Файл: Таырып Жктілік патологиясы. Ерте токсикоздар. Гипертензивті жадайлар. Шыл медциналы кмек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып: «Жүктілік патологиясы.
Ерте токсикоздар. Гипертензивті жағдайлар.
Шұғыл медциналық көмек»
Токсикоз – ағзаның жүктілікке бейімделуінің(адаптация) бұзылуы.
Жүктікке байланысты асқынулар оның ерте мерзімдерінде, жиі алғашқы 3 айында пайда болуы мүмкін сол кезде олар токсикоздар деп аталады.
-дипепсиялық бұзылыстар
-зат алмасу бұзылыстары.
Гестоз -II және III триместрлерде айқынрақ болуы.
-
Қантамыр жүйесінің бұзылыстары, -
Қан айланыс өзгерістері,
Токсикоз.
Этиология:
- жатырдың патологиялық өзгерістері;
- жүйке жүйесінің бұзылуы (сопакша ми, қыртыс асты, ретикулярлық формацияның бұзылысы)
Сопақша мида орналасқан: 1. құсу орталығы.
2. хеморецепторлар.
Сопақша мидың қасында орналасқан:
1. тыныс орталығы.
2. вазометр.
3.сілекей бөлу орталығы.
4. йіс сезу орталығы.
Классификация:
1. Ерте кезеңдегі токсикоз (жүктіліктің алғашқы 1-3 айда) 50-60%
2. Кеш кезеңдегі токсикоз (жүктіліктің 4-9 айда)
Клиника:
-
құсу(12-13 аптада тоқтайды.) -
сілекей шұбыру, -
лоқсу; -
асқа тәбеттің төмендеуі. -
жүдеу, -
әлсіздік, -
зат алаудың бұзылуы, -
шемен (водянка) немесе ісіну.
Құсу – ағзадағы патологиялық өзгерістерге байланысты асқазан-ішек жолдарынан ауыз арқылы шығатын сұйықтық.
Этиология: Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы;
Клиника: Құсу мерзімі:- күнде емес;
-
таңертең; -
тамақтан кейін; -
күніне 5-6 рет
Жіктелуі: ауырлығына байланысты: 1.Жеңіл; 2.Орташа; 3.Ауыр.
1.Жеңіл дәрежелі құсу:
- жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің функциясының бұзылуының себебінен.
- құсу, лоқсу, тәбеттік ауытқулар(ащыға құмарлығы);
- күніне 4-5 рет;
- ас қабылдағаннан кейін;
- салмағы -5% сақталады;
- жалпы жағдайы қанағаттанарлық;
- пульс 90рет/мин;
- 10-15% жүкті әйелдер орта дәрежелі құсуға өтеді.
- бірнеше күнде өзі кетеді.
2.Орта дәрежелі құсу:
- жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің функциясының бұзылуы күшейеді;
- кетоацидоз (көмірсу алмасуының бұзылуы) туындайды;
- ағзада жалпы зат алмасудың бұзылуы;
-салмақ жоғалту;(-6%)
- тәулігіне 10 рет көп құсу; (ас қабылдауына байланыссыз.)
- сусыздану;
- субфебрильді температура; 37 С
- тахикардия 90-100р/мин
- гипотензия, анемия,
- ацидоз дамуы.
- терісі құрғақ;
- әлсіздік;
- диурез төмендеген(ацетоурия);
- тілі құрғақ, қабыршақтар пайда болған;
- ҚЖА: эритроцит, гемоглобин аздап төмен;
- уақыты стационарда емделсе жоғалады;
- кейбір жағдайда Ауыр дәрежеге өтеді
3. Ауыр дәрежелі құсу:
- уақытылы ем жүргізілгенде бұл дәреже сирек кездеседі
- ішкі ағзалар мен жүйке жүйесінің ауыр дәрежелі бұзылуымен сипатталады;
- гиповитаминоз дамиды;
- зат алмасудың бұзылуы;
- метаболиялық ацидоз пайда болады;
- жалпы жағдайы ауыр;
- адинамия;
- қатты бас ауру;
- салмақ тастау; (-10%)
- астан бас тарту;
- тәулігіне 20 дан көп құсу;
- ішкен тамағын, суын құсу;
- емделмесе азып, терісі құрғақ, тері асты май қабаты жоғалады;
- тілі құрғақ, қабыршықталған;
- аузынан ацетон иісі;
- температура жоғарылауы мүмкін; 38С
- ЗЖА: ацетон, белок, цилиндр; уробулин, өт пигментері, гематурия.
