ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2956
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогика мен психология әдіснамасы - осы саладағы теориялардың негіздері мен құрылымдары, зерделенетін құбылыстарға керек тұғырлар, тұлғалық сапаларды қалыптастыру туралы білімдер жүйесі. Зерттеу барысындағы негізгі талаптардың бірі – оның әдіснамалық тұрғыдан толыққандылығы мен жеткіліктілігі, яғни әдіснамалық талдаудың түрлі типтері мен деңгейлерін қолдану.
Әдіснамалық мәселелерді ғалым В.И. Загвязинский шартты түрде 5 топқа бөледі: жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке әдіснамалық мәселелер; зерттеудің әдістерін үйрену, бағалау, пайдалану және жетілдіру мәселелері; педагогикадағы тұжырымдамаларды сынауға қатысты мәселелер.
Педагогиканың жалпы әдіснамалық мәселелері М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, В.Е. Гмурман, Т.А. Ильина, Ф.Ф. Королев, В.С. Шубинский және т.б ғалымдар еңбектерінде зерделенді. Тәрбие теориясының әдіснамалық мәселелері Б.П. Битинас, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев және т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылды. Дидактиканың әдіснамалық мәселелері Л.В. Занков, В.В.Краевский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б еңбектерінде көрініс тапты.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін зерттейтін ғылымның бөлімі.
Педагогика ғылымының әдіснамасының мәні және мәртебесі нақтыланды (4-cурет. Педагогика әдіснамасы).
Педагогика әдіснамасы ғылымның философиясымен, ғылымның әдіснамасымен, ғылымның парадигмасымен тығыз байланыста жүйеленеді. Өйткені педагогика әдіснамасы саласындағы ізденістер ғылым әдіснамасы жетістіктеріне негізделіп жүргізіледі. Педагогикалық құбылыстарды диалектика тұрғысынан зерттеу олардың сапалық ерекшеліктерін анықтауға, басқа әлеуметтік құбылыстар және үдерістермен тығыз байланыста зерделеуге қолайлы жағдай жасайды. Осы уақытта ғылымдардың даму келешегін анықтауда әдіснаманың рөлі барған сайын арта түсуде.
4 суретті әкелу керек.
1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;
2) педагогика әдіснамасының міндеті - педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педаго-гикалық сананы сақтау, қалыптастыру;
3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы. Бірінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама-қайшылықтарына мән беру керек, анық-талған қарама-қайшылықтан зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін сәйкессіздіктерді нақтылау арқылы негіздеу. Екінші ереже: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйе-нің интеграциясымен, педагогикалық білім мен үдерістің бірлігін, жүйелілігін ескеру арқылы қойылуы және шешілуі керек. Үшінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайы болмысты, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелерін немесе әдістерін қолдануды қажет етеді.
В.С. Степиннің пайымдауынша, ғылым дамуы әдіснаманың сол кезеңге сай сипаттамасы мен түрлерін анықтайды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі(XVII ғ.–ХХ ғ. басы) ғалымдардың нысанның мәнін тану құралынсыз танымды жүзеге асыруға болады деген сенімділігі-мен байланысты болды, негізінен зерттеу нысанына басты назар ауда-рылды. Классикалық емес кезең(ХХ ғ. басы және ХХ ғасырдың 60-жылдары) – нысанды зерттеу нәтижесінде алынған білім таным құра-лына қатысты болатынын ғалымдар басшылыққа алды. Неоклас-сикалық кезеңнемесе классикалық еместен кейінгі кезең(ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап) нысанды зерттеуге бағытталған пәндік-тәжірибелік іс-әрекет нәтижесінде алынған білім тек қана та-ным құралына ғана емес, субъектінің дүниетанымына, құндылықтары мен нормаларына да қатыстылығын түсіндірумен байланысты еді. Бұл соңғы жылдардағы әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі, ғылыми ізденісте осыны басшылыққа алу керек болды.
В.В. Краевский педагогика әдіснамасының даму тарихын ғылым дамуының кезеңдерімен сәйкестендіру мәселесін қарастырды. Ол М.А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы педаго-гика ғылымы дамуының «классикалық» кезеңіне сәйкес келетінін көр-сетті. Педагогика әдіснамасын әдіснамалық іс-әрекет ретінде қарас-тыру ғылым дамуының «классикалық емес» кезеңіне сай келеді (В.В. Краевский, 1977 ж.). Сондай-ақ, Е.В. Бережнованың (2003 ж.) еңбегін-дегі педагогика әдіснамасының мағынасы педагогиканың дамуының неоклассикалық кезеңіне
сәйкес деп пайымдады. ХХ ғасырда және ХХІ ғасыр басында жеке ғылыми бағыт ретінде педагогика әдіснамасы дамуының іргелі негіздері қаланды.
(5-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері). 96 беттен әкелу керек.
Педагогиканы әдіснамалау үдерісінің бірінші кезеңі 1960 жыл-дардың соңы мен 1970 жылдардың басындапәндік зерттеу аймағын аша түсу, педагогикалық әдіснаманың құрылымы мен қызметтерін айқындау, педагогика мен философияның өзара байланысының тиімді әдістерін анықтаумен сипатталады.
Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрдің қалыптасу үдерісінің екінші кезеңі 1980-1990 жылдар педагогикалық зерттеулердің әдісна-малық мәселелерінің кеңею үдерісі ретінде оның түрлі бағыттарда да-муымен сипатталады.
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер генезисін талдау, оның бүкіл кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне бірі қарама-қайшы болып та келген: философиялық-педагогикалық (М.А. Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылық-тың философиялық рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту, тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педа-гогиканың пәндік емес аймағында жатқан бұл үдерістердің интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және іс-әрекеттік-педагогикалық(В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік құрамы мен ғы-лыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет байланыс-тарын ашу.
