Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 264

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ағартушылықтың басты көркем тілі XVII ғасырдан мұраға қалған классицизм болды. Бұл стиль ағартушылық ойлаудың рационалистік табиғатына және оның биік адамгершілік принциптеріне жауап берді. Алайда үшінші сословиенің күнделікті өміріне қызығушылық стильдің қатаң шеңберіне сыймайды.

Ең тамаша құрылыс туралы түсініктер мен армандардың барлық тобы Даниель Дефоның (1660-1731 ж.ж.) атақты «Робинзон Крузо» романында көркем бейнеге ие болды. Ол әр түрлі жанрлардағы 200 жұмыс жазды: өлеңдер, романдар, саяси очерктер, тарихи және этнографиялық туындылар. Робинзон туралы кітап - табиғаттың тәрбиелік және түзету жұмысына беріліп, табиғи күйге қайтып оралған адамның тарихы. Өркениеттен алыста, аралда рухани қайта тууын баяндайтын романның екінші бөлігі белгілі емес.

«Гулливердің саяхаты» атты әйгілі туындының авторы Джонатан Свифт (1667-1745 ж.ж.) дүниеге ұстамды, материалистік позиция жағынан қарайды. Лилипуттардың ойлап тапқан елі ағылшын қоғамының сатиралық бейнесін береді: сарайдағы қастықтар, жағымпаздық, тыңшылық, парламент партияларының мағынасыз күресі. Алыптар елін суреттейтін екінші бөлімінде «ағартушылық абсолютизмінің» идеалы – мейірімді және ақылды монарх билік құратын елдегі бейбіт өмір мен еңбек туралы армандар айтылады.

XVIII ғ. әлем әдебиетіне мынадай керемет суретшілер мен театр өнерінің теоретиктерін сыйлады: Англияда Шеридан, Францияда Вольтер, Дидро, Бомарше, Германияда Лессинг, Гете, Шиллер, Италияда Гольдони. Дидроның тікелей ізбасары Францияның ірі драматургы Пьер Огюстен Бомарше (1732-1799 ж.ж.) болды. Оның өте әйгілі көңілді комедиялары «Ессіз күн немесе Фигароның үйленуі» және «Севиль шаштаразы» жойқын күшті сатира қуатын сыйлайды.

Ағартушылық арнада итальяндық театрда реформа жүреді, онда ескі маска комедиясы әлі билік құрып тұрған болатын. Белгілі Карло Гольдони (1707-1793 ж.ж.) құрған мінездер комедиясының типі бірегей болып табылады және жалпы Европада танымал болды. Оның пьесаларында сословиелік теңдікті насихаттау жақсы байқалады. «Трактиршица», «Екі мырзаның қызметшісі» пьесаларының кейіпкерлері әлеуметтік жағынан нақты, олар өздерінің құқықтарын сезініп, оны қорғай біледі.Өздерінің артық дәрежелерінен айрылғысы келмейтін дворяндылықты ағылшын драматургы Ричард Бринсли Шеридан (1751-1816 ж.ж.) өздерінің сайқымазақ объектілері етті. Оның «Ащы тіл мектебі», «Дуэньясы» ағылшын қоғамының екі жүзділігін әшкерлейді. Оның шығармашылығында жағдайлар комедиясынан мінездер комедиясына ауысу аяқталады. Европада жалпы қабылданған барокко және классицизм стильдерінен басқа XVIII ғасырда жаңалары пайда болды: рококо, сентиментализм, предромантизм. Алдыңғы ғасырлардан айырмашылығы дәуірдің біртұтас стилі, көркем тіл бірлігі жоқ. XVIII ғ. өнері алуан стильдік
формалар энциклопедиясы болды, оны осы дәуір суретшілері, сәулетшілері, музыканттары кең қолданды.

