Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1282
Скачиваний: 41
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау +
терапия бөлімшесіне жатқызу
2-деңгейлі перзентханаға жатқызу
3-деңгейлі перзентханаға жатқызу
акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу
2 Жүкті А., 29 жаста, УДЗ мәліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына сәйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?
жүктіліктің 31-32 аптасында
жүктіліктің 33-34 аптасында +
жүктіліктің 35-36 аптасында
жүктіліктің 37-38 аптасында
жүктіліктің 39-40 аптасында
3 24 жасар жүкті әйел жүктіліктің 30 апталық мерзімінде әйелдер консультациясының қабылдауына келгенде алғаш рет АҚ 150/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
допегит таблеткасын ішуге беру
нифедепин таблеткасын ішуге беру
күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін салу
артериялық қысымды қайта өлшеу +
перзентханаға жатқызу
4 Жүктіліктің 32-аптасындағы әйел әйелдер консультациясының дәрігеріне эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 160/90 мм с.б., 165/90 мм с.б., несептің бірреттік порциясындағы белок 3,6 г/л. Барынша негізделген тәсіл:
допегит таблеткасын беру
нифедепин таблеткасын беру
магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу +
нормодепин ішкізу
диуретиктер салу
5 Қайтадан жүкті, босанатын мерзімі жеткен 30 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына шағымданды және жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету әлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы әлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., тамыр соғысы минутына - 96 рет. Жатыры гипертонуста
, оңжақ түтік бұрышын ауырсынады. Іштегі нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?
ұрықтың КТГ
кіші жамбас УДЗ
айнамен тексеріп қарау
іншек арқылы тексеру
жедел жәрдем бригадасын шақыру +
6 Жүкті А., 23 жаста, консультация-диагностика қызметіне жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық және соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?
RW-ға қан тапсыру
АИТВ-ға қан тапсыру
хламидия, тазалық дәрежесін анықтауға сүртінді тапсыру
кеуде ағзаларын флюрографиядан өткізу
қанның клиникалық талдамасы +
7 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес етеккір кешіккен соң қанша уақытқа дейін амбулатория-емханалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүктілікті медикаментпен жасанды түрде үзуге болады?
етеккір кешіккен соң 21 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 42 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 50 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 63 күнге дейін +
етеккір кешіккен соң 70 күнге дейін
8 Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық әйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тәсілді атаңыз:
босану токолизін өткізу
24 сағат қадағалау +
жылдам антибиотикотерапияны бастау
босану индукциясын бастау
дексаметазонмен іштегі нәресте ТБС (тыныстық бұзылу синдромы) профилактика жүргізу
9 Екінші рет аяғы ауыр М. 26 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта және 4 күн. Іштегі нәресте басымен жатыр, болжалды салмағы 4000,0 гр. 2016 жылғы 9 маусымдағы №4 "Іштегі нәресте ірі болғанда босандыру (макросомия)" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес қандай жағдайда оған босану кезінде шұғыл кесарь тілігін жасау ұсынылады?
нәресте жамбасымен келгенде
жалпы біркелкі тарылған жамбаста
жатырдың даму ақауында
босану прогресі қанағаттанарлықсыз болғанда +
экстрагенитали патологиясы болғанда (компенсацияланған)
10 Гинекология бөлімшесіне 26 жастағы әйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,5С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 90. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тәрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында және солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тәрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 20,6×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:
жатырдан тыс жүктілік
жіті аппенидицит
анабез ұшының бұратылуы
жіті сальпингоофорит +
жіті эндометрит
11 Пациент 27 жаста, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 39,0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:
бартолини безінің жылауығы (киста)
сарпай аймағының гематомасы
бартолини безінің абсцесі +
сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі
парауретралық жылауық
12 Пациент А., 27 жаста. 2 күннен бері ішінің оңжақ бөлігінің ауыратынына, әлсіздікке, басы айналатынына шағымданады. Ауырсыну тікішекке беріледі. 23 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен, бір рет жүкті болған, бірақ түсік түсіп қалған. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын келген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, температура 37,2 °С, пульс минутына 84 соққы, АҚ 110/70, 105/70 мм с. б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліктері, әсіресе оңжағы ауырады. Іншекті бимануальды (қолмен) тексергенде: жатыры шамалы үлкейген, ығысуы бірден ауыртады. Жатырдың солжақ қосалқысы анықталмады. Жатырдың оңжағында контуры айқын емес, қамыр консистенциялы, ісік тәрізді түзілім пальпацияланады. Шығындылар аз, қара қоңыр түсті. УДЗ-да жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді, жатырдың оңжағында тығыз, эхогенді, сақина тәрізді формалы түзілім анықталды. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ультрадыбыспен зерттеу негізінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы жоқ болғанда, қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинінің қандай мөлшері жатырдан тыс жүктілікті нақтылайды?
