Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 467
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Экранға шығарылатын нәтиже:
Команданың орта балы.
|
8-тапсырма «Дөңгелектеу»
Дөңгелектеу нәтижелерін анықтаңыз:
print(round(4.2)) print(round(4.6)) print(round(1.234, 1) ) print(round(5.728, 2) ) print(round(5 / 7, 2) ) |
Рефлексия
Мен бұған дейін не білдім? | Енді не білдім? | Өз тәжірибемде нені қолданамын? |
Нәтижені шығару, дөңгелектеу, Екі санның қосындысы, | Қателіктермен жұмыстандық,көпше меншіктеуді,мәліметтер типтерін,таңбалармен жұмыс,аргументтермен басып шығару | Нәтижені шығару, дөңгелектеу, Екі санның қосындысы, |
БҮТІНМӘНДІ БӨЛУ. ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМ. ШАРТ ҚОЮ. КҮРДЕЛІ ШАРТ. КІРІКТІРІЛГЕН ШАРТ. IN КОМАНДАСЫ
9-тапсырма. «Бүтінмәнді бөлу»
12 // 7 = 21 % 8 = 156 % 10 = 238 % 100 = 876 // 10 = 907 // 100 = 439 % 1000 = 191 // 1000 = |
10-тапсырма. «Құпиясөзді тап»
Пайдаланушы енгізген жүйеге қосылу құпиясөзін тексеретін бағдарлама жазыңыз. Егер пайдаланушы «qwerty» паролін енгізсе, онда «Сіз жүйеге кіре аласыз» мәтінін шығарыңыз, қалған жағдайларда «Құпиясөз дұрыс емес» хабарламасын баспаға беріңіз.
Енгізілетін деректер:
Бір жол – құпиясөз.
Экранға шығарылатын нәтиже:
«Сіз жүйеге кіре аласыз» немесе «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні.
|
11-тапсырма. «Python бойынша курс»
А деңгейі
Python тілін үйрену курстарына 12-18 жас аралығындағы осы кусты таңдаған жастар қабылданады.
Енгізілген жас (Age) мәнін қабылдап, ол шартқа сәйкес келсе, "ҚАБЫЛДАНДЫ" деген сөзді көрсететін бағдарлама жазыңыз. Қалған барлық жағдайларда "ҚАБЫЛДАНБАДЫ" хабарламасын шығарыңыз.
Ескерту: бір күрделі шартты қолданыңыз.
Енгізілетін деректер:
Бүтін сан - жас.
Шығарылатын деректер:
Экранда екі хабарламаның біреуі көрсетіледі: "ҚАБЫЛДАНДЫ" немесе "ҚАБЫЛДАНБАДЫ".
|
12-тапсырма. «Пойыздар кестесі»
В-деңгейі
«Пойыздар кестесі»
"Орал - Нұрсұлтан" пойызы кестеге сәйкес тұрақты жүреді. Ол Оралдан барлық айдың 6-ға бөлінетін күндерінен басқа жұп күндері шығады. day айнымалысына енгізілген сан бойынша осы күні Оралдан Нұрсұлтан қаласына пойыздың бар-жоғын анықтайтын бағдарлама жазыңыз. Егер бұл мүмкін болса, "Сапар мүмкін", ал болмаса "Сапар мүмкін емес" хабарламасын шығарып көрсету керек.
Енгізілетін деректер:
Күннің нөмірі (1<=day<=31).
Шығарылатын деректер:
Сапардың мүмкін/мүмкін еместігі туралы хабарлама.
|
13-тапсырма. «Ерке қыз демалысы»
С-деңгейі
«Ерке қыздың демалысы»
Аружан өте ерке қыз. Өткен жазғы демалыста ол Таразда және Алматыда болды, бұл оған өте ұнады. Сондықтан келесі жазғы демалыста ол тағы екі қалаға барғысы келеді. Бұл жолы Аружан Таразға немесе Алматыға қайта барғысы келеді, бірақ екі қалаға да барып былтырғы сапарын қайталағысы келмейді. Ұсынылған маршрут Аружан талаптарына сәйкес келетінін анықтаңыз.
