ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 433
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1944 жылы америкалық ғалым О.Эйберидің (1877 – 1956) басшылығымен трансформация процесін жүзеге асыратын фактор – ДНҚ молекуласы екені анықталды. Бұл ДНҚ молекуласының тұқым қуалау ақпаратын тасымалдаушы екенін дәлелдейтін алғашқы зерттеу жұмысы болды. Трансформация құбылысы пневмококктардан басқа да бактериялардан табылып, зерттелді. Тәжірибелерде оңай анықталатын генетикалық белгілерді және радиоизотоппен белгіленген ДНҚ молекуласын қолдану Трансформацияға сандық баға беруге жол ашты. Бактериялардағы трансформация өте күрделі процесс ретінде танылып, оның бірнеше кезеңдерден тұратыны анықталды:
жасуша-рецепиент арқылы ДНҚ молекуласының фиксациясы;
ДНҚ молекуласының жасуша ішіне енуі;
қожайын-жасуша хромосомына ДНҚ молекуласының тасымалданатын бөлігін кірістіру;
“таза” Трансформацияланған линиялардың қалыптасуы.
ДНҚ молекуласының фиксациясы саны шектеулі жасуша бетінің ерекше бөліктерінде (рецепторлар) жүреді. Бөгде ДНҚ молекуласын қосып алуға қабілетті бактериялар жасушаларын компетентті жасушалар деп атайды. Мұндай жасушалардың популяция кезіндегі саны өте аз болып, ол бактериялардың генетикалық ерекшеліктері мен бактериялық дақылдың өсу кезеңіне тәуелді болады. Клеткаға енетін ДНҚ бөліктерінің орталығы мөлшері 5х106 дальтонды құрайды. Клеткаға қос жіпшелі ДНҚ енгеннен кейін оның бір жіпшесі моно- және олигонуклеотидтерге ыдырып, ал екіншісі қожайын-жасушадағы хромосомаға енеді. Трансформацияның қолданылуы генетикалық ақпараттың алмасуының басқа түрлері байқалмаған бактерияларды генетикалық талдаудан өткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар трансформация ДНҚ құрылымының физикалық не химиялық түрде бұзылуы, оның биологиялық белсенділігіне қандай әсер көрсететінін анықтау үшін өте қолайлы әдіс болып табылады. Ішек таяқшасының бактериясында Трансформация әдісін жете зерттеу нәтижесінде Трансформация процесіне тек бактериялық плазмидтер (бактериялардың хромосомынан бөлек генетикалық элемент) мен бактериофагтардың ДНҚ-сын да қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс гендік инжерия бағытындағы зерттеу жұмыстарында жасушаға будандық ДНҚ молекуласын ендіру мақсатында кеңінен қолданылады. Жоғары сатыдағы организмдер жасушаларында трансформация процесі толық зерттелмеген.[1]
Трансформация — торшаны вирус ДНК-ымен зақымдау. Трансформация деген ұғымды вирус ДНҚ-ынық үзінділерін, ал кең түрде вирустан өзге ДНҚ-ын, торшаға енгізу әдістерінің анықтамасы ретінде де қолданады. Трансформация — торшалардың морфологиялық және өсіи-өну қасиеттерінің өзгеруі, олардың жануарлар организміне еккенде зардапты ісік туғызатын түрге көшуі. Торшаны трансформациятын қасиет көпшілік ДНҚ-ды вирустарға тән. Мысалы, паповирустар, папилломавирустар, герпесвирустар, ретровирустар, аденовирустар, РНҚ геномды вирустар.
2217. Интероцептивтік рецепторлардың қызметін түсіндіріңіз.
Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.[1]
Жоғары жүйке қызметінің элементі шартты рефлекс болып табылады. Кез келген рефлекстің жолы үш негізгі бөліктен тұратын доға түрін құрайды. Бұл доғаның рецептор, сезімтал жүйке және ми жасушасын қамтитын бірінші бөлігі анализатор деп аталады. Бұл бөлік денеге түсетін әртүрлі сыртқы әсерлердің бүкіл кешенін қабылдайды және ажыратады.
Ми қыртысы (Павлов бойынша) әртүрлі анализаторлардың ми ұштарының жиынтығы. Мұнда сыртқы дүниенің тітіркендіргіштері, сондай-ақ ағзаның ішкі ортасынан импульстар келеді, бұл индукция нәтижесінде тежелу нүктелерін тудыратын қыртыста көптеген қозу ошақтарының пайда болуына әкеледі. Осылайша, қозу мен тежелудің ауыспалы нүктелерінен тұратын мозаиканың бір түрі пайда болады. Бұл оң және теріс көптеген шартты байланыстардың (рефлекстердің) қалыптасуымен бірге жүреді. Нәтижесінде психиканың физиологиялық негізі болып табылатын шартты рефлекстердің белгілі функционалды динамикалық жүйесі қалыптасады.
Жоғары жүйке қызметін екі негізгі механизм жүзеге асырады: шартты рефлекстер және анализаторлар.
Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды.
Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.
Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).
