Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 258

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ни құндылықтар: құдай, сенім, құтқарылу, рахат, рәсiм, мешiт.

Д) Қоғамды қадiрлеу: еңбекқорлық‚ патриотизм, қоғам өмiрiне белсендi қатынасу, жоғары локальдық (мемлекеттiк, интернациональдылық) бағытталу.

Ж) Эстетикалық құндылықтар: әсемдiк (эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйле-сiмдiк, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгiзiлген модаға елiктеу.

4. БIЛIМ – қоғамның рухани өмiрiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi. Бiлiмнiң көптеген түрлерi өмiрдегi iс-әрекеттердiң белгiлi типтерiмен, деңгейiмен ара қатыста болады. Бiлiм-нiң ол түрлерi мыналар: практикалық бiлiм, рухани бiлiм, эмпириялық бiлiм, теориялық бiлiм, экзотериялық бiлiм. Практикалық (тәжiрибелiк) бiлiмадамның қарекетпен шұғыл-дануының нәтижесiнде қалыптасады және оның шеберлiк дағдысымен бiте қайнасқан. Рухани бiлiм адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық) реттейдi. Оның ұлан-ғайыр әр түрлi құралдары бар, оның iшiнде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткiштер, көркемөнер туындылары, бейнелер, аруақты мәтiндер және т.б. Сонымен қатар, топтың, қоғамның және адамзаттың басқа да мәдени сыңар-лардың жинақталған жадының мазмұнынан құралады. Эмпирикалық бiлiм, арнайы ғы-лымдарда жазылған сезiмдiк және эксперименттiк тәжiрибе негiзiнде қалыптасқан таби-ғаттағы, қоғамдағы табиғи процестер. Теориялық бiлiм субъектiнiң ұғымдар, белгiлер, формулалар арқылы обьектiден қашықтауының нәтижесiнде қалыптасады, тек қана тәжiрибеде емес, бiлiмнiң өзiн де ұғынып‚ мағына бередi. Теориялық бiлiм ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны‚ философияны, әлеуметтiк және дiни iлiмдердi дамытуға шешушi ықпалын тигiзедi. Экзотериялық бiлiм – мистика туралы бiлiмдi кеңей-тетiн ерекше нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей барлығына арналған.

5. МАҒЫНАЛАР – маңыз, мән, белгілер адам мен табиғатты немесе жалпы субьектi мен объектiнi белгiлеу арқылы қауыштыратын арнайы мәдени құралдар. Белгiлер жүйесi-нiң қатарына табиғи және жасанды тiлдер, әртүрлi дыбыс белгiлер жүйесi, бейнелеу жүйесiнiң тiлдерi (бейнелер, символикалар) жатады.

Қоғам, өз тәжiрибесiнде бiр-бiрiмен ара қатынаста болатын жүйеленген және келесi ұрпаққа жалғастыруға болатын жалпылама рәмiздердi нығайтуы қажет. Ол мәдени құрал-дармен қиялда жаңғырық табатын, жоқ заттардың бейнесiн, олардың тiзбегiн және үйле-сiмiн жүйелейтiн белгiлердi, есiмдердi, атауларды жасайды. Солардың арқасында тармақ-талған мағыналардың жүйесi дүниеге келедi.


Адамдар құбылыстарды белгілей және бағалай отырып, оларды реттейді, талқылайды, дүниедегі және болмыстағы өз орнын ой елегінен өткізеді. Пәнге ат беру деген – оны танып білуге жасалған алғашқы қадам. Мәдени мәнділік жүйесінен тыс жерде король мен қызметшінің, әулие мен күнәһардың, әсемдік пен сиықсыздықтың айырмашылығын білу мүмкін емес. Мәдени нормалардың өзгеруі және мәнділіктің күйреуі сияқты тым шұғыл жағдайларда аталған айырмашылықтар жойылады.

Кез келген қоғамда, барлық iс-әрекеттердiң және қатынастардың дәнекерi ретiнде қолданылатын маңызды белгi - ақша. Ақша ретiнде пайдаланылатын заттар қоғамның даму деңгейiмен және мәдениетiмен тығыз байланысты. Барған сайын олар затсыздана бастайды. Ақпараттық қоғамның аяғынан тiк тұруы оның, ақшаның көлемi туралы есiнде сақтайтын компьютерлiк жүйесi бар электрондық импульсқа өтуiне байланысты. Электронды ақша, электронды ақпаратқа ұқсап принципиалды түрде, жалпы барлық қар-жы алып беру технологиясын өзгертедi, көптеген iс-әрекеттiң қалыптарына және постиндустриалды қоғамдағы адамдардың өмiр салтына әсерiн тигiзедi.
Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

5. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.


