Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 5сынып аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 227
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы:
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым мен айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма лар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орындау уақыты, мин | Балл |
1-2 | 5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау | Толық жауап ты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұппен орындалады. Жұпқа хабарландыру мәтіні беріледі. Мәтінді тыңдап немесе оқып болған соң, әр оқушы мәтінде көтерілген басты мәселені өз сөзімен түсіндіреді. Осы мәтінде анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтып шығады. Әрқайсысы бір-бірінің жауабына келісу, келіспеу пікірін білдіреді, себебін түсіндіреді. Қажет болған жағдайда жұбының жауабын толықтырады. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
1-2 | 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау; 5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | Оқушы мәтіндерді оқып, 1-тапсырмада оларды өзара стильдері тұрғысынан салыстырады. Ерекшеліктерін көрсетеді. 2-тапсырмада әр мәтіннен негізгі, қосымша ақпараттарды анықтап, кестені толтырады. | 15 | 5 |
5 | |||||
1 | 5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу 5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану | Жазбаша толық жауап ты қажет ететін сұрақтар | Оқушы берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сипаттау эссесін жазады. Жазба жұмысында оқушының құрылымды сақтап, тақырыпты ашуы, сондай-ақ жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді таба алуы керек. | 25 | 10 |
Барлығы | | 40 минут | 30 |
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика
Бос уақыт және хобби. Морфология
І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
ЖЖ
1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.
[10]
1-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Желтоқсан айының 10-15 күндері аралығында қаламыздағы облыстық қазақ драма театрында көбелектер көремесі өтеді. Онда әлемдегі сирек кездесетін тіпті, қызыл кітапқа енген көбелек түрлері де бар. Тропикалық аймақтарда ғана кездесетін қанатты жәндіктер Филиппин мен Индонезиядан әкелінген. Көрмеге «Алтын құсқанатты», «Желкен палинур», «Көгілдір Морфо» сынды көбелектердің 10 түрі қойылған.
Көрменің жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00. Билеттер құны: Ересек бір адамға 800 тг, балаларға 600 тг. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру тегін.
Облыстық драма театр әкімшілігі
2-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ата-аналар назарына!
«Жас ұлан» қоғамдық қорыоқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында тамыз айының 5-10 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласына саяхат ұйымдастырады. Саяхат барысында Нұр-Сұлтанның ең көрікті жерлерін тамашалау көзделіп отыр. Саяхаттау маршруты:
-
«Бәйтерек» монументі; -
«Думан » ойын-сауық орталығы; -
«Ханшатыр»; -
Қазақстан Ұлттық мұражайы; -
Тәуелсіздік сарайы; -
«Қазақ елі» монументі;
Орындар шектеулі екендігін ескертеміз!
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 45.
Байланыс нөмірі: 8 7768971223
Оқылым
Тапсырма
1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні
Айгүл Жексенбайқызы: «Менің хоббиім – менің өмірлік жобама айналды»
– Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?
– Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал, әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. Ес кіргелі бері танып-білген киізді заттарды жинау – хоббиіме, хоббиім – менің өмірлік жобама айналды.
– Сіздер дайындайтын өнімге қаншалықты сұраныс түсуде? Көбінесе, қандай бұйымдарға қызығады?
– Қазіргі таңда киізден дайындалатын өнімдерге сұраныс өте көп. Алғашқы кездері халыққа қажетті деген бұйымдарды жасап, мекемелерге, ауыл-аймақтарға жарнамалаған едік. Енді, біздің өнімді өздері іздей бастады. Өйткені, шеберханамыздағы киізден жасалатын заттардың еш зияны жоқ, сапасы да жоғары.
– Компанияда неше адам жұмыс жасайды?
– Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде компаниямызда 15 адам жұмыс жасайды. Негізінде, 13 жыл ішінде 250 келіншекті осы өнерге баулыппын. Осы күнге дейін олармен бірлесе жұмыс жасап, біршама жетістіктерге жеттік.
– Сұхбатыңызға рахмет. Ұлттық брендіміздің ең үздік үлгісі болыңыздар!
Сұхбаттасқан Мөлдір Нұртай.
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
ҚР Ұлттық мұражайында 18-мамыр күні Халықаралық мұражай күніне орай, «Мұражайдағы түн» акциясы өтеді. Акция барысында Ұлттық мұражай қонақтары үшін көне әрі қазіргі Қазақстанның тарихы және мәдениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.
Ұйымдастырушы: Ұлттық мұражайдың ақпараттық қызметі.
А мәтіні | Ә мәтіні |
Стильдері | |
| |
Ерекшеліктері | |
| |
[5]
2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.
| А мәтіні | Ә мәтіні |
Не туралы? | | |
Негізгі ақпарат | | |
Қосымша ақпарат | | |
[5]
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 120-150 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазыңыз. Жұмысыңызға жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді қатыстырыңыз, астын сызыңыз.