Францияда көркем мәдениет сарай маңындағы ортамен тығыз байланысты болды. Француз өнерінің стилистикалық кезеңдерін корольдердің есімдерімен байланыстырады, регенттілік стилі, Людовик XIV стилі (1643-1715 ж.ж.), «Помпадур» стилі. Францияда айқын және жүйелі рококо стилі дамыды, француздың «рокайль» - формалардың раковинасы, күй таңдағыштығы және елестеушілігі стильге осы атауды берді. Кейбір өнер танушылар оны барокконың бір түрі деп санайды. Басқалар үшін рококо – бароккодан шыққан, бірақ кейбір қасиеттерін өзгерткен өзіндік стиль. Кез-келген жағдайда рококо - өнерде өз ізін қалдырған, ақсүйектер мәдениетінің стильдік жүйесі.

Рококо француз ақсүйектерінің ортасында пайда болған. Людовик XV (1715-1754 ж.ж.) «Бізден кейін топан су басса да» деген сөзі сарай маңындағы көңіл-күй сипаттамасы деп санауға болады. Қатаң этикеттің орнын жеңіл атмосфера, ләззат алу мен ойын-сауықты көксеу басты. Ақсүйектер топан су басқанға дейін керемет ойын-сауықтар атмосферасында көңіл көтеруді ғана ойлады, осы думандардың жаны мадам Помпадур болды. Сарай маңындағы орта қыңыр, күй таңдағыш формадағы рококо стилін қалыптастырды.Кескіндемеде рококоның негізін қалаушы деп Антуан Ваттоны (1684-1721 ж.ж.) есептеуге болады. Ол сарай маңындағы кескіндемеші, король мен маркиза Помпадурдың сүйіктісі болды. Ватто өнері адамзат сезімдерінің әлемін ашады. Ол барокконың көпірме стилінен босатып, уақыт рухына сай табиғи сезімдерді ақтады.Ватто өмірден кеткен соң, оның сарайдағы орнын Франсуа Буше (1704-1770 ж.ж.) басты. Оның типтік сюжеттері – «Венераның салтанат құруы», «Венераның киім-кешегі», «Диананың суға шомылуы». Буше туындыларында рококо дәуірінің мәнерлілігі мен эротикалығы ерекше күшпен бейнеленді, осы үшін оны ағартушы-моралистер кінәлады.

Ағартушылар суретшілерді үшінші сословиенің тұрмысын суреттеумен айналысуға шақырды. Осы жанрды бейнелеушілер Жан Батист Симеон Шарден (1699-1779 ж.ж.) және Жан Батист Грез (1725-1805 ж.ж.) болды. Шарден, Грез, Фрагонар шығармашылығымен қандай да бір позиция туралы түсінік байланыспайды. Бұлар натюрморттарды, әсем жанрлық сахналарды, мейірімді аналарды бейнелейтін бейбіт суретшілер болды. Шарден бейнелеген әйелдер («Түскі ас алдында намаз оқу», «Кір жуушы», «Кастрюль жуып жатқан әйел») Буше модельдерінің  қазіргі өкілдері деуге сену қиын, бірақ олар сол кездегі Францияны анық көрсете білді.



Ағарту заманының идеологтары ақыл-парасат идеалдарымен байланысты өнердің этикалық құндылығын уағыздады. Француз революциясы кезінде өнерде жаңа классицизм үстемшілік жүргізді. XVIII ғасыр классицизмі – алдыңғы жүз жылдық классицизмінің дамуы емес – бұл принциптік жағынан мүлдем жаңа тарихи-көркем құбылыс. Жалпы сипаттамалары: антикаға норма және көркем үлгі ретінде қарау, сезімнен борыштың басым болуы, стильдің жоғары дерексіздігі, ақыл-парасат, тәртіп және үйлесім пафосы. Жаңа классицизм өнердің табиғи қарапайым және биік формаларын құруға ұмтылысында антика дүниесінің көркем мәдениетіне көңіл бөлді.Классицизмді кескіндемеде суреттеген Жак Луи Давид (1748-1825 ж.ж.) болды. Оның «Горацийлер анты» картинасы жаңа эстетикалық көзқарастардың жауынгерлік жалауы болды. Рим тарихынан алынған сюжет (ағайынды Горацийлер әкелеріне борышына адалдық болу және жаулармен соғысуға дайын болу антын береді) революциялық Францияда республикалық көзқарастар бейнесі болды.