Лекция №3 Архаикалық мәдениет

  1. Алғашқы қауымның мәдениеттің материалдық және рухани кезеңдері

  2. Mифoлoгия жәнe діннің алғашқы түрлері.

Мақсаты: Алғашқы қауымның мәдениеттің материалдық және рухани кезеңдерін қарастыру, ежелгі мәдениет белгілеріне тоқталу.

Міндеттері: Архаикалық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

1.Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы, дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды.Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.



Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары. Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

Ориньяк кезі (30—19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады.

Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады.

Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті. Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Осы дәуірде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта Қара теңіз төңірегінде — негроиттік, ал шығыстағы Азияда — монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі — аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Аңшылар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігіне кәміл сенді. Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы — тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальдықтардың дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің алғашқы сатысына көшті. Кейінгі палеолит дәуірінің аңшыларында бүйрық беру тілі қалыптасты, өйткені аң аулау кездерінде түсінікті дыбыс белгілерін беру олар үшін ауадай қажет болатын. Көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасындағы өтпелі дәуір мезолит (мезо — орта, лит — тас деген мағына береді) кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланысты адамдардың тұрмыстіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі — адам баласының өміріндегі жаңа қарудың — садақ пен оның жебесінің пайда болуы. Мұндай қарудың пайда болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар қайық ойлап тапты және балық аулаумен шұғылданудың адам өмірі үшін онша қауіпті емес екеңдігін алғашқы адамдар түсіне де білді. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері — мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі. Ол өзі пайдалануға тиіс тұтас жер учаскелеріне назар аударады да, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, көз аясындағы дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең, әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игерді. Әлі де кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың үшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу — дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса, екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болды. Осылай әйелдер өнері — ою-өрнек пайда болды. Бұрынғыдай қолайлы жағдайлар мен қажеттілік болмағандықтан тас дәуірінің адамдары жартастарға құдіретті андардың бейнелерін енді салмайтын болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі — неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек, керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған «керамика ғасыры» деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді. Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және тағы басқалары жерлерден кездестіруге болады. Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар.Аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырсақ, бұл әйелдің тұла бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған балауса да, сүңғақ денесінен ее тандырар сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай үшқан араның қоршауында. Біздің алдымызда тасқа бояумен салынған адам сұлулығын табиғатпен байланыетырған шын поэтикалық сурет түр. Неолит дәуірі — рулық құрылыс пен тас өндірісінің шарықтаған кезі. Тас балталардың көмегімен тас ғасырының адамдары ағаштарды кесіп одан үй тұрғызып, жоғарыда көрсеткеніміздей балық аулауға арналған қайықтар жасады. Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге белуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып табылады. Экономиканың бұл түрі кей жерлерде, әсіресе еуропалықтар келгенге дейін солтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауында өзінің гүлдену шағын бастан кешіріп жатқан болатын. Бұл жердің теңіздері балыққа бай болғандықтан жергілікті үндістер тюлень, қамшат, қызыл балықтармен қатар алып киттерді де аулайтын-ды, орманды жерлерде тау қой-ешкілерін, бұғыларды ұстауды кәсіп ететін. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, бірақ қызыл қарағайдан сапалы, әрі мықты қайықтар жасауды меңгерген. Қыс кезінде ағаштан жасалған үлкен үйлерде тұрған, бұл үйлердің терезелері болмағандықтан төбесіне тұтін шығатын тесік жасаған. Тағы қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш — плащтар тіккен. Өзара тайпалық қақтығыстар кезінде ағаштан жасалған маска л ар киген. Қолға түскен тұтқындарды құлдарға айналдырған, о л ар көбінесе қауымдық ұжымның меншігі болып есептелген. Олар бір-бірімен балық, балық майымен, тас пен сүйектен жасалған әшекей бұйымдармен, құлдармен сауда-саттық жасаған. Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауын мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық» деп аталатын ғұрып етек алған. Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп-нығайтқан (көп жағдайларда таратылған дүние-мүлік қарсы сыйлық немесе қызмет түрінде қайтарылатын болған). Бұл жерлердің тұрғылықты халықтары ағаш пен сүйекті ойып безендіруді тамаша меңгерген. Олардың тұрған қоныстарының басты белгісі қызыл қарағайдан (самырсыннан) жасалынған биіктігі 20 метрге дейін жететін бағаналар болған және олар тотемдік ата тегіндегілер мен түрлі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерімен безендірілген. Мұндай қасиетті бағаналарды орнату үлкен уақиға болып саналган, өйткені бұл дөстүр қожайынның атын мәңгілік қалдыруға бағытталғандықтан, оның мерейін тасытқан. Мұндай тойлардың аяғы көп жағдайларда құрбандыққа адам шалумен аяқталған. Үндістердің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырып көрелік: бұл туындыньщ ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бұркіт бейнеленген. Бұл «спорттық пирамиданың» мән-мағынасын түсіну онша қиындыққа соқпайтын сияқты. Ол — қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалаула рындағы жерлердің құнарлығы соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы — көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады. Адамдардың отырықшылдыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда болды. Неолит дәуірінің егіншілері мен малшылары — шаруалар болды. Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері — аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым.