500 МЕ/мл
700 МЕ/мл
800 МЕ/мл
900 МЕ/мл
1000 МЕ/мл жоғары болса +
13 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына, 9 айға дейін кешігетініне, 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағымданады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті: II дәрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Миыны КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс:
гонадотропиндер деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
пролактин деңгейін анықтау +
ТТГ деңгейін анықтау
АКТГ деңгейін анықтау
14 16 жастағы қыз етеккірінің келмеуіне байланысты келді. 15 жасынан бастап ай сайын ішінің төменгі жағы ауырады, бір апта бұрын ішінде ісікті анықтаған. Тексеріп қарағанда: бойы 160 см, салмағы 50 кг, салдарлық жыныстық белгілері жақсы дамыған. Ішін пальпациялағанда ісік тәрізді түзілім анықталады, жоғарғы шеті қасағадан 4 см жоғары. Сыртқы жыныстық ағзалары әйел типі бойынша дамыған, іншекке кіреберісте көгіс тартқан томпаю бар. Ректоабдоминальдық тексергенде кіші жамбас қуысында өлшемі жүктіліктің 16-17 аптасына сәйкес келетін түзілім анықталды, қосалқылары анықталмады. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
жатыр қуысын қырнау
сарпайдың жапсарын кесу
қыздық пердені кесу +
диагностикалық лапароскопия
диагностикалық гистероскопия
15 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:
гонадотропиндердің деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
пролактин деңгейін анықтау
ТТГ деңгейін анықтау +
АКТГ деңгейін анықтау
16 34 жастағы әйел оңжақ емшегінде бұршақ дәні мөлшеріндей ісік тәрізді түзілімнің пайда болғанына шағымданады. Тексеріп қарағанда: солжақ емшегінде өзгеріс жоқ, оңжақ емшегінде жоғарғы сыртқы квадрантта дөңгелек формалы, тегіс, серпімді консистенциялы, жылжымалы, теріге жабыспаған, диаметрі 2 см-ге дейін, пальпациялағанда ауырсындырмайтын түзілім анықталды. Барынша негізделген емдеу тәсілі:
қабынуға қарсы терапия
гормондық жақпамайларды сыртқа қолдану
гормондық препараттарды қолдану
емшекті алып тастау
емшекті бөліктік резекциялау +
17 Қайта аяғы ауыр 36 жастағы әйел, жүктілігіне 38 апта, ішінің төменгі жағының сұққылап ауыратынына, шаншитынына шағымданады. Анамнезінде 2 рет кесарь тілігі операциясы жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 76 соққы. АҚ 110/70 мм с.б. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, минутына 136 соққы. Пальпация кезінде жатырдағы болжалды тыртық аймағында ауырсыну күшейеді. Жатыр моойнағы Бишоп межесі бойынша 9 балл. Нәресте басымен келген. Мүйіс қолжетімсіз. Шығынды сілемейлі. Қандай диагноз болуы мүмкін:
жалған толғақ
босанудың I кезеңі
плацентаның мерзімінен бұрын ажыратылуы
жатырдың тыртық бойынша жыртылу қаупі +
жатырдың тыртық бойынша жыртылуы
18 Босанудың I кезеңі. Басы кіші жамбасқа кірер жерде. Жатыр мойнағы 4 см ашылған. Ұрық көпіршігі бүтін. Солжақта ішкі аңқаның кеңістігінің үшінші бөлігін плаценталық тін алып жатыр. Аздап қан кетуде. Барынша ықтимал диагноз:
плацентаның толық алда жатуы
плацентаның жартылай алда жатуы +
төмен орналасқан плацентаның ажырауы
қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы
төмен плацентация
19 23 жастағы жүкті әйел жүктілік мерзімі 28 апта, дәрігерге кіші дәретке жиі шығатынына, дене қызуы 37,5°С-қа дейін көтерілетініне,оңжақ бел аймағында ауырсыну пайда болып, шап аймағына берілетініне шағымданып келді. Соматикалық дені сау. АҚ 110/65 мм с. б., пульс минутына 90 соққы. Шаншу симптомы оңжақта оң. Қанның жалпы талдамасы: аз мөлшерде лейкоцитоз, СОЭ жылдамдатылған. Несептің жалпы талдамасы – лейкоцитурия, бактерии++. Болжалды диагноз:
гестациялық пиелонефрит. +
несептас ауруы
уросепсис
жіті пиелонефрит
жіті цистит
20 Қайта аяғы ауыр 29 жастағы әйел жүктіліктің 37 аптасында патология бөлімшесіне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып түсті. Анамнезінен соматикалық патология жоқ. Алдыңғы жүктілігінде салмағы 4500 г нәресте босанған. АҚ 110/70 мм с. б., пульс минутына 82 соққы. ДМИ - 35 кг/м2. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Іштегі нәрестенің болжалды салмағы 4200 г. Жыныстық жолдарынан патологиялық шығынды бөлінбейді. Жатыр мойнағы Бишоп межесі бойынша 7-8 балл. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру жүргізген дұрыс:
кіші жамбас ағзаларын УДЗ
ішперде қуысы ағзаларын УДЗ
қандағы жалпы белокты анықтау
қан құрамындағы гемоглобинді анықтау
ашқарынға глюкозаны анықтау +
21 6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дәретке шыққан соң ашитынына шағымданады. Тексеріп қарағанда сарпайдың кіші жапсары кейбір тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай асқыну туындауы мүмкін. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
антибактериялық терапия
вирусқа қарсы терапия
иммунитетті модуляциялайтын терапия
гормондық терапия
жыныстық ағзалар гигиенасы +
22 Босанушы 20 жаста, жүктіліктің 37-аптасында шала туылу белгілерімен ұл баланы дүниеге әкелді. Апгар межесі бойынша баға 7-8 балл. Тексерген кезде солжақ өкпенің бір бөлігінің гипоплазиясы анықталды. Тамақтандырудың қандай тәсілі барынша оңтайлы (дұрыс):
тек қана емізу +
көбінесе емізу керек
балаларға арналған құрғақ қоспалар
емшек сүтін сауып қасықпен беру
емшек сүтін сауып зонд арқылы беру
23 30 жастағы әйел, жүктілік 22 апта. Артериялық гипертензиядан зардап шегеді. Жүктілердегі АГ емдеу кезінде артериялық қысым деңгейінің қай көрсеткіштері оңтайлы диапазон болып табылады?
систолалық АҚ көрсеткіштері 130-140 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б. +
систолалық АҚ көрсеткіштері 120-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 110-120 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 70-85 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 110-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 60-90 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 100-110 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 65-85 мм сын.б.б.
24 39 жасар әйел 5 ай бойы мазалайтын ауырсынатын ауыр етеккірлерге шағымданып дәрігерге жүгінді. Бұрын етекккір қалыпты болған және 28 күндік аралықпен жүріп, 3 күн жалғасқан. Қазір 7-8 күн жалғасады, көп мөлшерде, ұйындылармен. Кіші жамбас қуысы ағзаларын