Файл: Оушы міріндегі отбасы трбиесіні ролі 10 б сынып оушыларына баяндама Алы сз.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Баяндама № 4
Салт - дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.
Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық - практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат - болмысын шыңдайды.»
Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.» Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу – халқымызда бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер – алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол заттардың әрқайсының, мысалы, ел қорғайтын батыр болсын деген сияқты тілек - жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.»
Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді.
Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл – біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.»
Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ жол тілейді:
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы - тағы баса ғой
Тақымыңды жаз балам
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Үлкендер мен балалардың қатысуымен болатын салт-дәстүрлердің мағынасы терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді адам болуы тиіс. Бала аяғынан тұрып, есін білгеннен кейін әке-шешесі, туған-туыстары «сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған тартып ширақ болдың, ол білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көрсетеді. Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Баланы бағып-қағып, тәрбиелеу, өсіру – ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.
Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс.
«Қазақ халқының этнопедагогикасы» курсының бағдарламасында «Халқым қандай десең, салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті мен әдет-ғұрыптарының туатындығы»
| |
| |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | ||
| | | | |
Бала келешегі
| |
| |
Ұстаздың, тәрбиенің әрбір игілікті ісі баланың жан әлеміне, рухани қалыптасуына бағытталады. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақыттарда әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, баланың танымдық қызығушылығын дамытатын әдістерді пайдалануға болады. Этнопедагогика негізінде балалардың танымдық белсенділіктерге арттыру мақсатында тәрбие сағаттарын ұйымдастыру – оқушының шығармашылығын дамытудың бір әдісі. «Бесікке салу» мен «Тұсау кесу» үлгісін тәрбие сағаты барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар оқушы есінде ұзақ сақталады. Оқушылар алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің жанында кимешек киген әже, - жанды көрініс үлгісі. Әже нәрестені бесікке салмас бұрын оқушыларға бесікті не үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді. Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, тербетеді.
Бесік – киелі, әр баланың ата-анасы қастерлейтін атадан балаға келе жатқан отбасының алтын қазынасы. Әженің маңына жиналған оқушылар көріністі көзбен көріп, өзінше танымдық, тағлымдық ой, көзқарасын қалыптастыра алады. Сабақты ұйымдастырушы мұғалім немесе тәрбиеші оқушыларға бағыт беріп, салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз, ертегілермен түсіндіреді.
Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің патриоты болып қоғамның жеке тұлғасына айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Баяндама № 5
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік , тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.