Файл: асырнама мыжылдытар Осыдан 2530 мы жылдай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


V ғ. аяғына қарай Рим империясының жерiне басып кiрген франктер – Галлияда, остготтар – Италияда, ағылшын-сакстер Британия аралдарында өз мемлекеттерiн құрды.

V ғ. аяғынан бастап Шығыс Рим империясына солтүстiктен славян тайпалары қауiп төндiрдi.

V ғ. аяғында Гупта мемлекетiне ғұн-эфталиттер жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, Гуджарат аймағын басып алады.

V-VI ғғ. үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді домалақ екенін білді.

V–VI ғғ. аралығында Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстiк-Батыс Yндiстан және Шығыс Түркiстан жерiнде эфталит – ақ ғұндар тайпалық бiрлестiктерi құрылды.

V–VI ғғ. Бамиан ғибадатханасында Күн мен Ай құдайларының бейнесi, «Кiшi Будда» бейнесі салынған.

V–VI ғғ. Қытай мемлекетiнде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады.

V–VI ғғ. славян тайпалары Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балқан түбегiн жаулап алады.

V–VII ғғ. үндi философиясы дамыды.

VI ғ. аварлар қағанаты қалыптасты.

VI ғ. арабтар көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты.

VI ғ. аяғына қарай славян тайпалары Византия жерiне басып кiрiп, Фракияда, Македонияда орнығып алды.

VI ғ. аяғынан бастап Византия шiркеуiнiң ең жоғарғы басшысы Константинополь патриархы болды.

VI ғ. Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегi бiлiмнiң негiзiн құраған «жетi ерiктi өнердi» тривиум (грамматика, тiл өнерi, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екiге бөлдi.

VI ғ. Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабын шығыс славян тайпалары мекендеген.

VI ғ. оңтүстiк славяндар Днепр өзенiнiң бойынан Балқан түбегiне барған.

VI ғ. Орталық Еуропадағы славян тайпаларына аварлар шабуыл жасап, қазiргi Венгрия жерiндегi тайпаларды бағындырады.

VI ғ.аяғында Гупта мемлекетi құлады. Себептері: 1. эфталиттер шабуылы; 2. ішкi талас-тартыстар

VI-VII ғғ.Ямото тайпалық одағының атымен «Жапония» деген атау қалыптасқан. «Нихон» немесе «Ниппон» деген сөз «Күн шығатын ел» дегенді білдіреді.

VI–VII ғғ. Yндiстанда феодалдық қатынас толық үстемдiк ала бастады. Yндiстан жерiндегi Ганг және Үндi өзендерiнiң жағасында тұратын тайпалар бiрiгiп, мемлекет құруға бет алды.

VI–VIII ғғ. аралығында Қытайда сауда жедел дамыды.


VI–VIII ғғ. аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады

VI–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде натуралды шаруашылық үстемдiк құрды. Мұндай шаруашылық кезiнде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

VI–XVII ғғ. үндi сәулетшiлерi мен құрылысшылары көптеген сәулеттi сарайлар тұрғызды.

VII ғ. 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауiп төндiрдi. Арабтар Византиядан оның ең бай жерлерiн – Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны, Египеттi тартып алды.

VII ғ. 40жж бастап Африканың солт/гi мемлекеттердi арабтар жаулап алды.

VII ғ. 40жж Фустаттағы әл-Аса мешiтi салынған.

VII ғ. Араб халифаты құрылды.

VII ғ. аяғында Yндiстан мен Ауғанстанды арабтар жаулап алып, ислам дiнiн енгiзедi.

VII ғ. аяғында арабтар Византияның Солтүстiк Африкадағы жерлерiн тартып алды.

VII ғ. аяғында Византия василевстерiнiң қолында Юстиниан тұсындағы державаның 1/3 ғана қалды. Византия құл иеленушi империядан феодқ мем/ке айнала бастады.

VII ғ. дейiн Византияда латын тiлi мемлекеттiк тiл болды. Кейiн оны грек тiлi ығыстырды.

VII ғ.қарай Аксум өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты.

VII ғ. басынадейiн Лахмид патшалығы сасанилiк Иранға тәуелдi болды.

VII ғ. бас кезiнде Үндістанда Xарши (606–647) билiк басына келiп, iрi мемлекет құрды. Xарши мемлекетi Солтүстiк Yндiстан жерiн, Ганг өзенiнiң бойын, Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейiнгi жерлердi бағындырады.


VII ғ. Бельгия аумағында Брюгге («көпiр») деп аталған қала қалыптасты.

VII ғ. Ислам дiнiнiң өрлеп, христиан дiнiнiң дағдарысқа ұшырау кезеңi болды.

VII ғ. бастап Жапонияда орталық императорлық өкімет билiгi орнады.