холестерин төмендеуі.
- ҚЖА: билирубин 100 мкмоль/л жоғары азотемия; гемотокрит 40% жоғылауы. уақыты емделмесе кома дамиды.
Диагноз:
- Құсуға қараймыз (жеңіл 4-5 рет, орташа-10 рет, ауыр-20 рет,)
- Сусыздану дәрежессі гемотокритке қарап білеміз (жеңіл -, орта болуы 30%, ауырда 40%
болуы.)
- ЖҚА: гемотокрит глкоза, протромбин,
- ЖЗА: ацетон, уробулин, өт пигентері,белок
- БХА: Қан плазмасының компоненттері: билирубин, азот, мочевина, белок, қышқылды-сілтілі бұзылыстар.
Емі:
Жеңіл дәрежені үйде емдейміз.
Орташа және ауыр дәрежені – стационарда.
Диеталық ем:
-Жеңіл сіңірілетін тағамдар, дәрумендерге бай тағадар, 2-3 рет салқын күйде беру.
-сілтілі минеральды су беру 5-6 рет.
Медикаментозды ем:
-Құсуға қарсы:
1)прямые антагонисты дофамина: метоклопрамид 2 мл (10 мг) в/м или в/в 1-2 раза в день – 5-7 дней
2)М-холиноблокаторы атропин, раствор, 0,1%-1мл в/м 1-2 раза в день, 5-7 дней
3)нейролептики: дроперидол 0.25%-2 мл в/м
-дуюретиктер (фурацемит, лазикс)
-парентералды тамақтандыру глюкоза 10%- 200ml + инсулин қосу – сіңдіру үшін,
-зат алмасуды жақсартатын препараттар:
1) рибофлавин мононуклеид 1 мл 1%, 1 раз в день, 5-7 дней в/м,
2) аскорбиновая кислота до 5 мл 5% раствора в/в, в/м, 1 раз в день, 5-7 дней
-
инфузионная регидратации, дезинтоксикации: кристаллоиды до 2500-3000мл в сутки; -
Аминқышқылдар альвеген, гидролизин. в/м -
Белок мөлшері 10% дан төмендесе альбумин 200мл в/в тамшы күйінде.
Сілекей шұбыру (Птиализм).
Бұл токсикоздың жеке түрі ретінде де, тоқтаусыз құсу кезінде де білінеді. Бөлініп шығатын сілекейдің мөлшері орташа, кейде едәуір көп. Кейде сілекейдің мөлшері 1 литрге дейін барады. Мұндайда ұйқы бұзылады, тері және еріннің шырышты қабықтары былжырайды, тәбет нашарлап, сұйықтық көп жоғалғандықтан, науқастың салмағы азайып, жүдей бастайды.
Емі: Ауыр жағдайларда ауруханаға жатқызады.
-Жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін дәрілер,
- жалпы әлдендіргіш дәрілер беріледі.
- Ауыз қуысын түймедақ, шатыраш өсімдіктерінің тұндырмасымен, ментол ерітіндісімен шаяды.
- Сілекейдің шұбыруы күшейген кезде- атропинді -0.0005 тәлігіне 2 рет.
- Терінің тітіркенуін азайту не басу үшін оған вазелин жағып қояды.
Сілекейдің шұбыруы емдеуге келеді, сондықтан жүктілік кезеңі қалыпты өтеді.
