ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Тігін машиналарының инелері
Барлық шөлнекті тігін машиналарына 130/705H стандартты тігін инелері,арзандау тұрмыстық торлау тігін машиналарға HAx1SP стандартты инелер,ал кымбаттау модельді машиналарға ELx705 стандарттағы инелер қолданады.торлайтын инелер тігін машиналардын инелерінен құлағының өлшемімен ерекшеленеді. Ең мықты ине ретінде неміс компаниясы Schmetz шығаратын инелер болып саналады. Жақсы инелер сонымен қатар Organ Needles компаниясы өндіреді.
Ине номері.
Иненің аталуында қолданылған номер иненің қалындығын (диаметр) білдіреді.
Иненің қолданылуы.
Иненің аталуындағы әріптер иненің қайда қолданылатынын білдіреді. Мысалы, 130/705H-M атты ине жұқа тығыз маталарға арналған.
Н әмбебап инелер. Әмбебап инелер қарапайым тігіс жасайтын қырсық емес маталарға арналған.
H-J инелер тығыз маталарға арналаған. Инелер қалың, тығыз материалдар,яғни джинсы,саржа,брезент т.б маталарды тігуге қолданады.
H-M микротекс инелер. Микротекс инелер өте өткір және жіңішке болады. Бұл инелер нақты микро талшықты,жіңішке және тығыз материалдарды,яғни жібек,тафта және т.б маталарды тігуге арналған.
H-S инелер эластиклық маталарға арналған. Инелер орташа тығыздықты тоқыма және синтетикалық маталарды тігуде қолданады.
Инелердің қолданылу кестесі
Материал | Ине өлшемі | Ине маркировкасы | |
Мата | Жеңіл (жейделер мен блузкаларға арналған) | 60-70 | H, H-M |
Орташа (костюмдік маталарға арналған) | 80-90 | H, H-J | |
Ауыр ( Пальтолы маталарға арналған) | 100-110 | H, H-J | |
Джинсты маталар | Жеңіл | 70-90 | H, H-J |
Орташа | 100-110 | H-J | |
Тығыз маталар | Жеңіл (микрофаза, жібек, тафта) | 60-80 | H-M |
Средние (саржа, брезент) | 100-110 | H-J | |
Трикотаж | Жіңішке | 60 | H, H-S |
Орташа | 70-80 | H-SUK | |
Дөрекі | 80-90 | H-SUK | |
Эластикалық материалдар (мысалы, жоғары эластикалық тоқыма жаймасынемесе лайкралы жайма) | Жіңішке | 65-70 | H-S |
Орташа | 80-90 | H-S |
Инелердің екі түрі болады:біреулік және екеулік (үшеулік). Қорапта және инеде көрсетілген сан иненің қалыңдығын білдіреді. Екеулік инелерде бірінші саны инелер арасындағы миллиметрлі арақашықтығын білдіреді,екінші саны ине қалыңдығы. Тігістің нашар сапасын төмендету үшін инелерді әр 10-12 сағатты тігістен соң немесе екі бұйым дайындап болғаннан соң ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар инені таңдағанда сол матаға арналған иненің номерін қолдануды ұмытпау қажет. Ереже бойынша жіңішке инелер мен жіптер жұқа маталарды тігуге,ал қалыңдау ине мен жіп ауыр маталарды тігуге қолданады.
Үстіңгі және астыңғы жіп бірдей болу керек.
Жіп номері мен мата түрлерінің өзара үйлесімділік кестесі.
