Файл: 01. 03 Критериалды баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу

кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде

және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет

жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс

жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар

шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.

Жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала

дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін

кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. Бағалауға

кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет:

 оқушылардың қалай отыратыны, олар жеке, шусыз жұмыс

жасайтыны туралы ойлау қажет;

 оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың

жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның

арасы егер оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса, мұғалім мен

бақылаушылар оңай өте алатындай болуы керек;

 негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе

флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;

 оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген

көмекші құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып

тастау қажет.

Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың

тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз

жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған

заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым

салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге

нұсқаулық

Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және тоқсандық жиынтық

жұмысын орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді орындау керек:

 тапсырмалалар жазылған парақты төмен қаратып оқушылардың

партасына қояды және оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды;

 оқушыларға тоқсандық бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін

түсіндіреді;

 оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек

сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады;

 басталғанға дейін оқушыларда тапсырма орындауға керекті

құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар


қажет болса, мысалы: сызғыш немесе калькулятор, олар сұрақ

кітапшаларының алдында тұруы керек;

 оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты

толтыруын өтініңіз: оқушының аты жөні және сыныбы (мектебі)

толтырылады;

 бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға

тапсырманы орындауға қаншалықты уақыт бөлінгенін айтады. Бағалау

өткізуде оқушылардың бір-бірімен сөйлеспейтіндігі туралы естеріне салу

керек. Мұғалім нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс басталарға дейін

барлық сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізуі керек;

 барлық оқушылар ести алатындай, басталу және аяқталу уақытын

тақтаға жазып және дауыстап айту керек;

 бағалау кезінде оқушылардың өздерінің жеке жұмыс орындағанына

көз жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері және жұмысты бір-бірінен көшірмеулері

керек;

 оқушылардың тапсырма орындауында оларға көмектесетіндей,

қосымша тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз

жеткізіңіз (егер де осы заттар тест спецификациясында қарастырылмаса);

 оқушыларға мүмкіндігінше барлық тапсырмаларды орындаудың

міндетті екендігін түсіндіру қажет;

 оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргеннен гөрі сызып тастау

керектігін түсіндіру керек. Графикті немесе диаграмманы өшіруге және дұрыс

жауап боялып немесе асты сызылып берілсе өшіргішті қолданған дұрыс;

 «Ғылымға кіріспе» және «Математика» пәндері бойынша оқушыларға

шешу жолдарын көрсетуді, содан кейін ғана жауап бағанында соңғы дұрыс

жауапты жазу керектігін түсіндіру қажет;

 Бағалау кезінде, жұмыс орындау барысында мұғалім нұсқаулыққа

қатысты сұрақтарға жауап беруіне болады. Мұғалім оқушыларға жұмыс

орындауына көмектеспейді, сұрақтарды ауыстыруға немесе ақпарат алуға

көмектеспеуі тиіс.

Ішкі жиынтық бағалау кезінде мұғалім үнемі оқушыларды бақылап және

осыған көп көңіл бөлуі қажет. Қай оқушының қатысқанын немесе

қатыспағанынын белгілейді. Бағалаудың аяқталынуына 5 минут қалғаны

туралы оқушыларды хабарландырып отыру керек.

Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса,

оған өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын немесе жауап бермеген



сұрақтарын қайта қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Оқушылардан жұмысты

орындау үшін берілген уақыт аяқталған соң жауап жазуын тоқтатып, партаға

каламсап/қарындаштарын қоюларын өтіну керек. Оқушылардан сұрақтар

бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын қарап шығуды сұраңыз.

Барлық жұмыстарды жинап алғанға дейін оқушылардың тыныш отырып

және бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен

сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою

кестесін қолданып балл қояды.

Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс

жазылғанына көз жеткізеді.

Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу

жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін

қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі

оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға

түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей

болуы қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу

бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай

дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы

бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай

жоспарлауында қолдана алады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
Модерация оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже

қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс.

Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің

қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды

бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін

қаматамасыз етеді.

Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол

оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады.

Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау

мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық

бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде

пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.
Оқушы портфолиосы
Оқушының оқу жылы бойындағы ілгерілеуін бақылау мақсатында


мұғалім оқушының белгілі бір оқу кезеңдеріндегі орындаған жұмыстарын

сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңінде,

бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеуін, оқудағы нәтижені

көрсететін жеке жетістіктерін мақсатты түрде жинақтау. Портфолио

оқушылардың нәтижесін бағалауда әділдікті және шынайылықты қамтамасыз

ету мақсатында жинақталады.

Портфолио мұғалімге оқушылардың бағаланатын оқу мақсаттарына

жетуін анықтауға көмектесетін және жұмыс дәптерінің, оқушылардың салған

суреттерінің, практикалық жұмыс орындау барысындағы кестелерінің, зерттеу

жұмыстарының нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған

түсіндірмесінің дәлелінен тұрады. Оқушылардың бірнеше жұмыстары

электрондық түрде сақталуы мүмкін.

Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:

• Титулдық парағы.

• Пән бойынша бөлгіштер.

• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау

бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық

жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл

қою кестелері.

• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің

нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.

• Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.

• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы:

АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін

(кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта

сақталады (дискте).
Баға қою механизмі

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы

керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері

талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге

мүмкіндік береді.

Баға қою механизмі
1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады.

Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан

тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.

2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау
бөлім/ортақ

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.

Тоқсандық баға қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық

бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген.

Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес

бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына

байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқпулығында бөлім/ортақ

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау

арақатынасы көрсетіледі.