Жүктілік ісінуі
-
Жүктілікке байланысты ісінудің үш дәрежесі бар: -
І дәрежесінде ісіну тек аяқтарда ғана болады; -
ІІ дәрежесінде ісіну аяқпен қатар ішпердені қамтиды. -
ІІІ дәрежесінде ісіну бүкіл денені қамтиды.
Жүктілік ісінуінде зәрде белок болмайды, қан қысымы физиологиялық сынаптан аспайды. Жүктіліктің екінші жартысында жасырын ісінудің де болуы ықтимал. Оны анықтау жолдары: жұма сайын жүкті әйелдің салмағын өлшеу (аптасына 350-400 граммнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина, Мак- Клюр – Олдрич сынамаларын жүргізу.
Остеомаляция - Сүйектің жұмсаруы. Бұл патология фосфор – кальций алмасуының бұзылуы зардабынан пайда болады. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектер тұлғасын өзгертіп, көк-еттер ариды. әйелдің жүрісі өзгереді, ақсандап, жұріс – тұрысы қиындайды, бірақ, бұл ауру сирек кездеседі. Қазіргі кезде оның жеңілдеу – остеопатия деген түрі жиі кездеседі.
Жүктілік гипертензиясы.
Ол жүктілік кезінде дамитын көпмүшелі және көпжүйелі функционалды жетіспеушілік синдромы. Ана құрсағында дамып жатқан нәресте мен жүкті әйелдің организмде бейімделу мүмкіншілігінің сай келмеуі, ол айқындылығы әртүрлі дәрежедегі плацентаның перфузиялық – диффузиялық жетіспеушілігімен сипатталады
Жүктілікпен байланысты артериалдық гипертензияның қауіп факторлары:
- алдыңғы жүктілікте преэклампсия \ эклампсияның болуы
- отбасы анамнезінде преэклампсия болуы
- көп ұрықты жүктілік
- созылмалы соматикалық аурулар
- жүрек қан тамыр жүйесі
- қант диабеті
- семіздік (ДСИ-35 )
- жас алғаш босанушы
- антифосфолипидті синдром
- жасы қырықтан жоғары
- интергенетикалык кезең он жылдан жоғары
Жіктелуі:
1. Созылмалы гипертензия
2. Гестациондық гипертензия
3. Преэкламсия
а) жеңіл дәрежелі преэклампсия
ә) ауыр дәрежелі преэклампсия
4. Эклампсия
Созылмалы артериалдық гипертензия -жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20 аптасына дейін анықталған және босанғаннан кейін 6 аптадан соң сақталатын гипертензия.
Гестациондық гипертензия - жүктіліктің 20 аптасынан кейін анықталып, босанғаннан кейін 6 апта ішінде жойылатын гипертензия. Гестациондық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан қатаң бақылауды талап етеді.
Преэклампсия бұл - артериальді гипертензия, протеинурия және ісінумен көрінетін көп жүйелі синдром.
Протеинурия - тәулігіне екі рет зәр анализінде ақуыз 0.3 г\л немесе арасына төрт сағат салып анықтағанда 0.3 г\ л болатын сипмтом.
Ісік - қалыпты жүктіліктің 50-80% кездеседі. Ісінусіз өткен преэклампсия ісінумен өткен преэкламсияға қарағанда ана мен ұрыққа өте қауіпті. Тез дамыған ісінулер (3-5 күнде дамыған ) немес жайылмалы ісінулер преэкламсия диагностикасында маңызы бар.
Дәрежесіне байланысты 2 ге бөлінеді.
І. Жеңіл дәрежелі преэклампсия: жеңіл дәрежелі Артериялық қан қысымы 140/90 мм с.б.б. тең + протеинурия (˃0,3 г/л) ± ісуінулер.