[10]
Эссе құрылымы:
-
Кіріспе -
Негізгі бөлім
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
-
Қорытынды
-
«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деген мақалдағы ойды негізге ала отырып, өзіңіздің бос уақытыңызды қалай өткізетініңізді сипаттап эссе жазыңыз. -
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатпен байланысты, сол себепті ол біздің өмірімізде ерекше орын алады. «Табиғатты қорғау – міндетіміз» тақырыбында табиғатты қорғауға қалай үлес қосатыныңды сипаттап эссе жазыңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Коммуникативтік құзыреттілік | Грамматикалық құзыреттілік |
5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар кездеспейді. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді өте орынды пайдаланады. |
4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды пайдаланады. |
3 | Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікіріне дәлелі үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. | Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді Сөздік қоры қанағаттанарлық. Сөздік қайталаулар кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
2 | Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін жеткізуде қолдауды қажет етеді, көбіне жалпылыққа ұрынады. | Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1 | Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. | Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Сөздік қайталаулар негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі
Балл | Мәтінді талдау | Ақпаратты ажырату |
5 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды өте дұрыс анықтайды. |
4 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды жақсы анықтайды. |
3 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы қанағаттанарлық. |
2 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы шектік деңгейде. |
1 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауда қателеседі. |
0 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін түсінбейді. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтай алмайды. |
Жазылым
Балл | Сипаттамасы |
9-10 | Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін толық сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ. |
7-8 | Тақырыптың мазмұнын ашады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жақсы. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға.Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. |
5-6 | Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
3-4 | Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі.. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға тырысады. бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
1-2 | Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Эссе жанрына сәйкес тіл құралдарын қолданбайды, құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика
Бос уақыт және хобби. Морфология
ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.
[10]
1-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламызға жылжымалы хайуанаттар көрмесі келді. Мамыр айының 5-25 күндері аралығында балаларыңызды ерекше түз тағыларымен жақын таныстыруға мүмкіндігіңіз бар. Көрмеде сирек кездесетін жабайы жануарлар мен түрлі жәндіктер көпшілік назарына ұсынылатын болады. Экзотикалық жануарлар әлемімен танысып, құстардың әсем үнін тыңдап, оларды өз қолдарыңызбен тамақтандыру мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Билет құны 500 теңге. Көрменің жұмыс уақыты сағат 10:00-19:00
Байланыс нөмірі: 87471124556
Зоосаябақ әкімшілігі
2-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ата-аналар назарына!
2020 жылдың 10-шы шілдесінен бастап «Шахтер» стадионының базасында балаларға арналған спорт лагері жұмыс істей бастайды. Ол бір маусымда 40 балаға шақталған. Балалар сүйікті спорт түрімен еркін айналыса алады. Маусымдық бағдарламада:
-
Бес реттік тамақтану; -
Әр түрлі спорт түрлері бойынша шеберлік-сыныптар; -
Күн сайын өтетін футбол жаттығулары; -
Спорттық ойындар; -
Басссейн.
Егер сіз салауатты өмір салтын қолдасаңыз, балаңызды біздің лагерьге жаздыруға асығыңыз!
Байланыс нөмірі: 8776 356 7554
ФК «Шахтер»
Оқылым
Тапсырма
1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні
Айшат Орынбекова №125 мектеп-гимназиясының тәлімгерімен сұхбат.
-
Бос уақыт ұғымын қалай түсіндірер едіңіз? -
Бос уақыт – жұмыстан, қызметтен, еңбектен, оқудан тыс демалатын кез. Бос уақыттың басты қасиеті сырттан нұсқау тілемейтін, әр адамның жеке байлығы. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану керек. -
Сіздер оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қандай іс-шаралар өткізесіздер? -
Балалардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру үшін «Кітаппен дос бол!» атты фестиваль, салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорт, шахмат турнирлері, қоғам қайраткерлерімен кездесулер мен мерекелік кештер өткіземіз. -
Осы шараларға оқушылардың қызығушылығы қандай деңгейде? -
Мектебімізде музыкаға, әдебиетке, спортқа тағы басқаларға ықыласты оқушыларымыз көп, сондықтан балалардың қызығушылығы жоғары деп айта аламын. -
Сұхбатыңызға рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін!
Сұхбаттасқан Индира Рахымбай
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
15 ақпан күні сағат 10:00-де «Балауса» әдеби клубында «Сіздің хоббиіңіз» атты көрме-хоббиі ұйымдастырылады. Көрмеде тоқу, тігу, кестелеу, бөлме өсімдіктерін көбейту, өсіру, спортпен айналысу, авиа модель жасау сияқты шығармашылық хоббилерге арналған кітаптар топтастырылады. Үй өсімдіктерін, жануарларды күту жайлы кітаптармен қатар, көрмеде қолөнерге, тәжірибелік кенес беруге арналған кең ауқымды кітаптар ұсынылады. Бағдарлама аясында Оригами әдісінің қарапайым техникасын меңгерту бойынша шеберлік сағаты жүргізіледі. Келем деушілерге есігіміз ашық!
