Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 143

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 ж. А. Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уакыттың ішінде орасан көп археологиялык материал жиналды.

Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезеңдерге бөлін, топтастыруды бастаған С. А. Теплоухов болды. Әсіресе М. П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор.

Ол 30-жылдардаақ андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялык үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезеңдерін саралап берді.

13-Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары туралы сипаттап беріңіз

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яқсарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен.

парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақтар құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан суару арналарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.


14-Ғұн ,үйсін,қаңлылардың шаруашылығындағы ұқсастықтарымен айырмашылықтары

Үйсін, қаңлы, ғұндардың ұқсастығы осы үш тайпа да Қазақстан аймағын мекен еткен, 3-де бір уақытта билік құрған, мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан, қолөнершілік жақсы дамыған, дәстүрлерінің кейбірі ұқсас болып келген.

Үйсін шаруашылығы мал шаруашылығы маңызы зор болды. ЖЕетісудің табиғаты оларға көп мал бағуға мүмуіндік берді. Археологиялық қазба кезінде табылған деректерге қарағанда үйсіндерде егіншіік те дамығын.Дәнді дақылдардан арпа тары өс ірген.

Қаңлы шаруашылығы мал шаруашылығ болды.Қосымша аң аулау кәсібімен айналысқан.қаңлылар балық аулау айналысқан.әйелдер арасында қолөнерлің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған.сонымен қатар егіншілік дамыды.

Ғұн шаруашылығы Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған. Ғұндарда қолөнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген. Ғұндардың қолөнер кәсібі күшті болғаны соншалықты түрлі бұйымдар (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан) жасалды. Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.



15-Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының бірінші жетекшісін табыңыз
Шығыс Қазақстанның ежелгі мәдениетін зерттеуде 1733-1743 жылдары Г.Ф. Миллердің басшылығымен ұйымдастырылған І Академиялық экспедицияның орны ерекше.Экспедиция Ертіс өзенін бойлай Тобылдан Өскемен бекінісіне дейін және Барнаул арқылы Томскіге жетеді. Г.Ф. Миллер кең көлемде Ертіс өзенінің жағалауына, Үлбі өзеніне, Өскеменнің маңына археологиялық барлау жасап, алғаш рет Қазақстан территориясының қола дәуірі мен ерте темір ғасырының қорған-қоршауларына қазба жұмысын жүргізді.Бұл академиялық экспедицияның Шығыс Қазақстан археологиясына қатысты деректері Г.Ф. Миллердің «Изъяснения о некоторых древностях, в могилах найденных» шығармасында топтастырылған. Бұл еңбектің біз зерттеп отырған тақырып үшін құнды болатын себебі қазба жүргізіліп, табылған заттарға ғылыми сипаттама берілген. Ғалымның айтуы бойынша, қорғандарды қазу себебін: «қабірдің ішкі құрылысын және сүйектердің қалай жатқызылғанын байқау үшін» деп түсіндіреді. Нәтижесінде молалардың әлдеқашан тоналғандығы анықталды. Алайда Г.Ф. Миллер Ертіс, Тобыл, Объ, Еділ өзендері алқаптарындағы обалардың саыл заттарға бай екенін атап өткен. Сібір мен Қазақстанның ескерткіштерін зерттеген академик Г.Ф.Миллер Петербургке аталмыш өңірлер жайында орасан зор мәтіндік және графикалық материалдар апарды. Г.Ф.Миллер сонымен бірге Колыван-Воскресенск зауытынан ежелгі обалардан табылған бірнеше алтын заттарды сатып алып, Императорлық Кунсткамераға өткізген. Қабірлерден таза алтын заттар сирек кездескен, ал күмісте әпқашан мыс қоспасы кездесіп отырған [7, с. 517-518]. Бұл деректер Шығыс Қазақстан өңірінде қола дәуірі мәдениеті кең таралғандығын айғақтаса керек.

16-Тас өңдеудің жарып түсу техникасы мен малтас мәдениеті ортақ белгілерін сипаттаңыз

Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды.

Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі.

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған). Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.


Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтастары қажетке асырылған. Кейін соққыштар пайда болды.

17-Неолиттік тұрақтар орналасуына қарай қандай төрт топқа бөлінетіндігін көрсетіңіз

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймактың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балық аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.


18-Андрондықтардың этникалық шығу тегіне қатысты болжамдарын жеткізіп беріңіз

Өздерінің құрылысы жағынан еуропоидтық ұқсаған.Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды.

19. Сақ тиграхаудалардың басты этнографиялық ерекшеліктерін табыңыз.

Тиграхауда-сақтар (парс. – сүйір төбелі бас киімді) – сақтардың негізгі үш тобының бірі.


Олар б.з.б. 8 – 2 ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған.

Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон Тиграхауда-сақтарды “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (Дарий I патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде Тиграхауда-сақтар көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде Тиграхауда-сақтар моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы Тиграхауда-сақтардың материалдық-мәдениет жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік обасы мен Іле жағасындағы Бесшатыр – бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы.

20. Қаңлылардың экономикасындағы Ұлы Жібек жолының маңызын көрсетіңіз

Қаңлы мелекетінің сыртқы саясатта ұстанған басты бір бағыты,

Ұлы Жібек жолы бойындағы өзінің жерінен өтетін жол торабындағы

билігін сақтауға тырысуы. Ол жол Ферғанадан Сырдария бойымен

Арал теңізіне дейінгі аралықты өздерінің бақылауларында ұстаған.

Бұл жол арқылы солтүстік батысқа Кавказ, Қара теңіз жағалауына, ал

оңтүстігінде Иран, Таяу шығысқа, Индия, Қытайға қатынас жүретін. Бұл

жолмен сауда керуендері ағылып жататын.Ал саудадан ұшан-теңіз

пайда түсетін. Міне сол жоғарыда көрсетілген елдермен саяси және