олар тас құралдарды аңға қарсы қолдану әдістерін білді және күнделікті өмірде қолданды. Жалпы айтқанда олар еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлар әлемінен бөлінді. Негізінен еңбек құралдары ретінде қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар(чопинг), шапқы(чоппер) типтес құралдар қолданылса, аң аулауда қысқа сапты ағаш найза - дротик, ұшы сүйектен жасалған сүңгі - гарпун деп аталады, жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар - болос деп аталатын құралдар қолданылды.

Жамбыл облысындағы Арыстанды өзенінің бойы мен Қаратау жотасынан бұдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген алғашқы

адамдар жасаған еңбек құралдары табылған. Олардың ішінде үшкірленген тастар, шапқы, кескіш, шоқпар, аң сүйектерінен ойылған үшкір құралдар бар. Алғашқы адамдар кез келген тасты пайдаланған жоқ. Олар еңбек құралдарын жасаған кезде қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алған. Еңбек құралын жасауда жарған кезде өткір шет беретін тастар қолданылған. Сол кезден бастап адамдар тастардың қасиетін біліп, өңдеу үшін қажеттілерін

анықтай алған. Мысалы, Қаратау жотасы мықты және сапалы материал болып табылатын қара түсті шақпақтастарға бай. Және ретушь әдісі секілді тас құралдарды өңдеудің, өткірлеудің бірнеше әдістері болған.

...Археологиялық ескерткіштер арасында Қаратау өңірінен табылған Тәңірқазған және Бөріқазған тұрақтары ерекше құнды.

Бұл тұрақтар Қаратау маңында орналасқан. Бөріқазған мен Шабақты тұрақтарында 5000-нан аса еңбек құралдары табылған.

Олар Х. Алпысбаев басқарған экспедиция жұмысы барысында ашылды. Еңбек құралдарының негізгі материалы малта тастар