Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1236

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


213


















  1. 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62


сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат қағайық.

Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.



Оқушылар мұғалімнің оқыған өлең жолдары мен іс-әрекетін қайталайды.


Қолдау






214



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар.

Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау







(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

1-тапсырма.

Оқулықтың 64-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың дұрыс, тұтас оқуына қолдау жасау.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Оқулық
Кеспе әріптер, буындар




2-тапсырма. Бағанда берілген сөздерге «ы» дыбысын жалғап оқуды қадағалау. Өзгеріске түскен дыбысты анықтау, дыбыстық талдау жасау.
тарақ – тарағы тауық – тауығы моншақ – моншағы

  1. Сөздің соңына «ы» дыбысын жалғап, «қ» дыбысының «ғ» дыбысына өзгеруіне назар аударып оқиды. Өзгеру себебін түсіндіреді.

  2. Оқыған сөздердегі «ғ» әрпінің орналасу орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.


Бағыт беріп отыру.

Суреттер Оқулық





Жазылым

3-тапсырма.

Сызба бойынша сөздерден сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерін дәптерге көшіріп жазу.
.

Талғат шаңғы алды. Ағам шалғы тартты.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Оқулықта жазуға берілген тапсырманы дәптерге көшіріп жазады.


Сөздерді сызбаға сәйкес дұрыс орналастырып, оқуда жәрдемдесу.



Сызба, оқулық Жазу дәптері



215









3. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.




4-тапсырма.

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу.




  1. Сөйлемдерді ретімен орналастырып мәтін құрап оқиды: Қарлығаш – құс. Қарлығаш адамды қатерден сақтайды. Ол адамға дос.

  2. Сөйлем санын анықтайды.

  3. «Ғ» дыбысы кездесетін сөзге дыбыстық талдау жасайды.


Мақтау
Қолдау көрсету

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Буындардан сөздер құрап, оқы (соғым, сағым, сағыз, тоғыз, тоғай). Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Сөздерден сөйлемдер құра.

  1. деңгей:

Сөйлемдермен шағын мәтін құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар буындардан сөздер құрап, оқиды. «Ғ» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

2-деңгейдегі оқушылар құраған жаңа сөздерден сөйлемдер құрайды. 3-деңгейдегі оқушылар құраған сөйлемдерден шағын мәтін

құрайды.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Саралау тапсырмалары




Рефлексия



Сабақта өзіне қызықты, қиналған, түсініксіз болған тұстарын жазып береді.




Паровоз тақтасы


  1. 216


сабақ

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Үндемес» ойыны.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушылар біртіндеп үстел үстіндегі ойынды бейнелейтін суретті алады. Алған суретті бір-біріне көрсетпеуі керек. Сосын сол суреттегі ойынды қимылмен

көрсетеді.



Басқа оқушылар ойынның атауын, қай жыл мезгілінде ойналатынын айтуы қажет. Тапқан оқушы ойынды жалғастырады.


Қолдау



Суреттер

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ж ж» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны

дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау






217
























«Ж ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ж ж» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.







Суреттер, оқулық

(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.





  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «жалау» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ж» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Ермексаздан «ж» әрпін жасау.




  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Тауда шаңғы жарысы өтті. Балалар шаңғымен сырғанады. Мәредегі жалауға Жарас бірінші болып жетті».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Мәредегі жалауға Жарас бірінші болып жетті.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «жалау» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «жа-лау» деп буынға бөледі.

  5. «Жа-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  6. «Ж» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  7. Ермексаздан «ж» әрпінің сұлбасын жасайды.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Сызба










Ермексаз

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

1. Оқулықтың 65-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.


1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға


Оқушыларға әріптің сұлбасын жасауда қажет болған жағдайда

көмек беру.


Сызба, оқулық