Мифтің бізге өте ерте заманнан келіп жеткеніне, оған сол заманында сеніп, кейін қоғам дамуы сананы аңғырттық және қарапайым ойлардан ажыратып отырғанына қарамастан ол тарих саханасынан түспей, мәдениеттің басқа да түрлерімен күні бүгінге дейін қатар өмір сүріп келе жатыр.


2.Мифтік аңыздар ежелгі жабайылық дәуірден бастап пайда болғандықтан, бұл дәуірді басынан өткермеген халық болған жоқ. Олардың кейбіреулері мифтік шығармашылық тұрғыда қараса, енді бірі ата бабаларынан қалған мұра ретінде құрметтейді.

Миф – бұл шындық ретінде қабылданған қиял, жалған, бірақ бұл біреулер үшін шындық, ал енді біреулер үшін жалған. Мифті шындық тұрғысында қабылдаған адамдар ондағы жалғандықты көрмейді, ал оны жалған деп есептейтіндер оларды ешқашан да шындық деп қабылдамай-ды. Осыларды айқындаған жағдайда ғана мифтің мәнін түсінуге болады.

Әрбір мәдениеттің өз мифологиясы бар. Және әрбір мәдениеттің адамдары соның мифтеріне сенеді, олардың қисынсыздығын есептемейді. Ойлау жүйесін меңгерген өзге мәдениеттің адамдары басқаның мифтерін әшкерелей отырып, әрдайым өз мәдениетіндегі мифтерді миф деп санамай солардың ырқында болады, түбінде олар да әшкереленеді.

Mифoлoгия жәнe дiннiң apacындa нaқты мeжeлeнгeн aйыpмaшылық жoқ. Tapихшыларлapдың көпшiлiгi aлғaш пaйдa бoлғaн eжeлгi мифтepдi дiннiң тapихи түpлepiнiң бipi дeп eceптeyгe бoлaды дeйдi. Mыcaлы тaғы зaмaннaн бepi дaмып кeлe жaтқaн дiндepдi үш түpгe бөлyгe бoлaды: 1. Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм. 2. Құдaйғa жәнe pyхқa ceнy. 3. Дeнeдeн бөлeк өмip cүpeтiн, өлiмнeн кeйiн caқтатaлaтын, epeкшe тәнciз бacтaмacы бap жaнғa ceнy (aнимизм).

Дiн жаратылыстан тыс бiр құдiреттi күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идея-лардың, әрекеттердiң жиынтығы. Ф.Энгельстiң айтуынша «Дiн дегенiмiз - ең ертедегi замандарда адам баласының өз бастары мен өздерiнiң төңiрегiндегi сыртқы табиғат жөнiндегi сауатсыздық түсiнiктерiнен туған». Дiн жаратылыстан тыс бiр кереметке сену (құдай, тәңiрi), дүниеде болып жататын алуан түрлi құбылыстар арасында бiр сиқырлы сыр бар деп, соған нану (магия, тоте-мизм), кейбiр заттарда табиғатта жоқ қасиеттер бар деп, оларды киелi тұту (фетшизм).

Кейінгі палеолит дәуіріндегі сиқыршылықтың басты мақсаты — адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамыңды айналдырып алу және тағы басқалары болды. Аңшылық сиқыр олжаның пайда болуы мен иемденуді және тағы басқалары қамтамасыз ету керек болды. Магияның (сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен (сонымен бірге табиғат күштері мен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып қарастырылатын кездер де болған) тығыз байланыста қарастыруы. Австралия — тотемизм мен сиқырлаудың] (магияның) классикалық елі. Олар еуропалықтармен алғаш кездескен уақытта кейінгі палеолит дәуірінің соңғы кезеңін бастан кешіріп жатқан болатын. Палеолит дәуіріндегі үңгірлер қабырғаларына салынған жануарлар бейнесінің қисапсыз көп болуы — сол заманда сиқырлаудың шарықтап, гүлденгенінің басты айғағы болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-жоралары мифологиямен келіп тоғысады. Үңгір суретшілері белгілі бір сюжеттер құруды мақсат еткен жоқ, олардың басты назары сиқыршылыққа ауған болатын.