VII ғ. басында Едiл бойында түрiк тайпаларының Болгар хандығы болған.

VII ғ. ортасына қарай Египеттiң халқы ислам дiнiн қабылдап, араб тiлiне көше бастады.

VII ғ. ортасында Xазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бiр бөлiгi Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстiк жағалауына өтiп кетедi.

VII–IX ғғ. Қытайда темiр өндiру ұсталық өнердiң күшеюiне әкелiп, темiрден шеге, кемелерге керектi зәкiр, ауыл шаруашылығына қажеттi құралдар шығарыла бастады.

VII–XII ғғ. Yндi жерiнде феодалдық қатынас тереңдей түстi.

VII–XVI ғғ. арасында араб саудагерлерiмен бiрге теңiзшiлер, Еуропа саудагерлерi теңiз, мұхит арқылы Yндiстанмен сауда жасап, көп пайда тапты.

VII–IX ғғ.аралығында Батыс және Оңтүстiк славян тайпаларында таптық қоғам жетiлiп, мемлекеттер құрылды.

VIII ғ. басынадейін арабтар жаулап алған жерлерінде жергілікті тәртіптерді қалдырып, христиандардың, иудейлердің, зороастрийліктердің діндеріне төзімділік көрсетіп, тиіспеді.

VIII ғ. «Әл-Китаб» (Кiтап) деген грамматика саласындағы атақты трактат (ғылыми шығарма) жазылды.

VIII ғ. Yндiстандағы Ұлы Моғол империясы ислам дiнiн енгiзедi.

VIII ғ. Африка құрлығының батысында Гана мемлекетi күшейе бастады.

VIII ғ. Кордова мешіті салынды.

VIII ғ.Мали қалыптасты.

VIII ғ.басында арабтар Солтүстік Африканың жағалауын өздеріне қаратты.

VIII ғ. ортасында Византия арабтарға қарсы күресте бiраз жеңiстерге жетiп, Сирияға басып кiрдi.

VIII ғ. аяғында Византияға тағы да бiр славян тайпасы – орыстардың шапқыншылығы басталды.

VIII–IX ғғ. Батыс славян тайпаларында өндiргiш күш жедел дамыды.

VIII–IX ғғ.Византияны иконға қарсы күрес әлсiреттi.

VIII-IX ғғ.да Франк мемлекетінде феодалдық поместье қалыптасып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қанат жайды.

VIII-X ғғ.халифат бiрнеше тәуелсiз мемлекеттерге ыдырап кеттi.

VIII–X ғғ. аралығында Қытайда бiлiм беру, оқу iсi дами бастады.

IX ғ. Кирилл мен Мефодий Ұлы Морав шiркеуiнде славян әлiппесiнiң ұлы үлгiсiн жасады.

IX ғ. орыстар кириллицаны қабылдады.

IX ғ. Чехия және Словакия жерiнде ежелгi феодалдық мемлекеттер құрылды.

IX ғ. Гана мемлекетi көшпелі берберлермен жиi соғысып отырды.


IX ғ. Араб халифатының әлсiреуiне байланысты Египет тәуелсiздiгiн алды. Оның аумағында Тулунилер, Фатимилер әулеттерi басқарған дербес мемлекеттер құрылды.

IX ғ. Британияда қоныстанған ағылшын-сакс тайпаларыныңжетi корольдiгі бiрiктi.

IX ғ. Киев Русi құрылды.

IX ғ.Сырдың орта және төменгi ағысында Оғыз мемлекетi құрылды.

IX ғ. Орта Азия ескерткiштерінiң көбi жай балшықтан құйылған.

IX ғ.Франктер империясы бөлiнiп, 3 корольдiк(Франция, Германия, Италия) п.б.

IX ғ. басында шығыс славян тайпалары екi мемлекеттiк одақ құрды: полян тайпаларының одағы және Ильмен көлiнiң маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы.

IX ғ. орт. Рим папасының билiгi әлсiрей бастады. Оның себебi папаны қолдап отыратын Франк империясының ыдырауы болды.

IX ғ. орт. Польша жерiнде тайпалар одақтарының iрi кiнәздiк бiрлiгi құрылды.

IX ғ. соңында Рюриктiң туысы Олег полян тайпасының астанасы Киевтi жаулап алады.

IX–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде жер иеленушiлер өздерiнiң меншiгiндегi жер мөлшерi, тәуелдi адамдары мен әскери қызметкерлерiнiң саны бойынша жiкке бөліндi.

IX–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде феодалдық құрылыстың негiзгi белгiлерi қалыптасты.

IX–X ғғ. Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылық болды.

IX–XII ғғ. Египеттегi философия, тарих ғылымдары зор табыстарға жеттi.