3 | 2 | 1 | Тістер. Тістің оқушылар физиологиясы бойынша алмасуы. Ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу жолдарын көрсетіңіз |
3 | 2 | 2 | Ас қорыту бездері. Астың қорытылуындағы бауыр мен ұйқы безінің маңызын ашып көрсетіңіз |
3 | 2 | 3 | Ішкі және сыртқы секреция бездерінің гормондары, олардың қызметін ашып көрсетіңіз |
3 | 2 | 4 | Оқушылардың физиологиялық дамуының педагогика жəне психология ғылымдарымен байланысы, оның оқу-тəрбие жұмысы мен еңбек тəрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы, оқушылар денсаулығын сақтап нығайту, денелік дамуын жетілдіру мен жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін маңызын талдап беріңіз |
3 | 2 | 5 | Акселерация, ретардация, реактивтілік, дамудың үздіксіздігі, əркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының озық жүруі жəне гетерохрония туралы ұғымдарды талдаңыз |
3 | 2 | 6 | Проэмбрионалды, эмбрионалды және постэмбрионалды бөлімдерде болатын негізгі ерекшеліктерді ашып көрсетіңіз, анықтама беріңіз. |
3 | 2 | 7 | Тірек қимыл жүйесінің негізгі 5 (бес) қызметін атаңыз, оларды талдап жазыңыз. |
3 | 2 | 8 | Тура және тура емес остеогенез заңдылықтарын түсіндіріңіз. |
3 | 2 | 9 | Жоғарғы жүйке қызметінің топтары – темпераменттің түрлері мен оларды топтастырудағы негізгі ерекшеліктерді атаңыз. |
3 | 2 | 10 | Вестибулярлық аппарат, пирамидалық жүйе мен мишықтың қызметтеріндегі айырмашылық пен ұқсастықты талдап жазыңыз. |
3 | 2 | 11 | Хеморецепторлар мен Механорецепторларды атаңыз, әрқайсысының орналасу орны мен қызметін ашып көрсетіңіз |
3 | 2 | 12 | Эндокринді тіндері бар органдар мен эндокринді жасушалары бар органдарды атаңыз, қызметтерін талдаңыз. |
3 | 2 | 13 | Қосымша қан айналым шеңберлерін атаңыз, орналасу орындары мен қызметтерін сипаттап жазыңыз. |
3 | 2 | 14 | Лимфа жүйесінің қан айналым жүйесінен айырмашылығы, тамырлық өзгерістері мен циркуляциясының ерекшелігін сипаттап жазыңыз. |
3 | 2 | 15 | Қан жасаушы және иммунды жүйенің мүшелерін сипаттап жазыңыз. |
3 | 2 | 16 | Тыныс алу жүйесінің мүшелерін сипаттап, әрқайсысының орналасуы, қызметі мен физиологиялық ерекшелігін сипаттап жазыңыз. |
3 | 2 | 17 | Өкпе қапшығы - плевра, оның қабаттары, сұйықтығы және оның аурулары туралы мағлұмат беріңіз |
3.2.1» Тістер.Тістің оқушылардың физиологиясы бойынша алмасуы.Ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу шаралары.
Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 32, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 ит тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азу тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 ит тiс және 8 азу тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасадыКүрек тістер - балаларда және ересектерде шығатын алдыңғы тiстер. Азықтың кесуi үшiн пайдаланылады.Ит тiстер - асты бөлшектеу үшін және азықты ұстап қалуы үшiн қызмет көрсететiн конус сияқты тiстер.Премоляр (кіші азу) - тамақты езу, үгітуге арналған.Моляр тістер(үлкен азу) - тамақты езу, үгітуге арналған..
Ауыздың қуысының гигиенасы қанқұрттың пайда болуының алдын алуда маңызды болып табылады. Гигиенаны сақтамау пародонтоз, ауыздың қуысынан жағымсыз иiсте болуы, гингивитке әкеледі. Тіс күн сайынғы тазалауды қажет ететіндігі де сондықтан. Сонымен қатар кәсіби деңгейде де тазалау жұмыстарын жүргізіп отырған орынды. Бұл процедуралар тіс қуыстарындағы тасты тазарту үшін қажет. Бөпенiң алғаш шыққан тiстерiн күту үшiн арнайы денталь майлықтарын қолдану ұсынылады.
Тіс –эмаль,дентин,борпылдақ ұлпадан тұрады.Тістің сауыты ,мойыны,түбірі болады.Балаларға алғаш сүт тіс 6-9 айында шығып 2-3 жасында олардың саны 20 ға жетеді.Сүт тістер өте нізік,түбірі жақсы дамымаған болып келеді.Бала 5-6 жасқа толғанда сүт тістер негізгі тіске ауысады.12-14 жасында барлық сүт тісі түсіп,негізгі тіс шығады.Ең соңғы жұп азу тістер яғни ақыл тістер 18-25 жас аралығында шығады.
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.
2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, кандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етеді.
3.2.2. Ас қорыту бездері .Астың қорытылуындағы бауыр мен ұйқы безінің қызметі.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.Асқорыту бездері— асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.