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да авторлардың еңбегінде сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелі-лік тұғырмен және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды. Дәл осы әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып табылды.
Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы) педагогика ғылымы мен тәжірибесін дамыту үдерісін талдауда ғалым-дар әдіснамалық сипаттағы мәселелерге қайта көңіл бөле бастады. Бұл бірнеше себептерге байланысты:
3 тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
3.1.Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу.Олардыңбіріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану.Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп зерделенуі, ғылымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Педагогикалық зерттеудің түрлері. Педагогика саласын-дағы зерттеулер деп педагогикалық үдерістің заңдылықтары, оның құ-рылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері ту-ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үде-рісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғы-лыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі.

-
Педагогика әдіснамасының даму тарихы.Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама-қайшылық - педагогикалық шынайы болмыс пен педагогика әдіснамасы арасындағы сәйкессіздік. Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін ғалымдар педагогикалық құбы-лыстардың дамуы заңдылығында көрініс табатын зерттеу әдістерін құрастыру; педагогикалық болмысты қайта құру әдістерін іздестіру және жүйелеуді ұсынады. Педагогика әдіснамасының даму үрдістерібылайша аталады:
1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;
2) педагогика әдіснамасының міндеті - педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педаго-гикалық сананы сақтау, қалыптастыру;
3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы. Бірінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама-қайшылықтарына мән беру керек, анық-талған қарама-қайшылықтан зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін сәйкессіздіктерді нақтылау арқылы негіздеу. Екінші ереже: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйе-нің интеграциясымен, педагогикалық білім мен үдерістің бірлігін, жүйелілігін ескеру арқылы қойылуы және шешілуі керек. Үшінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайы болмысты, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелерін немесе әдістерін қолдануды қажет етеді.
В.С. Степиннің пайымдауынша, ғылым дамуы әдіснаманың сол кезеңге сай сипаттамасы мен түрлерін анықтайды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі(XVII ғ.–ХХ ғ. басы) ғалымдардың нысанның мәнін тану құралынсыз танымды жүзеге асыруға болады деген сенімділігі-мен байланысты болды, негізінен зерттеу нысанына басты назар ауда-рылды. Классикалық емес кезең(ХХ ғ. басы және ХХ ғасырдың 60-жылдары) – нысанды зерттеу нәтижесінде алынған білім таным құра-лына қатысты болатынын ғалымдар басшылыққа алды. Неоклас-сикалық кезеңнемесе классикалық еместен кейінгі кезең(ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап) нысанды зерттеуге бағытталған пәндік-тәжірибелік іс-әрекет нәтижесінде алынған білім тек қана та-ным құралына ғана емес, субъектінің дүниетанымына, құндылықтары мен нормаларына да қатыстылығын түсіндірумен байланысты еді. Бұл соңғы жылдардағы әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі, ғылыми ізденісте осыны басшылыққа алу керек болды.
В.В. Краевский педагогика әдіснамасының даму тарихын ғылым дамуының кезеңдерімен сәйкестендіру мәселесін қарастырды. Ол М.А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы педаго-гика ғылымы дамуының «классикалық» кезеңіне сәйкес келетінін көр-сетті. Педагогика әдіснамасын әдіснамалық іс-әрекет ретінде қарас-тыру ғылым дамуының «классикалық емес» кезеңіне сай келеді (В.В. Краевский, 1977 ж.). Сондай-ақ, Е.В. Бережнованың (2003 ж.) еңбегін-дегі педагогика әдіснамасының мағынасы педагогиканың дамуының неоклассикалық кезеңіне
сәйкес деп пайымдады. ХХ ғасырда және ХХІ ғасыр басында жеке ғылыми бағыт ретінде педагогика әдіснамасы дамуының іргелі негіздері қаланды.
(5-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері). 96 беттен әкелу керек.
Педагогиканы әдіснамалау үдерісінің бірінші кезеңі 1960 жыл-дардың соңы мен 1970 жылдардың басындапәндік зерттеу аймағын аша түсу, педагогикалық әдіснаманың құрылымы мен қызметтерін айқындау, педагогика мен философияның өзара байланысының тиімді әдістерін анықтаумен сипатталады.
Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрдің қалыптасу үдерісінің екінші кезеңі 1980-1990 жылдар педагогикалық зерттеулердің әдісна-малық мәселелерінің кеңею үдерісі ретінде оның түрлі бағыттарда да-муымен сипатталады.
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер генезисін талдау, оның бүкіл кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне бірі қарама-қайшы болып та келген: философиялық-педагогикалық (М.А. Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылық-тың философиялық рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту, тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педа-гогиканың пәндік емес аймағында жатқан бұл үдерістердің интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және іс-әрекеттік-педагогикалық(В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік құрамы мен ғы-лыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет байланыс-тарын ашу.
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да авторлардың еңбегінде сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелі-лік тұғырмен және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды. Дәл осы әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып табылды.
Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы) педагогика ғылымы мен тәжірибесін дамыту үдерісін талдауда ғалым-дар әдіснамалық сипаттағы мәселелерге қайта көңіл бөле бастады. Бұл бірнеше себептерге байланысты:
-
«жаңа педагогика», «тәуекел педагогикасы» және «жазалаусыз педагогика» қалыптасуының әдіснамалық негіздерін табу және мәнін ашу қажеттілігі; -
ғылыми ізденісте қолданылып жүрген ғылымда пайда болған жаңа тұғырлар, ұстанымдар мен әдістердің эвристикалық әлеуетін нақ-тылауға талпыну және ХХ ғасырдың соңында педагогикалық тәжі-рибеде пайда болған білім беру инновациясы барысында педагогика-лық шындықтың қайта құрылу жолдарын түсіндіру.