Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2946

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
алды ала болжау, болдырмауға мүмкіндік туады.

Мектептерде оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмысында әдісте-мелік жүйе толығымен қамтылады. Бірінші, пән сабақтарының мүмкін-діктері, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, құзыреттілігі, екінші тәрбие және сынып сағаттары, мектептегі жүргізілетін оқу- тәрбие ша-ралары ерекше орын алады. Мектептерде кәсіптік бағдар беруге байла-нысты мектепшілік кәсіби бағдар беру жоспары, сыныпта кәсіби бағ-дар беру бағдарламасы, кітапханаларда кәсіби бағдар беруге байланыс-ты бұрыш, көрмелер ұйымдастырылады және білім беру мекемелермен тікелей байланыста жұмыс бағыттарын айқындайтын іс- шаралар жос-пары дайындалады.

Арнайы кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардың білім беру ме-кемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс - шаралары оқушының болашақ кәсіп таңдауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғалім-дерімен, білім беру ұйымдары қызметкерлерімен, оқу орындарымен көптеген өндіріс орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағ-дар беру формалары арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөнгелек үстелдерге қатысу оқушының болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдауда отбасында ата - ана, ата –әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби династиялық жалғастығы да әсер етеді.

Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпарат-тық жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегі орта кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таң-дауға ықпалы зор. Интернет жүйесінде кез келген оқу орындары тура-лы мәліметтер оқу орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол маман-дықтарға білім беретін профессор - оқытушылар құрамы, мамандық-тардың керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеу-меттендіруге байланысты іс - шаралар, оқу орнының әлемдік білім ме-кемелерімен байланыс т.б. жан - жақты ақпараттандырылған. Мек-тептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті кәсіби маман-дармен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі жұмыс болып табы-лады.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:


    1. Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі дегенді қалай түсінесіз?

    2. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігіне тоқталыңыз.

    3. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері қандай?

  1. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тәрбиелік кеңістік – оқушыны әлеуметтендіру факторына талдау жасаңыз.



5 -тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ


    1. . Тәрбие әдістері жайлы түсінік.Педагогикада әдістер жүйесі туралы әр түрлі пікірлер орын алып келді. Ғалымдар «Әдіс де-геніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен рухани- адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы»,- деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарында тәр-бие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қа-сиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең ал-дымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қа-лыптасады. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оны оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуын қарастыру қажет.

Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақ-саттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тә-сілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбие-ленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.

Педагогикалық үдерісте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалып-тасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжі-рибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.


5.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйым-дастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырады. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық үдерістегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педа-гогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптас-тыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.

Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы ке-летін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын ке-шенді түрде жүргізеді. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады. Cендіру әдісі - балаларды иландыру керек, кейбір нәрселерді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. Н.И.Болдырев: «Сендіру дегені-міз - тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жағымсыз қылықтарынан арылтып, жағымды моральдық санасын қалыптастыру мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбие-ленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптастырады» - деп көрсетеді.

Сендіру барысында тәрбиеші оқушылар бойында әлеуметтік жә-не адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қа-лыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес, сонымен бірге таңдап алынған әдіске байланысты. Иландыру материалдары дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында оқушы өз пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады.

Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады.

Жағымды өнеге көрсету әдісінің негізінде еліктеу жатыр. Еліктеу жоғары мұратқа қол жеткізетін жаңа іс-әрекет қалып-тастырады. Еліктеу арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қа-лыптары мен қоғамдық әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесіне, сана-сезіміне қа-рай еліктеу әрекеті өзгеріске ұшырайды.


Жаттықтыру әдісі. Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет.

Жаттықтыру әдісі – тұлғаның бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру.

Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп баға-лай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қа-рама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал.

Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбие-лейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн.

Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік ма-ңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орын-дату құралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмы-сын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Әңгімелеу - оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу барысында қолданылады. Әңгіме әдісіне белгілі талаптар қойылады: қисынды, бірізді, дәлелді баяндау; нақ-ты, бейнелі көтеріңкі көңіл-күймен әңгімелеу; оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, әңгімелеу ұзақтығы бастауыш сыныпта 10 минут, жоғары сыныптарда 30 минуттан аспауы тиіс.


Егерде әңгімелеу барысында оқушылардың түсінігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған жағдайда, оларға түсіндіру әдісі арқылы заң-дылықтар мен принциптерді, ереже мен тәртіпті сақтаудың маңызын көрсету керек. Тәрбиеші жеке тұлғаның санасын, олардың жас ерек-шеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді. Тү-сіндіру әдісін түрлі үлгілі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып бекі-туде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады.

Әңгімелесу - оқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай та-қырыптарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсе, сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптастыру. Жеке әңгімелесу көбінесе тәртіп бұзу, оқушылар арасында қайшылықтар туған сәтте қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін алдын ала жоспар құрылып, белгілі жүйемен жүргізілуі тиіс.

Әңгімелеу мен әңгімелесу әдістері танымдық дәріс әдісіне дая-рлайды. Мектептегі дәріс көбіне әңгімеге жақын бола тұрып, ақпа-раттық-танымдық көлемі жағынан, қисынды құрылымы, дәлелді, жал-пы қорытынды жасау және ұзақтығымен ерекшеленеді. Дәріс көбінесе жоғары сыныптарда, оқу орындарында қолданылады. Дәріс жүйелі ау-қымды түрде әлеуметтік-саяси, адамгершілік, эстетикалық және басқа да тәрбие түрлерінде, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмы-сында кеңінен қолданылады. Пікірталас - әдісі оқушылардың таным-дық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушы-лардың назарын түрлі көкейтесті мәселеге аударып, оны ойланып не-гіздеуге бағыттайды. Сонымен бірге оқушылардың кейбір құбылыстар жайлы пікірін негіздеуіне мүмкіндік береді.Пікірталас әдісін ұйым-дастыру үшін талқыланатын мәселеге міндетті түрде екі түрлі қайшы пікір болуы абзал. Пікірталас нәтижесінде мұғалім тұжырымды қоры-тынды жасауы тиіс.

Тәрбие әдістерінің Г.А.Щукина жасаған жіктемесі кешенді си-патқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдіс-темелік жағын қарастырады. Осыған орай, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері – сендіру (әң-гімелеу, түсіндіру, түсініктеме беру, дәріс, этикалық әңгіме, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, үлгі көрсету).

Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптас-тыратын әдістер