Мата | жіптер | Ине номері | |||
Жеңіл | Крепдешин, вуаль. Батист, тонкая кисея, креп-жоржет, трико | Жіңішке жібекті, жіңішке мақталы, жіңішке синтетикалық , жіңішке полиэстерлі мақта. | 9(65) немесе 11 (75) | ||
Орташа | Зығыр, мақта, пике. Трикотаж, перкаль, саржа | Жібекті №50, мақталы №50-80, синтетикалық №50-60, полиэстерлі мақта | 11 (75) немесе14 (90) | ||
Ауыр | Тик, твид, габардин. Пальтолық, драпты, репс | Жібек №50, мақта №40-50, жіңішке синтетикалық, полиэстерлі мақта | 14 (90) немесе16 (110) |
Инелердің түрлері
| Универсалды ине– барлық маталар мен тоқымаларды тігуге арналған. Барлық түрлі тегіс табанды машиналар үшін қолдана береді. Өлшемі 8/60 -19/120 аралығында. |
| Microtex/Sharp инесі– микро талшықты маталарды (микрофибра) тігуге арналған арнайы ине. Бұл жаңа инемен жібек матасын тігуге болады. Бірақ тоқыма маталарын тігуге болмайды. Өлшемдері: 60, 70, 80 және 90. |
| Трикотажға арналған ине–дөрекі тоқыманы және сеткалы материалдарды тігуге арналған дөңгелектенген өткір ине. Өлшемі: 10/70-16/100. |
| Denimинесі- жуандау құлақты,өткір ұшты және мықты. Джинсты және аналогты ауыр тығыз маталарға арналаған. Өлшемі:10/70 - 18/110. |
| |
| Былғарыға арналған ине- былғары мен ауыр винилді тігуге арналған. Жібін согкеннен соң тесік қалдырады,сол үшін нақты сөгілмейтіндей етіп тігу қажет. Синтетикалық былғары мен замшты тігуге болмайды. Өлшемі: 12/80 - 18/110. |
| Стрейч инесі –қиын тігілетін тоқыманы (мысалы,спандекс) тігуге арналған арнайы ине. Өлшемі: 11/75 және 14/90. |
| Игла Overlock–өткір ұшты,барлық маталарды тігуге арналған. Өлшемі: BLX1 (2-11, 3-14) және DCX1 (2-11, 3-14). |
| Екеулік ине-екі инелі,бір планкада бекітілген. Тігін машинасында зигзаг тігісін орындайды. Ол бір уақытта екі тігіс тігеді,бұл әдемі декоративті тігісті үлкейтеді.Өлшемі: 1.6/80 - 8.0/100. |
| Екеулік Denim инесі -планкасында екі denim инесі орналасқан. Джинсалы матадағы Декоративті жұмыстарды орындауға арналған. Өлшемі : 4.0/100 |
| Ажурлы тігісті орындайтын екілік ине – планкасында екі ине,бір инесі қанатты,екіншісі әмбебап. Өлшем: 100. |
| Metallica екілік ине - metallicaекілік ине бір валда орналасқан. Металдық жіптермен декоративті жұмыстарды орындауға арналған. Өлшем: 2.0/80. |
| Стрейч екілік инесі –стрейч екілік ине тоқыма және эластикалық маталарды тігуге арналған. Өлшем: 2.5/75 және 4.0/75. |
Қорытынды
Бұл курстық жұмысымызда біз тігін кәсіпорындарында тігін машинасы туралы жалпы мәлімет, оның қандай тігісдер жасаудың жаңа әдістері мен жүйелерімен танысып, соның ішінде инелердің түрлері мен механизмдерімен таныстық.Сонымен әрбір тетіктің жұмыс жасау механизмдеріне зерттеу жүргізілді. Олардың әр материалға байланысты әртүрлі жұмыс принциптерімен таныстық. Сондай-ақ құрылысы мен техникалық сипаттамаларымен, олармен жұмыс істеу жолдарын және де қауіпсіздік ережелері мен әртүрлі жаңа үлгідегі машиналарды оқып білдік.
Қолданылған әдебиеттер.
-
В.В.Исаев «Оборудование швейных предприятий» М., 1989. -
Голубкова А.С., Филимоненкова Р.Н., Шайдарова М.А. и др. «Подготовительно-раскройное производство швейных предприятий». – Мн.: Выш.Шк.,2002 -
Ермакова А.С. «Оборудование швейных предприятий».- М.: Издательская центр «Академия»,2003 -
А.Оралбекова, С.Әбдіжаббарова. «Тігін өндірісінің жабдықтары». «Фолиант» баспасы,2011 -
Б.Р.Рысқұлова, М.Ж.Ералиева, Қ.А.Зұлхарнаева«Тігін технологиясы бойынша зертханалық практикум». Алматы 2011.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Миністрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
«Тоқыма материалдарының технологиясы» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: 97 А әмбебап машинасы мен 2302 класты машинасының жұмыс жасау механизімі.
Орындаған: Саламат М.Ә
Ермаханқызы Ж
Тобы: ТКШИ 10-11
Қабылдаған: Ниязбеков Б.Ж
Алматы 2013