Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 88

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты енгізілетін жөндеу коэффициенті:
№3 кесте

Ауа қозғалысының жылдамдығы

( м/сек)

Жөндеу коэффициенті - а


0

0,00128

0,13

0,00130

0,16

0,00120

0,20

0,00110

0,30

0,00100

0,40

0,00090

0,80

0,00080

0,90

0,00070

2,0

0,00074

3,0

0,00069

4,0

0,00067


Көп жағдайларда бөлменің ауа ылғалдылығын анықтаған кезде

а = 0,00100 қолданылады.
Мысалы, бөлмеде ауа ылғалдылығын анықтаған кезде - t (кебу термометр көрсеткіші) – 20°, t1 (ылғалды термометр көрсеткіші) - 14,5°

B – барометрлік қысым – 755 мм. сынап бағанасы. Сызбадан f - ылғалды термометр температурасы кезіндегі су буының максималды

кернеулігін табамыз, ол ( №1 кестеде көрсетілген) = 12,38.

Ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты енгізілетін жөдеу коэффициенті: а = 0,00100 деп аламыз, бұл жағдайда

А = 12,38 - 0,00128 ( 20 – 14,5) 755 = 8,229 мм

Салыстырмалы ылғалдылықты анықтау үшін №1 кестеден кебу термометр көрсеткіші бойынша су буының максималды қанығуын анықтаймыз,

ол = 17,54

Бұл жағдайда салыстырмалы ылғалдылық
8, 229 100

R = -------------- = 46,90 %

17, 54
Салыстырмалы ылғалдылық көрсеткішін кесте арқылы анықтаған кезде

R = 46 % шығады. Жоғарыда көрсетілгендей салыстырмалы ылғалдылықты формула арқылы анықтау әдісі кесте арқылы анықтау әдісіне қарағанда дәлірек болып саналады.


5 сурет. Ассман аспирациялық психрометрі
Бұл аспап та екі бірдей сынапты термометрден тұрады, бірақ Август психрометрінен айырмашылығы, термометрлер сәулелік энергия әсерінен екі қабатты футлярмен қорғалған. Аспап вентилятормен жабдықталған, ол сынапты резервуарды тұрақты ауа қозғалысымен ( 2м/сек) қамтамасыз етеді.


Ауа ылғалдылығын анықтау үшін ылғалды термометр резервуарын қаптаған матаны пипетканың көмегімен дистилденген сумен сулау қажет. Судың артық мөлшерін сілкілеу арқылы жоғалтады да, содан кейін вентиляторды қосып, аспапты ауа ылғалдылығын анықтайтын нүктеге орнатады. Бөлменің ауа ылғалдылығын анықтау кезінде бөлме ауасының температурасы 15-20°С болса, өлшеу 4 минут жүргізіледі, ал егер бөлменің температурасы төмен болса, өлшеу 20-30 минут уақыт жүргізіледі

(ылғалды термометр көрсеткіші тұрақты болғанға дейін анықтайды, өйткені температура төмен кезде судың булануы нашарлайды.) Қортындысын санау Шпрунга формуласымен немесе арнайы кесте көмегімен анықталады.


Шпрунга формуласы:

Н

А =f – 0,5 ( t - t1) -------

755

А – абсолютті ауа ылғалдылығы

f - ылғалды термометр температурасы кезіндегі су буының максималды

кернеулігі ( №1 кестеде көрсетілген)

a - ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты психрометрлік коэффициент

t - кебу термометр көрсеткіші

t1 - ылғалды термометр көрсеткіші

Н – өлшеу кезіндегі атмосфералық қысым
Салыстырмалы ылғалдылық мына формуламен анықталады:
А • 100

R = ----------

М
R – салыстырмалы ылғалдылық, %

А – абсолютті ылғалдылық, мм. сынап бағанасы

М – кебу термометр температурасында су буының максималды қанығуын

( №1 кестеден қарап анықтаймыз)
Мысалы, кебу термометрдің көрсеткіші + 20,5°, ылғалды термометрдің көрсеткіші + 15,5°, атмосфералық қысым 757 мм сынап бағанасы

f - мөлшерін (№1 кестеде көрсетілген бойынша ылғалды термометр температурасы мысал бойынша + 15,5° ) анықтаймыз, ол 13,205 тең. Табылған көрсеткіштерді формулаға қойып, ауаның ылғалдылығын анықтаймыз:

757

А=13,205 – 0,5 ( 20,5-15,5 ) ------

755
757

----- ара қатынасын 1 деп алатын болсақ,

755
Бұл кезде формула қысқарады:

