Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2938

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әлеумет – адамды қалыптастыратын орта; адам-ның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен ме-кемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты ортасы; кеңістік – заттық, мәдени, рухани - өз белсенділігін жүзеге асырады. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылық-тарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетін-ше қоғамда жүзеге асыруы.

Әлеуметтік тәрбие – әлеуметтендірудің негізі.Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, яғни адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеу-меттік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарас-тыру қажет.

Бұл тақырыпта мынадай мәселелер әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан; әлеуметтік институттар және оның субьектісі ре-тіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі қарастырылады:

  1. әлеуметтік тәрбиенің мағынасы – баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге, ең алдымен, бірінші орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптасты-руға бағытталады.

  2. әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағым-дар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХIХ ғасырдың соңында ғана қоғам оны қабылда-ды. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік тәрбие тү-рінде дами бастады.

  3. әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жо-лын қарастыруға болады.

Әлеуметтік тәрбие (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский т.б.) ба-ғытын қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге асыратын мемлекет және мектеп. Олар қоғамдық өмірді және мемле-кетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оны қоғамды өзгерту құралына айналдырады. Мә-дениетті және тәрбиелі ұрпақ, өзі өмір сүріп отырған қоғамды жағым-ды даму бағытына өзгертеді. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:

  • білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қыз-меті арқылы жүзеге асырады;

- оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмі-рін ұйымдастыруы;

- әлеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылар-дың еркін қарым-қатынастары.


Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылар-дың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлға-лық сапалары жетілдіріледі.

Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрле-рін ұйымдастырады:

- мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;

- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ор-тамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;

  • педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығарма-шылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындар-да жүргізу: шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында.

Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие - әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп та-ныды (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский және т.б.). Әлеуметтік тәр-биенің негізгі міндеті - әлеуметтік белсенділікті дамыту, әлеуметтік әрекетті түсіну, ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.

Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жал-пы факторлары жеткілікті түрде талданды. А.В.Мудрик факторларды бөліп қарастырады:

- мегафакторлар-ғарыш, ғаламшар,

- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;

-мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылық-ты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;

- микрофакторлар - отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар, топтар, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.

Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. ЮНЕСКО-ның генералдық директоры Федерико Майор 1998 жылы «ЮНЕСКО-ның әлемдегі білім жағдайы жөніндегі ІҮ есебінде» әлемнің болашаққа деген үміті бүгінгі күннің жастары келе жатқан ғасырды қаншалықты дайындықпен қарсы алуына байланысты екеніне тоқтала отырып, ке-лер ХХІ ғасыр алдындағы жастар білімі ресурстар мен біздің қолдауы-мызды әлі ешқашанда мұншалықты қажет етпегені, жалпыға бірдей келешек алдында тәрбиешілеріміздің маңызы әлі күнге дейін тап қазір-гідей артпап еді деп тәрбиеленуші мен тәрбиешілердің өзара бірлескен үдерісіне аса мән береді.



Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына сай тұлға - өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам.Бүгінгі даму үдерісінде тұлғаны әлеуметтендіру негізгі орын алады, әлеуметтендіру ұғымы бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсі-нуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін - өзі ұстау дағдысына үйре-тетін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы. Әлеуметтену ұғымыдәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым.

И.П.Подласый әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа көшіп жүретін баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ тәрбиелік пікірге жол көрсету.
4.10. Кәсіптік бағдар жұмысының ерекшеліктері.Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей, болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз-мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасар-лары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психо-лог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушы-лардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүние-сінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ мамандық таңдауға ық-пал ету, көмектесу.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдісте-месі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.

Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анық-тауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-пе-дагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған маман-дықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, бола-шақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қа-рай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.


Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадайқұрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.

Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға қоғамда қалыптасқан мамандықтар жүйесімен таныстыра отырып, олардың әлеуметтік-эко-номикалық ерекшеліктері туралы талаптармен таныстырылуы тиіс. Мектеп пен ата-аналар бірлесе келе, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың олардың мінез құлқын зерделей отырып, жастардың таңдаған кәсібіне жарам-дылығын белгілі әдістер арқылы тексеруі көзделеді. Жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құн-дылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.

Кәсіби кеңес арнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер, сала мамандары) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптар-мен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.

Кәсіби таңдау жеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті маман-дықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге қоятын талаптарына сай болуы.

Кәсіби бейімділік мектеп түлегінің кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандық-тың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.Кәсіптік бағдар жұмысында тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы негізгі орын алады. Егер мектепте тұлғаның оқушылардың жас ерекшелік-теріне сай, кәсіби таңдауы дұрыс қалыптасса оның өмір жолын айқын-даудың негізі қалыптасты деп тұжырымдауға болады. Мектептің әр са-тысына қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі сала-дағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.

Бұлретте тәрбиенің ұстанымдары: теория мен практиканың, ғылым мен білімнің, адам мен табиғаттың бірлігі, еңбекке деген сүйіспеншілік, өзін -өзі дамыту, жетілдіру негізінде дамиды.

Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша сынып жетекшілері мен педагогтардың негізгі қызметтері:

- оқушы қызығушылығын, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның мораль-дық сапасын және бағытын айқындау;

- кәсібилік туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) бағытын анықтау;


- оқушының кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеру;

- кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтермен, мамандықтармен таныстыру;

- әрбір кәсіптің қажеттілігі туралы түсініктемелер жүргізу;

- республика мен аймақтағы еңбек сіңірген адамдарымен та-ныстыру;

- белгілі бір кәсіп және мамандық талап ететін білім, іскерлік, дағ-дыны сипаттау;

- жаңа техника мен технологияға байланысты кәсіптің сипаты-ның өзгерулерімен таныстыру.

Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, кәсіптік бағдар мектептің барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс жұмыстарда басты орын алуы қажет. Бастауыш сыныптардан ба-ланы мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдары-нан бастапжүргізу, оқу-тәрбие үдерісінде мамандық таңдау мотивте-рін қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет.

Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үдеріс. Мектепті бі-тірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті бі-реуін таңдау міндеті түр. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға бағыт-бағдар беру керек.

Оқушыларға кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу дәрістері, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кә-сіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырып-тық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе кітапханаларда орналасқан кәсіп таңдау бұрышы.

Кәсіптік бағдар әдістері оқушыны зерттеу мақсатында педагоги-калық бақылауды, іс - әрекет қорытындысын оның анкеталық, интер-вью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық экспери-менттер, психологиялық тестілерді қолданылады.

Мектептегі оқу - тәрбие үдерісінде негізі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу арқылы тұлғаның қандай мамандыққа бейім екенін айқындау үшін диагностика әдісін жүргізу ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Әр оқушыны бақылау әдісі арқылы оның бойындағы темпераментке, іс- әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттін, ішкі жан дүниесінің сұранысын нақтылау үшін және ар-найы мамандар арқылы медициналық диагностика әдісі жүргізіледі. Сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен, мектептің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, психологтар-мен бірлесе отырып сауалнамалар жүргізу арқылы, яғни қандай маман-дықтар сізді қызықтырады, болашақта қандай маман болар едіңіз, елі-міздің әлемдік білім көшіне еркін араласу үшін қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз, елімізді өркендету үшін қазіргі таңда қандай ма-мандықтарды жетілдіру қажет деп тұлғаның бейімділігін айқындай алады. Диагностикалық әдісті қолдану арқылы оқушының мамандық таңдауда қателіктерін