Файл: Таырып Жктілік патологиясы. Ерте токсикоздар. Гипертензивті жадайлар. Шыл медциналы кмек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Диагностикалық іс-шаралар:

Поликлиникалық деңгейде:

Артериальді қан қысымды өлшеу

Жалпы зәр анализі (ақуызды анықтау)

Жалпы қан анализі (гемоглобин, тромбоцит)

Стационарлық деңгейде:


АҚҚ өлшеу (әрбір 15 минут сайын әйел жағдайы жақсарғанша, сосын әр 30 минут сайын). Әйел жағдайы тұрақталса және патологиялық симптомдар жойылғанда АҚҚ әрбір 4төрт сағат сайын; босануда әр 1 бір сағат сайын өлшенеді.
- ЭКГ, ұрық КТГ, доплерометрия
- Жалпы зәр анализі (протеинурия әр 4 сағат сайын) протеинурия, тәуліктік және бір литр зәрде.
- Қанның клиникалық анализі (гемоглобин, гематокрит, тробоцит, қан ұю уақыты)
- Қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, креатинин, АЛаТ, АСаТ, мочевина, билирубин, К, Mg,Na) көрсеткіш бойынша.
- Коагулограмма – көрсеткіш бойынша
- Егер басқада ауытқулар болса клиникалық ситуацияға байланысты зерттеулер жүргізіледі!

Гипотензивті терапия

Артериалдық қысымды реттеуді жиі жағдайда АҚҚ 160/100 мм сын.бағ. және одан жоғары болғанда бастау керек, есте сақтауымыз қажет, систолалық қысымды 130-140 мм сын.бағ., диастолалық қысымды 90-95 мм сын.бағ. деңгейінде (жатырлық-плаценталық қан айналымның нашарлау қаупіне байланысты) ұстау керек. Гипотензивті дәрілерді таңдау – жеке түрде шешіледі.

Тез әсерлі:

Нифидипин (Са каналы блокаторы) – бастапқы доза 10 мг пероралды немесе тіл астына, қайталап 30 мин соң. Мах доза 120 мг.

Лабетолол (астмамен және жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға болмайды) – 20мг көктамырға, егер әсер етпесе 10 мин соң 40мг.ға ұлғайту, тағы 10 мин соң 80мг.ға. Мах доза 220мг.

Натрий нитропрусиді (миотропты вазоделитатор) – бастапқы доза 0,25 мкг/кг/мин, әсер етпесе әрбір 5 мин сайын дозаны 0,5 мкг/кг жоғарылату. Мах доза 5 мкг/кг.

Баяу әсерлі:
Допегит (метилдопа, орталық әсер етеді) – бастапқы доза 250мг/тәул, 2 күн сайын дозаны 250мг/тәул жоғарылатады. Мах доза 2гр/тәул.
Оксипренолол (b блокатор) – бастапқы доза 20мг күніне 3 рет, қажет жағдайда дозаны 80-120мг дейін жоғарылатады.

Симптоматикалық емі

Қазіргі кезде симптоматикалық емнің тек екі түрін ұсынуға негіз бар: тырысуға қарсы және гипотензивті терапия.

Тырысулардың алдын алу

Магнезиалді терапия тырысу ұстамасын алдын алу үшін таңдалатын ең танымал, эффективті және қауіпсіз әдіс болып табылады. Магний сульфаты седативті, спазмолитикалық, тырысуға қарсы, басішілік қысымды төмендететін және диуретикалық қасиеттерге ие. Преэклампсияны емдеуде ұсынылатын мөлшері токолитикалық әсер көрсетпейді, сондықтан атониялық жатырлық қан кен кету қаупі жоғарыламайды.


Магнезиалды терапия:

Жүктеме доза: 5г құрғақ магний сулфаты (20мл 25% ерітінді) 5-10 мин ішінде көктамырға тамшылатып.

Сүемелдеуші доза: 320 мл физ.ерітіндіге 80 мл 25% магний сульфатын қосып көктамырға

-11 тамшы/минутына – 1гр құрғақ зат/сағатына

- 22 тамшы/минутына - 2гр құрғақ зат/сағатына


Алдын-алу

  • Диуретиктер қолдану

  • Антикоагулянттар тағайындау (гепарин, варфарин)

  • Белок және калориялық тағамдарды қолданылуының жоғарылауын қадағалау

  • Семіздікпен зардап шегетін әйелдерге белок және калориялық тағамдарды қолдануға шек қою.

  • Тағам рационына темір, фолат, магний цинкін немесе балық майын қосу.

  • Тұз бен майды шектеу

  • Антиагреганттарды қолдану (аспириннің төменгі дозасы - 75 мг тәулігіне):

  • жоғары қауіп тобындағы 19% преэклампсияның даму қаупін төмендетеді.

  • Жоғарғы қауіп тобындағы әйелдерге тағайындалуы мүмкін: созылмалы гипертония, антифосфолипидтік синдром т.б.

  • Ұрық үшін қолайсыз жағдайларды аз төмендетеді

  • Қосымша кальций (1г тәулігіне):

  • Жүктілік кезінде гипертензияның даму қаупі жоғары әйелдерде оң әсер береді.