Енгізілетін деректер:
Қалалардың атаулары.
Шығарылатын деректер:
Егер екі қала Аружанның шартына сәйкес болса, «ИӘ», ал сәйкес келмесе, «ЖОҚ» шығады.
|
14-тапсырма. «Дене массасының индексі (ДМИ)»
Дене массасын m килограммен және адам бойының ұзындығын h метрмен қабылдайтын және ДМИ мәні мен адам массасы мен оның ұзындығы арасындағы сәйкестікті көрсететін бағдарлама жазыңыз.
Дене массасының индексі мына формула бойынша есептеледі: кг/м2, мұндағы m — дене масса (кг) , h — бойы (м).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынымдарына сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесі түсіндірмесі жасалған.
ДМИ | Адамның массасы мен оның бойының арасындағы сәйкестік |
16 және одан аз | Дене салмағының айқын жетіспеушілігі |
16-дан артық және 18,5-тен артық емес | Жеткіліксіз (дефицит) дене массасы |
18,5-тенг артық және 25-тен артық емес | Норма |
25-тен артық және 30-ан артық емес | Артық дене салмағы (семіздік алды) |
30*-дан артық және 35-тен артық емес | Семіздік |
35-тен артық және 40-тен артық емес | Күрт семіздік |
40 және одан да артық | Өте күрт семіздік |
Енгізілетін деректер:
Бағдарлама екі санды оқиып қабылдайды: дене массасы және адамның бойы.
Шығарылатын деректер:
Экранда ДМИ мәні және адам массасы мен оның бойының сәйкестігі туралы хабарлама шығады.
|
15-тапсырма. «Поштаны тіркеу»
Электрондық пошта жәшігінің жаңа пайдаланушысын тіркеу үшін біз пайдаланушының логинін, резервті e-mail (ұмытылған парольді қалпына келтіру қажет болған жағдайда) және басқа деректерді сұраймыз.
Пайдаланушының ештеңені шатастырмағанын және «@» символы жоқ дұрыс логинді және «@» таңбасы бар дұрыс резервтік мекенжайды енгізгенін тексеретін бағдарлама жазыңыз.
Енгізілетін деректер:
Екі жол: пайдаланушы ұсынған логин және резервті пошта.
Экранға шығарылатын деректер:
Бір жол: егер барлық шарттар орындалса, онда «OK» (латын әріптерімен) көрсетіледі; егер логинде «@» болса, онда «Қате логин» көрсетіледі; егер логин дұрыс болса, бірақ адресте «@» болмаса, онда «Қате пошта» хабарламасы шығады.
|
Рефлексия
Мен бұған дейін не білдім? | Енді не білдім? | Өз тәжірибемде нені қолданамын? |
Бұған дейін қарапайым амалдарды білдік. | Күрделі шартты амалдарды үйрендік. | Өз тәжрібеме бұрынғы және бүгінгі үйрендерімді құлдандым. |
Қалыптастырушы бағалау:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.
Пән ___________________________________________ Сынып
Бөлім __________________________________________________________________
Оқу мақсаты: | |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
Ойлау дағдыларының деңгейі | |
Тапсырма Дескриптор: Білім алушы | |
|
PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ
Цикл алгоритмі. While циклі. Бағдарламаны трассировкалау.
FOR циклі. Break, Continue, Else циклды басқару командалары
Оқу мақсаты: 8.3.3.1 while (уайл) цикл операторын пайдалану; 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру; 8.3.3.2 for(фор) цикл операторын пайдалану; 8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue (континю), break (брик), else (элс)); 9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python (пайтон) программалау тілінде программаларды жасау; 9.3.2.1 сұрыптау алгоритмдерін қолдану; 9.3.3.2 екі өлшемді массивтер пайдаланып Python (пайтон) программалау тілінде бағдарламаларды жасау |
16-тапсырма. «Нәтижені анықтаңыз»
a)
code = 30
while code < 100:
code = code + 20
code = code - 20
print(code)
Жауабы: …30 ………………….
b)
code = 30
n = 0
while code < 100:
code = code + 40
n = n + 1
print(n)
Жауабы: …2………………….
c)
code = "1"
n = 0
while n < 3:
code = code + str(n)
n = n + 1
print(code)
Жауабы: ………1022…………….
|
17-тапсырма «Құпиясөзді айтыңыз»
Пайдаланушы 123-ті енгізгенге дейін құриясөзді сұрайтын бағдарлама жазыңыз. Егер құпиясөз дұрыс енгізілмесе, «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні шығады, ал дұрыс енгізілсе, «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы шығады.