X ғ. Кiшi және Ұлы Польша тайпалары бiрiгiп, Польша мемлекетi құрылады.

X ғ. Ұлы Моравия мемлекетiнiң орнына Чех мемлекетi құрылды.

X ғ.басында Рим папасы мен Константинополь патриархы қайта татуласты.

X ғ. II жарт. Қытайда Тан әулетi ыдырап кеттi.

X ғ. аяғынан бастап әскери iспен айналысатын феодалдар рыцарьлар деп аталды.

X ғ. аяғынан бастап Британиядағы ағылшын-сакс тайпаларыныңжетi корольдiгінен құрылған бiрлестiк Англия деп аталды.

X ғ. соңында Солтүстiк Xорезм билеушiсi Мамун ибн-Мұхаммед елдi бiрiктiрiп, бiртұтас қуатты мемлекет құрады.

X–XI ғғ. Батыс және Орталық Еуропа мемлекеттерінде қалалар пайда болды.

X–XI ғғ. Германияда қалалар пайда болды.

X–XI ғғ. Батыс Еуропада қолөнер кәсiбi ауыл шаруашылығынан бөліндi.

X–XII ғғ. Византия империясындағы феодалдық қатынастар түпкiлiктi орнады.

X–XII ғғ. Польшаға немiс феодалдары үздiксiз шабуыл жасап отырды.

XI ғ. дейiн Батыс Еуропа елдерінде ел iшiндегi сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды.

XI ғ. қарай ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі артты. Мұның өзі қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуіне әкелді.


XI ғ. қарай Батыс және Орталық Еуропада қос танапты егiс үш танапты егiспен алмасты.

XI ғ. қарай Батыс және Орталық Еуропада орман азая түстi.

XI ғ. қарай Еуропа елдерiнде қалалар қатары өстi.

XI ғ. Англияны Нормандия герцогі Вильгельм басқарған француз-норман феодалдары жаулап алды.

XI ғ. Англия бiрлестiгi даниялықтардың үстемдiгiнен құтылды.

XI ғ. Батыс Еуропада құрылысшылары Ежелгi Римнiң сәулет өнерiнен көп үлгi алды.

XI ғ. Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды.

XI ғ. Германия корольдiгi (Қасиеттi Рим империясы)Бургундия корольдiгi мен Чехияның бiраз жерiн қосып алды.

XI ғ. Киев Русi Балтық теңiзi мен Қара теңiздiң, Днестр мен Едiлдiң аралығын алып жатты.

XI ғ. Киев Русі солтүстiк-батыста Ладога және Онега көлдерiнен оңтүстiкте Қара теңiз жағалауына дейiн, Дунай сағасына, Карпат бойынан Дон өзенiнiң бас жағына, Едiл өзенiне дейiнгi кең-байтақ жердi алып жатты.

XI ғ.Малидің билiктегі әулеті ислам дiнiн қабылдады.

XI ғ. Франция бiрнеше iрi феодалдық иелiктерге бөліндi. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтiктерi; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары.

XI ғ. Қарахан дәуiрiнде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың бiрi Жүсiп Баласағұни болды. Оның 1069ж. жазылған атақты шығармасы, XI ғ.ғы түрiк әдебиетiнiң ескерткiштерi қатарына жататын «Құтадғу бiлiк» – «Құт негiзi – бiлiк» поэмасы саясат, мемлекет басқару, әскери iс ж­нiндегi философиялық трактат б/п табылады.

XI ғ. қыпшақтар күшейiп, оғыздарды ығыстырды.

XI ғ. бастап Флоренция банкi iсiнiң, сауда мен қолөнер кәсiбiнiң маңызды орталығына айналды.

XI ғ. басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады. XI ғ. бастап салжұқтардың сұлтандары мұсылман әлемін біріктіруге тырысты.

XI ғ. басында Каир қаласында «Бiлiм үйi» ашылды.

XI ғ.басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түрікмен) тайпасының қайы руы Түрiк-Осман империясының негізін қалады.

XI ғ. 30-жж. ағайынды Тоғрыл-бек пен Чағрыл-бек бастаған салжұқтар Иранға қоныс аударды.

XI ғ. ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық бiртiндеп күшейе түседi.

XI ғ. II жартысынан бастап Батыс Еуропа елдерінде саяси бірігу құбылыстары байқала бастады. Бөлшектенген мемлекеттер біріктіріліп, король өкіметі күшейе түсті.

XI ғ. 70жж. Каирдегi ибн-Тулун мешiтi салынды.

XI ғ. аяғына қарай Ганаға Марокко сұлтандары шабуыл жасап, астанасын басып алды. Гана ислам дiнiн қабылдап, Мароккоға салық төлеп тұрды. Марокколықтардың Ганадағы үстемдiгi он жылдай уақытқа созылды.