ІІ. Ауыр дәрежелі преэклампсия:
1. Артериялық қан қысымы 160/ 100 мм с.б.б. + протеинурия
2. Гипертензияның әртүрлі дәрежесі + протеинурия + төмендегі көрсетілген симптомдардың қосылуымен: бастың қатты ауыруы, көру бұзылысы, эпигастрий аймығында ауырсыну немесе жүрек айну мен құсу- жайылған ісік, олигоурия (30мл /сағ. аз), пальпацияда бауырдың ауырсынуы, тромбоциттің 100×10⁶ төмендеуі, бауыр ферменттерінің жоғарлауы, HELLP синдромы, ұрықтың құрсақ ішілік дамуының кідіруі.
Жеңіл дәрежелі преэклампсияның жүргізу тактикасы
-
37 аптасына дейін – бақылау, ем қабылдау. -
37 аптасынан кейін – босандыру.
Ауыр дәрежелі преэклампсия кезінде жүргізу жоспары
34 аптаға дейін
-
Дексаметазон 6 мг б/е 12 сағат сайын - 2 тәулік тағайындау ( мах дозасы 24мг) -
Босандыру 24-48 сағат аралығында
34 аптадан кейін
-
Босандыру жолдарының дайындығымен 24 сағат аралығында босандыру
Эклампсия - жайылмалы тырысумен өтетін гестоздың өте ауыр және қауіпті түрі. Эклампсияны грек тілінен аударғанда «найзағай» дегенді білдіреді. Милық қан айналымның ауыр бұзылуымен жүрген жағдайда команың дамуымен қосарлануы мүмкін. Ұстамалы тырысулардың негізіне ми қан тамырларының тарылуы жатады, кейіннен тамырды кеңейтетін және қарқынды терапияның нәтижесіздігінен бас миының сусіңділенуі қосылады. Бұл жағдайда әйелде сана сезімінің жойылуы, есінен тануы және бүкіл денесінің бұлшықеттерінің тырысуы болады. Эклампсия жағдайында ми тіндерінің айқын гипоксиясы, ісінуі, тұрақты қанайналысы бұзылады. Бүкіл ішкі мүшелердің және жүйелерінің шамасыздығы байқалады.
Эклампсия кезеңдері:
1. Тырыспа алды кезеңі - әйелдің бетінің бұлшық еттерінің фибрилярлық тартылуы, тахикардия, санасы айқын болмайды.Ұзақтығы 20-30 секунд.
2. Тоникалық тырысу - Әйел есінен айырылады, дем алысы тоқтайды, тоникалық тырыспа басынан, мойнынан басталып, денесіне жайылады. Басы артқа қарай шалқаяды, беті көгереді, көз қарашығы үлкейіп жағы қарысады, тілін тістейді, жүрек қағысы мен тамыр соғуы нашарлайды, денесінің бұлшық еттері қатып, сіресіп қалады. Ұзақтығы 20-30 секунд
3.Клоникалық тырысу – басынан басталып, төмен қарай тарайды. Қатып, сіресіп, бұлшық еттері бірінің артынан бірі селкілдеп тартыла бастайды. Қорылдаған дем алыс пайда болады, аузынан қан аралас көпіршік шығады. Ұзақтығы 1-2 минутқа дейін.
4.Таралу кезеңі - тырыспа басылады. Дем алысы, жүрек қызметі қалыптасады, ауру әйел есін жиып, өз-өзіне келе бастайды. Кейде талма біткеннен кейін әйел қатты ұйықтап қалады немесе комаға түседі, көп уақытқа дейін есіне келмеуі мүмкін.
Эклампсия асқынулары:
-
Жүрек қызметінің шамасыздығы -
Өкпе шемені -
Миына қан құйылу,тромбоздар,миының ісінуі,кома -
Бауыр шамасыздығы -
Бүйрек шамасыздығы -
Жедел респираторлық дистресс синдром -
Көз түбіне қан құйылу, көз түбінің тор қабатының ажырауы -
Плацентаның уақытынан бұрын ажырауы -
Ұрық гипоксиясы, гипотрофиясы, шетінеуі -
Мерзімінен бұрын босану -
Нellp синдромы