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 54 үй.
Байланыс нөмірі: 8 771 654 98 23
А мәтіні | Ә мәтіні |
Стильдері | |
| |
Ерекшеліктері | |
| |
[5]
2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.
| А мәтіні | Ә мәтіні |
Не туралы? | | |
Негізгі ақпарат | | |
Қосымша ақпарат | | |
[5]
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 120-150 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазыңыз. Жазып болған соң, жұмысыңызға қайта көз жүгіртіп, жұрнақ арқылы жасалған сөздердің бар, жоғын анықтап, астын сызыңыз.
[10]
Эссе құрылымы:
-
Кіріспе -
Негізгі бөлім
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
Тезис (пікір) аргумент
-
Қорытынды
-
«Уақыт адамзатпен санаспайды, уақытпен санасқан адаспайды» деген ойды негізге ала отырып, әр адам бос уақытты пайдалы өткізу үшін немен айналысу қажет? Жауабыңызды сипаттап эссе жазыңыз. -
«Жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы мол екені баршаға аян. Осы ойды негізгі ала отырып, «Дәрумендер – денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Коммуникативтік құзыреттілік | Грамматикалық құзыреттілік |
5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар кездеспейді. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді өте орынды пайдаланады. |
4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды пайдаланады. |
3 | Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікіріне дәлелі үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. | Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді Сөздік қоры қанағаттанарлық. Сөздік қайталаулар кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
2 | Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін жеткізуде қолдауды қажет етеді, көбіне жалпылыққа ұрынады. | Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1 | Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. | Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Сөздік қайталаулар негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі
Балл | Мәтінді талдау | Ақпаратты ажырату |
5 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды өте дұрыс анықтайды. |
4 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды жақсы анықтайды. |
3 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы қанағаттанарлық. |
2 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауы шектік деңгейде. |
1 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауда қателеседі. |
0 | Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін түсінбейді. | Мәтіннің мамзұнына сай негізгі, қосымша ақпараттарды анықтай алмайды. |
Жазылым
Балл | Сипаттамасы |
9-10 | Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін толық сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ. |
7-8 | Тақырыптың мазмұнын ашады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жақсы. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға.Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. |
5-6 | Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
3-4 | Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі.. Эссе жанрының құрылымдық ерекшеліктерін сақтауға тырысады. бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
1-2 | Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Эссе жанрына сәйкес тіл құралдарын қолданбайды, құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы:
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым мен айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы
*Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмалар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, минут | балл |
1-2 | 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар мәтіннің негізгі ойын беретін 5 тірек сөз анықтайды. Оларды кезек-кезек бір-біріне айтып, мәтін мазмұнына болжам жасайды. Болжамның түпнұсқамен сәйкестігіне пікір білдіреді. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
1-2 | 5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 1-тапсырмада нұсқаулықтың құрылымы, рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. 2-тапсырмада мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады. | | 5 |
5 | |||||
1 | 5.3.3.1сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Берілген суреттер топтамасының бірін таңдап, ұсынылған тақырыпта суреттер желісімен әңгіме құрастырады. Жазба жұмысының барысында оқушылардың әңгіме жанрының ерекшеліктерін сақтап, орфографиялық, пунктуациялық норманы ұстануы керек. | | 10 |
Барлығы | | | | 40 минут | 30 |
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қиял әлемі.
Көлік және жол белгілері.
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология
І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
-
Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз. -
Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Тамыз
Ол қиялшыл бала болатын. Жаздың ми қайнатар ыстығында өзге балалар салқын үйге кiрiп алып, күн төбеден ауғанша ұйықтап жатса, ол көл жағасындағы үлкен қараталдың басына өрмелеп шығып, алыстарға қарауды ұнататын едi. Көз ұшында бұлдыраған сағым, сағымның алақанында дiрiлдеген Қаратаудың ұзын-шұбақ жоталары, ортада ұшы-қиыры жоқ оман дария… «Дариядан өтсем бәрi де өзгерiп сала берер ме едi» деп ойлайтын бала.
Бұрын тұңғиықтың мұншалықты әдемi екенiн қалай аңғармаған. «Тiптi, тұңғиықтың астында су перiсi жатады, гүлiн жұлған баланы су астына алып кетедi» дегендi естiп, маңына жоламайтын. Байқаса, дүниедегi ең әдемi гүл – тұңғиық екен. (90 сөз)
(https://qazaqadebieti.kz/)
2-мәтін
Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар—қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.
Ерекше әсері бар күй мен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, жаратылыс. құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді.
Қазір де, міне, белгілі бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.
(М.Әуезов «Абай жолы»)