Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 142

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


болған. Осы тұрақтарда табылған еңбек құралдарының басым бөлігі соққылау әдісі арқылы жасалған . Бұл әдіс бойынша бір тасты екінші тасқа соққан, сөйтіп өткірленген имек жүзі бар тас құрал пайда болған. Олар көбінесе шабу және кесу құралдары ретінде қолданылды. Жалпы, осы тұрақтарда табылған еңбек құралдары Азия мен Африкадан табылған құралдарға ұқсас келеді. Оның дәлелі ретінде Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар. Бұл адамзаттың бір жолмен дамуы туралы пікірді растайтындай болып көрінеді.
9)

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, кетпенмен жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамының дамуында аса маңызды рөл атқарды және адамның кәсіби қабілетін кеңейтіп, мінез-құлқының сапасын жақсартты. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы. Осының нәтижесінде адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты қыш ыдыс – керамика жасауды үйренді. Сондықтан бұл дәуірді кейде «қыш құмыралар заманы» деп айтады. Бірақ, бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың сұлулыққа талпынысын байқаймыз. Ыдыстарға күйдірмей тұрып, жұмсақ кезінде, арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшамен немесе қарапайым қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған. Неолиттік егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда, айналадағы табиғатқа мүлдем басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбек қалыптасып, өнімді өздері өсіре бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Ғылымда бұл құбылыс "неолит төңкерісі" деп аталады. Мұнымен адамзаттың үздіксіз дамуының алғышарттары жасалды. Жаңа тас дәуірінде жер өңдеудің қалыптасуы әйелдер еңбегінің ауқымын кеңейте түсті. Олар тамақ жасап, бала тәрбиелеумен қатар жер жырту, егін егу, астық жинап, қамбаға тасу жұмыстарын атқарған. Әйелдер еңбегінің артуынан олар жетекші орынға шығып, қоғамда – аналық ру (матриархат) қалыптасты. Ендігі жерде туысқандық ана жағынан таралды. Аналық ру кезінде өндірістік еңбек құралдарына қауымдық меншік сақталды. Ру мүшелері бірге өмір сүріп, барлық мәселені ру кеңесі шешкен. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді.


Неолит кезеңін зерттеген ғалымдар бірқатар ғалымдар (А.А. Монгайт, т.б.) оның бұл пікірін қуаттамады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан Неолит дәуіріне жататын 800-дей ескерткіш табылған. Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт, В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б. ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі өндірістің және адам өмірінің көп салаларының қыр-сыры, маңызды өзгерістері пайымдалды.
10)

Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы біздің заманымыздан бұрынғы үшінші-екінші мыңжылдықтармен мерзімделеді. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйдің қабырғасының бір метрге жуығы – кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы – топырақпен дауал етіп шенделген қабырға. Қабырғаларға бөрене мен сырғауылдар салынған. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ал үйдің төбесінде түтін шығатын тесік қалдырылған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар – садақтың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды.
Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласында алғашқы жылқы малын қолға үйреткендер болды. Ботайлықтарды жылқы өсірген бақташы тайпалар деп атауға болады. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған. Жылқыны қолға үйрету, оны салт мініп жүруді, көлік ретінде пайдалануды ойлап табу адамзат дамуында прогрестің болғанын дәлелдейді. Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.

Осылайша адамның уақыт пен кеңістікті игеруінің негізі қаланды. Ботайлықтар адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білген, итті кие тұтып, оны табалдырық астына көметін ғұрыптары болған. Иттің өз иесінің үйін түрлі қауіптен қорғауы, иті өлген соң да қорғап жүреді деп сенуі Ботайлықтарды итке кие тұтуға алып келді. Далаға апарып көміп тастамай,табалдырық астына көмген. Өлген ит табалдырық астында жатқанда қорғай алады деген сенім болған.



Зерттеулердің тарихи маңызы – жаңа айтып кеткен жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Тастан, ағаштан және балшықтан жасалған ботайлықтардың қонысы дөңгелек пішінде болған. Жоғары жағынан түтін шығатын қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас.


Археологиялық Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды. Мұнда 60 000 сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найза

ұштары, сүйектен жасалған инелер, қыштан жасалған ыдыстар және т.б. табылды.

Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таңғалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтер шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді.

Жалпы Ботай мәдениеті әлі толық зерттелмеген десек те болады, яғни әлі ашылмаған тарихи сырлары баршылық.
11)

Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

Қола еңбек құралдары еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды. Қоладан жасалған құрал-саймандар мен жарақтардың пайда болуы үй салу, жиһаз, соқа, дөңгелек жасауға көмектесті.

Көне замандағы кен өндірушілердің қоныстары кенішке жақын орналасты. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көріктер жасалды.

Қола дәуірінде мал шаруашылығы көпшілік тайпалардың күнкөрісінің басты көзі болған. Мал басының өсуі үй маңындағы бақташылықтан малды алысырақ көшіп-қонып бағу әдісіне көшуге мәжбүрледі. Мал шарушылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың маңызы ерекше болды. Қола дәуірінде адамдар түйені де қолға үйретті.


Қоланың үлкен пайдалылығының арқасында адам баласы өз тіршілігіне қажеттіліктен көп өндіре бастады, артығымен сауда жасауға негіз болды. Бұл алғашқы сауда оны дамытқан қауымдастықтарды байытты.
12)

Андронов мәдениетінің қалай шықканы — пікірсайыс туғызып келе жатқан проблема, Бұл проблеманы шешудің қиындығына бұдан бұрынғы неолит пен энеолит дәуірлеріндегі ескерткіштердің жеткіліксіз зерттелуі себеп болып отыр.

Тарих ғылымында бірнеше болжам бар.

Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан және шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын.

Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік укладтарының жақын түрлеріне жеткізді.

Андронов қауымының тарихындағы күрделі әрі пікірсайыс туғызатын мәселелердің бірі тұрғындардың этникалық тегін анықтау болып табылады.

Бұл туралы да бірнеше пікірлер бар. Олардың біреуі бойынша андроновтықтар финн-угор этникалық тобына жатқан.

Үнді-иранныңн ежелгі жазбаша ескерткіштерін — Авестаны, Ригведаны, Атхарвавсданы, Яджурведаны, Шаталагханы және топономика мен ономастиканың басқа да деректерін, археологиялық материалдарды талдау негізінде тарих және филология ғылымында андронов тайпаларының үнді-иран немесе арий текті екендігі туралы болжам қалыптасқан?.

Кейінгі жылдарда тілшілер, түркологтар, этнографтар, тарихшылар арасында андронов тайпаларының түркі тілдес болғанытуралы болжам ұсынылатын бірқатар зерттеулер пайда болды.