А =f – 0,5 ( t - t1)
А=13,205 – 0,5 ( 20,5-15,5 ) =10,705 мм

Бөлменің ауасының салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін М анықтаймыз, кебу термометр температурасында су буының максималды қанығуы ( №1 кестеден қарап анықтаймыз), ол +20,5°- та 18,085 тең.
Табылған көрсеткіштерді формулаға қойып, R – салыстырмалы ылғалдылықты анықтаймыз.
А • 100

R = ----------

М

10,705 • 100

R = ---------------- = 59,19 %

18,085

№ 2 кестеден R табамыз, ол R= 59 %

Салыстырмалы ылғалдылық көрсеткішін кесте арқылы анықтаған кезде

R = 59 % шығады. Жоғарыда көрсетілгендей салыстырмалы ылғалдылықты формула арқылы анықтау әдісі кесте арқылы анықтау әдісіне қарағанда дәлірек.



Бөлменің ылғалдылығының өзгерісін үнемі қадағалау қажет болған жағдайда – ылғалдылықтың өзгерісін жазатын аспап – гигрограф қолданылады.


6 сурет. Гигрограф

Гигрографтың құрылысы термографтың құрылысына ұқсас.

Гигрограф құрылысы мынаған негізделген: ауа ылғалдылығының өзгерісі екі шеті де қозғалмайтындай етіп бекітілген шаш талшығымен қабылданады. Шаш талшығы күршектің көмегімен салмақты ұстап тұрғышпен байланған, ол рычагқа қысым көрсетеді. Рычаг өзі жазатын аспаптың жазатын қаламымен байланысқан. Қалам барабанға кигізілген лентаға ауа ылғалдылығының өзгерісін жазып тұрады.

Ауа ылғалдылығы жоғары кезде шаш талшығы ылғалды бойына сіңіріп, ұзарады, салмақты ұстап тұрғыш төмен қарай түсіп, рычагты төмен қарай қысады, соның әсерінен жазатын қалам жоғары қарай көтеріледі және керісінше ылғал азайған кезде, шаш қысқарады, салмақты ұстап тұрғыш жоғары қарай көтеріліп, рычаг жоғары қарай көтеріледі, соның әсерінен жазатын қалам төмен түседі. Лентада тігінен салыстырмалы ылғалдылық мөлшері пайызбен көрсетілген, ал көлденеңінен уақыт көрсетілген.Өлшеу жүргізер алдын аспаптың көрсеткішін психрометр көмегімен тексереді.

Ауаның қысымын анықтау
Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос-салмақ, метро-өлшеймін). Барометрдің екі түрі –сынапты барометр және барометр анероид қолданылады. Сонымен қатар қысымның өзгерісін үздіксіз анықтау үшін барограф қолданылады.


7 сурет. Барометр – анероид
Барометр – анероид – оның негізі құрылысы ішінен ауа сорылып алынған қатпарлы металдардан жасалған қорапшадан тұрады. Қорапша өте нәзік серпімді материалдан жасалғандықтан ауа қысымының өзгерісіне мейлінше сезімтал келеді. Қысым көбейгенде, қорапшаның беті сығылып, ішке қарай кіреді, ал азайғанда көтеріледі. Ал бұл өзгерістер рычагтар жүйесі көмегімен бағыттаушы тіліне (стрелкаға) беріліп, ол сандық көрсеткіштер арқылы қозғала бастайды.

Барометр-анероидтың шкаласы миллиметр сынап бағанасымен берілген. Аспаппен өлшеу жүргізетін кезде оны көлденеңінен тегіс жерге қойып, күн сәулесінің тура түсуінен және температураның күрт ауытқуларынан сақтау керек. Өлшеуді бастар алдын барометр-анероидтың шыны бетін немесе қорабын жәймен ғана саусақтармен ұрамыз, ол аспаптың механизмдерінің үйкелісін басу үшін жасалады. Шкала көрсеткіштеріне түзеу коэффициенті аспапқа қосымша берілген құжатына қарап енгізіледі. Қысым циферблаттың бойындағы миллиметрлік шкаладан анықталады.


Барограф – бұл аспап ауаның қысымының өзгерісін үздіксіз өлшеуге арналған.

Ауаның қысымын қабылдаушы бөлігі – бір-бірімен жалғастырылған бірнеше анероидты қорапшалар. Қорапшаның ұзындығының өзгеруі рычагтар жүйесі арқылы, (стрелка) жазушы тіліне беріліп, айналып тұрған барабан бетіне кигізілген лентаға жазылады.



8 сурет. Барограф
Барограф жылу қондырғыларынан алыс, берік тұғырға орналастырылады, ал жанына сынапты барометр қойылады. Олардың көрсеткіштерін салыстырып, бақылап отыру қажет.

Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау

Ауа қозғалысының жылдамдығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығындағы ауа қозғалысының ара қашықтығы, ол метр/секундпен өлшенеді.

Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/сек–қа дейін болған кезде – кататермометр, термоанемометрмен анықталады, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/сек-тен жоғары болғанда табақшалы, қанатшалы анемометрлер қолданылады.

Табақшалы анемометр – аспапты тігінен қойғанда аспаптың осі бір- біріне перпендикулярлы орналасқан екі көлденең стерженнен және олардың аяқ жағына темір табақшалар бекітілген.

Табақшалы анемометр ауа қозғалысының жылдамдығын 1 м/с – 50м/сек аралығында анықтайды. Бұл аспап көбінесе ауа райын бақылайтын стансаларда қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін анемометрді ауа қозғалысына бағыттап қояды. Алғашында 1-2 минут табақшаларды жай айналдырып алады, содан соң есептейтін құралдарын қосады.

Есептегіш құралдың үлкен тілі бірліктер мен ондықтар бөлігін көрсетеді. Ал кіші тілі – жүздік пен мыңдық болып бөлінген. Өлшемді бастар алдында есептегіш құралды жұмысқа қоса салысымен көрсеткіштерін жазып алу керек. Анемометрдің есептегіш құралын қоса салысымен секунд өлшегіште іске қосылады.

9 сурет. Табақшалы анемометр
Өлшеу мерзімі өткеннен соң (3-5 минут) есептегіш құралды өшіреміз де тағы да көрсеткіштерін жазамыз. Соңғы көрсеткіштен алғашқы көрсеткішті алып тастаймыз. Шыққан санды секундқа бөлеміз (өлшемге кеткен секунд).
Қанатшалы анемометрдің табақшалы анемометрден айырмашылығы, табақшалардың орнына, аспаптың осінде қанатшалар бекітілген. Жұмыс істеу тәртібі тура табақшалы анемометрдікі сияқты, бірақ өлшеу дұрыс болу үшін аспапты ауа қозғалысына дұрыс бағыттап қою керек.




10 сурет. Қанатшалы анемометр
Қанатшалы анемометр өте сезімтал аспап болып саналады, сондықтан оның көмегімен 0,1 м/сек - тан 5 м/сек - қа дейінгі аралықта ауа қозғалысының жылдамдығын анықтауға болады. Бұл аспап әсіресе өндіріс орындарында ауа қозғалысының жылдамдығын анықтауға және ауа алмасу жүйесінің жұмысын бағалауда жиі қолданылады. Өлшеудің қортындысын шығарған кезде аспаптың зауыттан шыққан төлқұжатында көрсетілген түзеу коэффициентін қолдану керек.

Мысалы, аспаптың бастапқы көрсеткіші 3895м, соңғы көрсеткіші -5755м, өлшеу 300 сек. уақыт жүргізілді. Бұл жағдайда ауаның қозғалыс жылдамдығы мынаған тең:

5755 - 3895

V = ---------------- = 6,2 м/сек

300

КАТАТЕРМОМЕТР
Кататермометр ауаның өте жәй қозғалысын, 0,1 - 1,5 м/с аралығындағы ауа қозғалысының жылдамдығын анықтайды. Бұл аспап цилиндрлі және шар тәрізді резервуарлы болып екіге бөлінеді. Цилиндрлі кататермометрдің көрсеткіштері 350-380 аралығында, ал шар тәрізді кататермометрдің көрсеткіші 330-400 аралығында. Бұл аспаптың жұмысы көтерілген температураның бірте - бірте салқындауына негізделген.



А Б
11 сурет.

А – резервуары цилиндр тәріздес кататермометр

Б –резервуары шар тәріздес кататермометр

Аспаптың 1 шаршы см (см.кв) көлемінен милликалориямен өлшенетін жылу жоғалту көлемі аспаптың факторы ( Ғ) деп аталады. Фактор аспап шыққан зауытта анықталып, оның мөлшері аспаптың сыртқы жағында жазылады.

Алдымен спирт құйылған резервуарды температурасы 70-800С стакандағы суға саламыз. Резервуардағы спирт шыны түтікшелермен жоғары көтеріледі. Жіңішке түтікшелерден кеңейтілген жерінің ½ бөлігін толтырғанша қыздырамыз. Содан соң аспапты құрғатып, сүртеміз де, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтайтын бөлмеге ілеміз. Секунд өлшегіште уақытты белгілейміз, қанша уақытта спирт 380-тан 350-қа дейін түсетінін анықтаймыз. Боялған спирттің бағаны 380 жеткен кезде