Реализм эстетикалық өнерге де басып кіреді. Классицизм өнерінің білімді, байыпты теоретигі, Британия көркем сурет академиясының бірінші президенті, белгілі саяси қайраткер, сәнді ақсүйектер салонының қожайыны Джошуа Рейнольдс (1723-1792 ж.ж.) дәстүрлі портрет жанрына тұлғаның психологиялық мінездемесін енгізді. Томас Гейнсбороның (1727-1788 ж.ж.) портреттерінде реалистік бағыт байқалады, ол пейзаждық кескіндемеде жалғасын тапқан. Гейнсборо портерттерінде қоғамдағы модельдің ролін ашатын ешқандай аллегориялар жоқ.Оларға жан дүниеге көңіл аудару тән. Бұл портреттерде пейзаждың мәні зор, ол да XVIII ғ. музыкалық шығармашылыққа көп жаңалық әкелді. XVIII ғ. музыка Қайта Өрлеу дәуірінен бастап гүлденіп жатқан басқа өнерлер деңгейімен қатар тұрды. Ақсүйектік мазмұндағы музыкалық концепциялар туды, жаңа формалар – фуга, симфония, соната дүниеге келді. Иоганн Себастьян Бах, Георг Фридрих Гендель, Кристоф Глюк, Франц Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт XVIII ғасырдың музыкалық өнерінің шыңында тұр. Ағарту дәуірі сана-сезімнің жаңа өткірлігін, жаңа сезімдер, көңіл-күй реңдерін өмірге әкелді. Музыканың өнердің жеке түрі ретінде гүлденуі адамның рухани әлемінің поэтикалық, эмоционалдық бейнеленуіне деген қажеттілігімен түсіндіріледі. Бах және Гендель шығармашылығында музыкалық дәстүрлердің сабақтастығы сақталып қалған, бірақ олар музыка тарихында жаңа кезеңді бастады.

XVIII ғ. өнерінде біртұтас жалпы стиль – алдыңғы дәуірлерге тән көркем тіл мен тәсілдердің стильдік бірлігі болған жоқ. Осы кезеңде идеялық-көркем бағыттардың күресі өткір байқалды. Ұлттық мектептерді қалыптастыру да жалғасып жатты.XVIII ғ. өнерінде шартты түрде екі кезеңді бөліп көрсетеді. Біріншісі – 1740-50-ші жылдардың ортасына дейінгі. Ол барокконың кейінгі формаларының аяқталуымен және рококо стилистикалық бағытының бөлініп шығуымен байланысты. Екінші кезең – классицизмнің түрі өзгерген идеалдарының қайтып келуі және келесі жүз жылдықта жалғасын тапқан предромантикалық қозғалыстың және сентиментализмнің тууы. Классицизм сәулет өнерінде, мүсін өнерінде, кескіндемеде билік құрушы стиль болды, бірақ әдебиетте, театрда, музыкада предромантикалық бағыт дамыды.


Әдебиет пен музыка біртіндеп өнердің жетекші түрлеріне айналды. Осы формалардың көркем тілі өмірдің эстетикалық түсінігінде уақыт талаптарына сай келді. XVIII ғ. әлем картинасы алғашқы рет тұрмыстық ақиқат бейнелерінде беріліп, музыкада қарапайым адамзат сезімдері айтылды.Ғасыр ортасында драматургия классицизм дәстүрінен реалистік және предромантикалық бағыттарға көшті. Театр жаңа қоғамдық-тәрбиелік рольге ие болды.Ағартушылық дәуірде «мәдениет» сөзі бірінші рет нақты, жалпы таныған термин болды, оның мәнін тек оқыған жоғарыдағы қоғам ғана емес, қарапайым адамдар да талқылады. Әлем негізі идеялар үштігі -  «ақиқат», «жақсылық», «сұлулық» екендігін мойындаған философтардан соң, қоғамдық ой мен көркем шығармашылықтың әр түрлі ағымдарының өкілдері мәдениеттің дамуын ақыл-парасатпен, адамгершілік-этикалық бастаумен немесе өнермен байланыстырды.