Енгізілетін деректер:
Жеке жолдардағы құпиясөз нұсқалары.
Шығарылатын деректер/нәтиже:
«Құпиясөз дұрыс емес» немесе «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы.
ans = 0 while ans != 1: s = (str(input("Kupiya sozdi engiziniz: "))) if(s != "123"): print("Kupiyasoz durys emes") else: print("Kupiyasoz durys") ans = 1 |
18-тапсырма «Бос жолға дейін қанша жол»
Бос жолды енгізгенге дейін жолдық типті енгізуді сұрайтын бағдарлама жазыңыз.
Бос жолға дейін енгізілген жолдардың санын санып, экранға шығару керек.
Енгізілетін деректер:
Жеке жолдарға жолдық типтегі дерек енгізу.
Шығарылатын деректер/нәтиже:
Бүтін сан – бос жолға дейінгі жолдар саны.
ans = 0 cnt = 0 while ans != 1: s = (str(input("Butyn san sani: "))) if(s != ""): cnt = cnt + 1 continue else: print(cnt) ans = 1 |
19-тапсырма. «Цикл қанша рет орындалады»
for x in range(5)? for x in range(1, 4)? for x in range(1, 10, 3)? for x in range(8, 4)? for x in range(8, 4, -2)? | |
20-тапсырма. «Квадраттар»
n-ге дейінгі (n-ді қоса алғанда) сандардың квадраттарын бір қатарға шығаратын бағдарлама жазыңыз.
Енгізілетін деректер:
n натурал саны (мысалы, 5)
Шығарылатын деректер/нәтиже:
Бос орын арқылы ажыратылған сандардың квадраттары (мысалы, 1 4 9, 16, 25)
|
21-тапсырма. «Нөлсіз көбейту»
Пайдаланушы 6 бүтін санды енгізетін бағдарлама жазыңыз. Бағдарлама олардың көбейтіндісін есептеп көрсетуі керек. Енгізілген сандардың арасында нөл болуы мүмкін.
0-ге көбейткенде көбейтінді нөлге тең болатынын бәрі біледі, сондықтан 0 енгізілген болса, бағдарлама оны есепке алмауы тиіс.
Енгізілетін деректер:
Алты бүтін сан, әрқайсысы бөлек жолда және 100 аспайды.
Мысалы,
3
1
-2
0
0
-2
Шығарылатын деректер:
Бір сан: нөлге тең емес енгізілген сандардың көбейтіндісі.
Жоғарыдағы жағдайда: 12.
|
22-тапсырма. «Кері санау»
Бір қызығы, зымыран ұшырылғанға дейін кері санау алғаш рет «Айдағы әйел» ғылыми-фантастикалық фильмінде қолданылған екен. Драмалық амалдың сәтті болғаны соншалық, ол космонавтика тәжірибесіне терең еніп кетті.
Кері санақ жүргізетін бағдарлама жазыңыз.
Енгізілетін деректер:
Бүтін сан – іске қосылуға дейінгі секундтар саны.
Шығарылатын деректер/нәтиже:
n-нен нөлге дейінгі әр секунд үшін «[қалған секундтар саны] “Секунд қалды!” хабарламасы. Осыдан кейін: «START» хабарламасы шығады.
Егер n<0 болса, кері санаққа уақыт жұмсамай, бірден «START» хабарламасын шығару керек.
|
23-тапсырма. «Бактериялар»
Бактерия 1 минутта екіге бөлінеді. Бастапқы сәтте n бактерия бар. t минуттан кейінгі бактериялардың санын есептеу бағдарламасын жасаңыз.