Файл: Сынып сааты 7Б сыныбы Сынып жетекші Балтабекова А. А. Таырыбы Терроризм жне оны зардаптары Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Теміртау қаласы «№9 лицейі» КММ

«Терроризм және оның зардаптары»

сынып сағаты

7Б сыныбы

Сынып жетекші: Балтабекова А.А.

Тақырыбы: «Терроризм және оның зардаптары»
Мақсаты:
А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Жоспары:
1. Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.
2. Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.
Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
Олай болса балалар! Бүгін біз тәрбие сағатымызда халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы сөз қозғамақпыз.
Терроризм, экстремизм терминдеріне түсінік беріп өтсек
Терминдер

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге келеді.
Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін — дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.


Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез — келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90 — жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160 — тан асады.
І. Ой қозғау.

- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?


2. Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

А) Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?

Оқушылар өз ойларын айтады:
Діни секталардың таралуынан;
Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

 Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер: 

1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне  жеткізу керек.

2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.

3.Хабарлаған адамның ( ер,әйел) айтылған сөзін, дауысының мәнерін , (ашық, төмен тағы басқа) кекештігін толық есте сақтау

4.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу

5.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.

6.Байланыс кезінде қандай дауыстар болғанын (дауыстың көлікте,поезда тағы басқа) анықтап қалуға тырыс.

Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Экстремистердің қатарына сауаты төмен, нанғыш жастардың да тартылатынын еске алатын болсақ, ата - аналарды, бүкіл халықты экстремизм қаупінен сақтандырған жөн. Елімізде, жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үстем болсын. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек. Әр білім алушы сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосады екен. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!