Шындықтан қорқу және оны қабылдамаудан жаңа бағыт – романтизм туды. Әлеуметтік шындыққа жеке өмірді қарама-қарсы қою сентиментализмде байқалады. Осы бағыттар Ағартушылық дәуірдің гуманистік атмосферасы, оның гармониялы тұлғаға ұмтылуы арқасында мүмкін болды. Ағартушылық ғасыр мәдениеттің әрі қарай дамуына күшті әсер еткен әлемді өзінше көру үлгісін жасады.
Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

4. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: 2018ж.

5. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: 2018 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

5. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.


Лекция№9. Қазіргі заман мәдениеті

1. Қазіргі заман мәдениетінің негізгі стильдері..

2. Постмодернизм дәуірінің мәдениеті туралы теориялар.

Мақсаты: Постмодернизм дәуірінің мәдениеті туралы теориялармен таныстыру, қазіргі мәдениетінің тенденциясы және мәселелері оның даму түрлерін қарастыру.

Міндеттері: Студенттерді қазіргі заман мәдениетінің негізгі стильдерімен және Ф.Ницшенің, О. Шпенглердің, А. Тойнбийдің мәдениет туралы теорияларымен таныстыру,
1.Батыс көркем мәдениет жаңа тарихи кезеңге ендi. Өнеркәсiп пен экономикадағы елеулi өзгерiстер, халықтың басым көпшiлiгiнiң өмiрге араласуы, төңкерiстер мен әлемдiк соғыстар нәтижесiнде өнерде iрi өзгерiстер болды. Өткен заманның ұлы көркемдiк стилдерiне бағыт берген идеалдар күйредi. «Модернизм» (фр. Moderne- қазiргi, жаңа) сөзiнiң негiзiнде «мода» сөзi бар, ол «жаңа өнер», «қазiргi заман өнерi» деген мағынада жиi қолданылады. Батыста «Модерн» деп айтылады. Модернизм бiртектi емес. «Модерн» терминi сәулет өнерi мен бейнелеу өнерiндегi символизм, импрессионизм, декоративизм сияқты стилдердi қамтитын белгiлi бiр бағытты белгiлеу үшiн де қолданылады. Бұл бiрыңғай көркемдiк стиль емес, стильдердiң тобы.

Жалпы модернизм дәуiрiнiң түрлi өнер стилдерiне не ортақ және модернистiк өнердiң ортақ белгiлерi қандай деген сұрақтар туындайды.

1. Модернизм өзiн өткеннiң өнерiне қарсы қояды және iзденiс еркiндiгiне қысым жасайтын кез келген көркемдiк канонды жоққа шығаратын жаңалықты iздеуге шақырады. Модернизм дәуiрiндегi стилдердiң көбi сынап көру және қателесу әдiсiмен өзiнiң тың, әдеттен тыс, өнердiң үйреншiктi шеңберiнен шығатын жолын салмақ болды.

2. Модернизм өнерi, Аристотель ұсынған және ғасырлар бойы мызғымас боп есептелген мимесис (елiктеу) принципiн жоққа шығарды. Мимесис принципi бойынша өнер болмысты бейнелеу, көшiру керек. Модернист суретшi шын өмiрдi бейнелемейдi; талант, қиял күшiмен өз әлемiн жасайды («Малевич әлемi»; «Пикассо әлемi»; «Дали әлемi»). Заттық бейнелiлiктен бас тарту абстракционизмде шырқау шегiне жетедi.

3. Модернизмде өнерге деген дәстүрлi эстетикалық және этикалық талаптар терiске шығарылады. Ең бастысы - көпшiлiкке күштi әсер ететiн экзотикалық сипат. Өмiрден алшақтау, өмiрдiң сұмдықтарын салқын көрсету, көркемдiк тiлдiң нәзiк ньюанстарына эстеттiк қадалу, көрерменге, оқырманға немқұрайды қатынас модернистте өнердiң белгiлерi болды.